Бухгалтерлік есептің 28 "Материалдық емес активтерді есепке алу" Ережесін (стандартын) бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қаржы министрлігі 1999 жылғы 10 қыркүйек N 490. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 18 қазанда тіркелді. Тіркеу N 935. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N  217  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Бұйырамын: 
      1. Бухгалтерлік есептің 28 "Материалдық емес активтерді есепке алу" ережесі (стандарты) (бұдан әрі - Ереже (стандарт)) бекітілсін.
      1) Ереже (стандарт) материалдық емес активтерді есепке алу әдістемесін айқындайды;
      2) Ереже (стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Ереженің (стандарттың) заңдарда белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қаржы бірінші вице-Министрі Ж.Ж. Ертілесоваға жүктелсін.     

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің орынбасары-
     қаржы Министрі

      

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 
1999 жылғы 10.09. N 490
бұйрығымен бекітілген 

   Материалдық емес активтердің есебі
 28-ші бухгалтерлік есеп Ережесі (стандарты)

       Ескерту: Стандарттың бүкiл мәтiнi бойынша "субъектiлерге", "субъект", "субъектiнiң", "субъектiлердiң", "субъектiдегi", "субъектiнiң өзi" деген сөздер "ұйымдарға", "ұйым", "ұйымның" "ұйымдардың", "ұйымдағы", "ұйымның өзi" деген сөздермен ауыстырыл - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .

1 Тарау. Мақсаты мен қызмет ауқымы

      1. Бұл Ереженiң /стандарттың/ мақсаты материалдық емес активтердiң есебiнiң әдiстемесiн анықтау болып табылады.

      2. Бұл Ереже /стандарт/ мыналарға қолданылмайды:
      1) /"Корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп жүргiзу" 11-БЕС/ келешек кезеңдердiң салық активтерiне;
      2) "Жалға беру есебi" 17-БЕС сәйкес есептелетiн жалға беру түрлерiне;
      3) ұйымдарды бiрiктiру кезiнде пайда болатын гудвиллге;
      4) материалдық емес активтердi тану талаптарына жауап бермейтiн тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындарына;
      5) қаржы құралдарына;
      6) /"Мұнай-газ өндiру қызметiнiң есебi мен есепкерлiгi" 20-БЕС/ минералдық ресурстарды, мұнайды, табиғи газды және осылар сияқты қайта қалпына келмейтiн ресурстарды геологиялық-барлау құқтары мен шығындарына.
       Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .

  2 Тарау. Анықтамалар

      3. Материалдық емес активтер - дайын өнiмдi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуде немесе өндiрiсте, әкiмшiлiк мақсаттарға және өзге ұйымдарға жалға өткiзуде ұзақ уақыт бойы пайдалануға (бiр жылдан аса) арналған физикалық мәнi жоқ, ақша емес активтер, оларды: 
      1) анықтауға болады; 
      2) ұйым *  бақылайды; және 
      3) пайдаланудан ұйым келешекте пайда күтедi.
       Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .
       

      4. Ақша активтерi - бұл тiркелген немесе анықталатын ақша сомасы түрiнде алуға арналған ақшалар мен активтер. 

      5. Амортизация - бұл материалдық емес активтердiң амортизацияланатын сомасын пайдалы қызмет мерзiмi бойына жүйелi бөлу. 

      6. Амортизацияланатын сома - бұл активтiң бастапқы құнынан оның жойылу құнын шегергенде.
       Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен

      7. Пайдалы қызмет мерзiмi: 
      1) ұйымның активтi пайдалануы мүмкiн уақыт мерзiмi; немесе 
      2) ұйым активтi пайдаланудан өнiм бiрлiгiнiң санын немесе соған ұқсас өлшем бiрлiгiнің санын алуды жоспарлауы. 
______________ 
       *  Сілтеме алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558  бұйрығымен .

      8. Бастапқы құны - бұл материалдық емес активтерді сатып алу және жасау кезiнде төленген ақшалар сомасы немесе олардың эквиваленттерi, немесе басқа да өтемдердiң ағымдағы бағадағы құны.

      9. Баланстық құн - бұл қаржы есебiнде көрсетiлетiн бастапқы құн мен жинақталған амортизация арасындағы айырма ретiнде анықталатын материалдық емес актив сомасы.

      10. Жою құны - бұл өткiзу жөнiндегi болжамды шығындарды шығарып тастағаннан кейiнгi оның пайдалы қызметiнің соңында ұйымның материалдық емес активтер үшiн алуы мүмкiн сомасы.

      11. Өткiзу құны - бұл құн, хабардар және жүргiзуге дайын тәуелсiз жақтар арасында материалдық емес активтердi ауыстыру мүмкiндiгiнiң болуы.

      12. Егер келесi шарттар болған жағдайда ғана рынок белсендi деп есептеледi:
      1) рынокта сатылатын тауарлар бiртектi;
      2) мiндеттi түрде, кез келген уақытта мәмілеге шығуға ынталы
сатушылар мен сатып алушыларды табуға болады;
      3) сатылатын мұндай тауарлардың бағасы халыққа өтiмдi /жарияланып отыр/.

  3 Тарау. Материалдық емес активтерді тану және
бастапқы талдау

      13. Материалдық емес бап материалдық емес актив ретiнде
танылады, егер ол:
      1) материалдық емес актив анықтамасына сәйкес келсе (2-шi тараудың 3-шi тармақшасына қара); және
      2) материалдық емес активтердi тану талаптарына жауап берсе (3-шi тараудың 14-шi тармақшасына қара).

      14. Материалдық емес актив актив ретiнде танылады /есепте тiркеледi/, егер:
      1) тiкелей осы активпен байланысты ұйымның келешекте экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса; және 
      2) активтің құнын сенiмдi түрде анықтау мүмкiндiгi болса.

      15. Материалдық емес актив тану сәтiнде бастапқы құны бойынша бағаланады.

       Келешектегi мүмкін экономикалық пайда
      16. Тiкелей осы материалдық емес активпен байланысты экономикалық пайда мынадай жағдайда алынады, егер:
      1) келешек экономикалық пайданы ұлғайтуда материалдық емес активтiң ролi анықталған болса;
      2) осы активтi пайдалануға ұйымның қабiлетi мен ниетi бар болса; 
      3) ұйымның келешекте күтiлетiн экономикалық пайда алуына, тиiстi техникалық, қаржы және өзге ресурстары бар болса.
      17. Ұйым келешек экономикалық пайданы алу ықтималдығын негiзделген және расталған басшылықтың мүмкiн болатын жақындатылған бағасын бiлдiретiн болжамдарды пайдалана отырып активтiң пайдалы қызметi бойынша болатын экономикалық жағдайларының жөнiн бағалайды. Объективтi тексерiлуі мүмкiн болса дәлелдемелерге ерекше мән берiледi.

  4 Тарау. Бастапқы құнды нақты өлшеу

         18. Материалдық емес активтердің бастапқы құнын өлшеу материалдық емес активтердiң басқа жақтан алынуына немесе ұйымның өзi жасап шығаруына байланысты.

       Алу
      19. Материалдық емес активтер сатып алу, ұйымдардың бiрiгуi (қосылуы), мемлекеттiк субсидия есебiне, ауыстыру нәтижесiнде алынады.
       Ескерту: 19-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .

       Сатып алу
      20. Ақшаға немесе оның баламасына сатып алынған материалдық емес активтiң бастапқы құны ретiнде, ұйымның оны сатып алуға жұмсаған нақты шығын сомасы танылады, бұған төленген орнына салынбайтын салықтар және жиындар және активтi өз мақсатына пайдалану жағдайына келтiруге тiкелей байланысты басқа да шығындар кiредi.

       Ұйымдарды бiрiктiру нәтижесiнде алу  
      21. Ұйымдардың бірігуінің (қосылуының) құрамдас бөлiгi ретінде алынған материалдық емес активтердiң бастапқы құны өткiзу құны бойынша танылады. Егер ұйымдардың бірігуінің (қосылуының) құрамдас бөлiгi ретінде алынған материалдық емес активтердің өткiзу құнын сенiмдi анықтау мүмкiн болмаса актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, бiрақ гудвиллге енгiзiледi.
      Ұйымның қаржы есептемесiнде материалдық емес актив болып танылмаса да сатып алушы, егер ол материалдық емес активтердi тану анықтамасы мен талаптарына жауап берсе материалдық емес актив ретiнде таниды.
       Ескерту: 21-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .       

       Ұйымның өз iшiнде құрылған гудвилл  
      22. Ұйымның өз iшiнде құрылған гудвилл актив ретiнде танылмауы тиiс. 

       Мемлекеттiк субсидия есебiне алу  
      23. Мемлекеттен тегiн, номиналдық сомаға немесе мемлекеттiк субсидия есебiне алынған материалдық емес активтердiң бастапқы құны өткiзу құны бойынша танылады, егер ол материалдық емес активтердiң осы түрi үшiн белсендi рынок есебiмен сенiмдi болып анықталса. Материалдық емес активтердiң осы түрi үшiн белсендi рынок болмаған жағдайда олардың бастапқы құны нольдiк немесе номиналдық құнда болмаса немесе активтi мақсатына пайдалануға әзiрлiк жағдайына келтiруге байланысты нақты шығын сомасы бойынша танылады. 

       Ауыстыру  
      24. Ұқсас емес материалдық емес активке ауыстыру нәтижесiнде алынған материалдық емес активтiң бастапқы құны алынған немесе төленген ақша сомасына түзетiлген активтi ауыстырудан алынған өткiзу құны бойынша танылады. Ұқсас активке ауыстыру нәтижесiнде немесе ұқсас активтiң құрамдас бөлiгiне қатысты алынған материалдық емес активтің бастапқы құны ауыстырылған активiнiң баланстық құны бойынша танылады. Мұндай ауыстыру табыс әкелмейтiн мәмiле деп есептеледi. 

       Жасау 
      25. Ұйымның өзi жасаған материалдық емес активтің бастапқы құны, материалдық емес активтердi анықтау және тану талаптары материалдық емес баптың сәйкес келу сәтiнен бастап кеткен тiкелей нақты шығындар және үстеме шығындар саналы негiзде таратылуы мүмкiн болса активтi жасау, өз мақсатына пайдалану және даярлау сомасы бойынша танылады. Материалдық емес активтердiң анықтау және тану талаптарына сәйкес келу сәтiне дейiн болған материалдық емес баптарды жасауға кеткен шығындар активтiң бастапқы құнына енгізілмейдi және олар пайда болған кезеңнiң шығыны ретiнде танылады. 

  5 Тарау. Шығындарды тану  

      26. Ұйымдарды бiрiктiру оқиғаларынан басқа, ақшалай емес материалды емес баптар бойынша жасалған шығындар есеп беру мерзiмде шыққанда шығын болып табылады, егер олар: 
      1) есебi бухгалтерлiк есептiң басқа стандарттарына жасалатын материалдық емес баптарға жатпаса (2-шi параграфқа қара); немесе 
      2) материалдық емес активтердi тану анықтамасы мен талаптарына жауап беретiн материалдық емес актив құнының бөлiгiн құрамаса өздерi орын алған есептi кезеңдегi шығын ретiнде танылады. 

      27. Материалдық емес баптарды алған немесе жасаған кездегi алғашында шығын ретiнде танылған шығыстар одан кейiнгi кештеу уақытта материалдық емес актив құнының бөлiгi ретiнде танылуға тиiс емес. 

  6 Тарау. Кейінгі шығындар 

      28. Материалды емес активтермен байланысты алдағы кезеңдегi шығындар, сол есеп беру мерзiмiнде шыққанда шығын болып табылуы керек, тек егер: 
      1) бұл шығындар келешек активке тiкелей жататын экономикалық 
пайдаларының өсуiне әсер ететiн дәлел жоқ болса; және
      2) бұл шығындар өлшеуге келмесе және үлкен сенiмдiлiкпен осы активке жатқызыла алатын болмаса.
      Осы шарттарды сақтағанда материалдық емес активтерге байланысты кейiнгi шығындар олардың баланстық құнына қосылады.

  7 Тарау. Бастапқы танудан кейін келетін баға

         29. Материалдық емес актив бастапқы танудан кейiн актив ретінде бастапқы құны бойынша жинақталған амортизацияны алып тастай отырып көрсетiледi.

8 Тарау. Амортизация

       Амортизация мерзiмi
      30. Материалдық емес активтiң амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызметi мерзiмiн барынша жақындата бағалау негiзiнде, жүйелi бөлiнедi. Материалдық емес активтiң пайдалы қызмет мерзiмi оның пайдалануға әзiрлiк сәтiнен бастап ұйымның қызмет мерзiмiнен жоғары болмауы тиiс, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта қарастырылмаған болса. 

       Амортизацияны есептеу әдiсi  
      31. Материалдық емес активтiң амортизациясын есептеудi қолданып жүрген әдiсi активтi пайдаланудан экономикалық пайда алудың тұтыну үлгiсiн көрсетуi керек. Егер активтi пайдаланудан экономикалық пайда алудың тұтыну үлгiлерiн сенiмдi анықтау мүмкiн болмаса, онда бiркелкi /тура/ есептен шығару әдiсiн қолдану керек. Амортизация материалдық емес активтiң өз мақсатына пайдалануға дайын болғанда есептеледi. Егер амортизацияланатын сома өзге активтiң баланстық құнына енгiзiлмесе шығын ретiнде танылады.

       Жою құны
      32. Материалдық емес активтiң жою құны нольге тең болады, егер:
      1) пайдалы қызмет мерзiмi соңында оны сатып алу жөнiнде үшiншi жақпен келiсiм болмаса; немесе
      2) осы материалдық емес актив үшiн белсендi рынок жоқ болып, осыған орай:
      сол рыноққа сүйене отырып активтiң жою құнын сенiмдi анықтау мүмкiн емес; және
      активтiң пайдалы қызмет мерзiмi соңында ондай рыноктың пайда болу ықтималдығы жоқ.

       Пайдалы қызмет мерзiмiн және амортизацияны есептеу 
      әдiсiн қайта қарау
      33. Пайдалы қызмет мерзiмi мен актив амортизациясын есептеуде қолданылатын әдiс қаржы есептемесiн жасаудың әрбiр уақытында қайта қаралып отырады. Егер активтің пайдалы қызметiнің күтiлген пайдалы мерзiмi алдыңғы бағадан едәуір өзгешеленсе, амортизацияны есептеу мерзiмi де тиiсiнше өзгертiлуi керек. Егер активтердi пайдаланудан экономикалық пайданы тұтынудың күтiлген үлгiсiнде едәуiр өзгерiс болса осы өзгерiстi көрсету үшiн амортизацияны есептеу әдiсiн де өзгерту керек. Материалдық емес активтiң пайдалы қызмет мерзiмi немесе амортизациялық есептеу әдiсiн өзгерту ағымдағы және келешек кезеңдер үшiн амортизациялық соманы түзету жолымен есептi бағалауды өзгерту ретiнде есептеледi. 

  9 Тарау. Шығарып тастау және өткізу 

      34. Материалдық емес актив бухгалтерлiк баланстан шығарылып тасталады шығу барысында немесе, егер оны пайдаланғаннан немесе келесi шығындардан ешқандай экономикалық пайда түсу күтiлмейтiн болса. 

      35. Материалдық емес активтiң шығарылып тасталуынан алынатын кiрiс немесе шығыс, ол шығарып тастау шығынын алғандағы баланстық құны мен өткiзу құны арасындағы айырмасы ретiнде анықталады,    кiрiстер мен шығыстар туралы есепте кiрiс немесе шығыс ретiнде танылады.
       Ескерту: 35-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558   бұйрығымен .       

  10 Тарау. Ашып көрсету 

      36. Қаржы есептемесiнде материалдық емес активтердi есептеу үшiн қабылданған есеп саясаты ашылу керек, сондай-ақ материалдық емес активтердiң әрбiр түрi бойынша: 
      1) амортизацияны есептеудiң қолданылып жүрген әдiсi; 
      2) пайдалы қызмет мерзiмi немесе амортизацияның қолданымдағы нормасы; 
      3) ұйымдағы барлық материалдық емес активтердің жалпы баланстық құны және есептi кезеңнiң басы мен аяғындағы амортизацияның жинақталған сомасы; 
      4) ұйымдарды бiрiктiру нәтижесiнде түскен материалдық емес активтердiң есептi кезеңнiң басы мен аяғындағы баланстық құнның өзгерiстерi; 
      5) өткiзу, шығарып тастау және басқада қозғалыстарға байланысты материалдық емес активтердiң есептi кезеңінің басы мен аяғындағы баланстық құнның өзгерiстерi; 
      6) материалдық емес активтердiң есептi кезең бойында жинақталған амортизация сомасы; 
      7) ұйымның өзi жасаған материалдық емес активтердiң баланстық құны. 

      37. Ұйымның есептi кезеңде елеулi материалдық нәтижесi болған немесе кейiнгi кезеңдерде болатын материалдық емес активтер бағасының есептi өзгерiстерiнiң сипаты мен қорытындыларын ашып көрсетедi. Мұндай көрсетулер пайдалы қызмет мерзiмi бағасының немесе амортизацияны есептеу әдiсiнiң өзгерiсiне байланысты шығуы мүмкiн. 

      38. Қаржы есептемесiнде сондай-ақ мыналар ашып көрсетiледi: 
      1) түрі баланстық, құны, және баланстық құны ұйымның барлық активтерiнiң бес процентiнен асатын материалдық емес активтердiң амортизациясының қалған кезеңi; 
      2) иемдену құқына шектеулерi бар материалдық емес активтер құнының жалпы баланстық сомасы, сондай-ақ мiндеттемелер бойынша кепiлдiк ретiнде берiлген материалдық емес активтердiң жалпы құны; 
      3) алынған материалдық емес активтер бойынша, мiндеттемелер сомасы. 

      39. Қаржы есептемесi есептi кезеңде шығын деп танылған, және мына төмендегiлерге тiкелей жатқызылатын немесе саналы негiзде енгiзiлетiн шығындар сомасын ашып көрсетуi керек: 
      1) бағдарламалық қамтамасыз ету шығындары; 
      2) жарнама және жарнама науқанына шығындар; 
      3) ұйымның құрылуы кезiнде болған шығындар; 
      4) нәтижесiнде келешекте экономикалық пайда күтiлетiн материалдық емес активтердi алуға, жинақтауға, күшейтуге немесе қолдауға байланысты кез келген елеулi шығындар сомалары. 

       Өзге мәлiметтер 
      40. Ұйым қысқаша сипаттамасын көрсетедi: 
      1) қаржы есебiн жасау күнгi материалдық емес активтердi тану талаптарын қанағаттандыратын, бiрақ алдыңғы есептi кезеңнің шығыны деп танылған елеулi материалдық емес баптардың; 
      2) келешекте экономикалық пайда күтiлетiн материалдық емес активтердi құруға немесе күшейтуге бағытталған қызмет түрлерiн: зерттеу, жарнама науқаны және қызметтiң басқа түрлерi.   

       Өтпелi ереже
      41. Егер осы стандартты қабылдау есеп саясатында өзгерiстер 
бiлдiретiн болса ұйым осы стандартта алдыңғы есептi кезеңдер үшін айтылған материалдық емес активтердi тану жөнiндегi талаптарды пайдалана алады, бiрақ мiндеттi емес. Алдыңғы кезеңдер үшiн материалдық емес активтердi тану талаптарын қолданғанда оларды ашып көрсету керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады