Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.07.2013 № 16-07/333 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Нұсқауларды ветеринариялық инспекторлардың жасау және беру Ережесi;
2) күші жойылды
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.12.31 N 761 бұйрығымен.
2. Ветеринариялық департаментiне (Мыңжанов М.Т.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдансын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
орынбасары - Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң
15 қараша 2002 жылғы
N 372 бұйрығымен бекiтiлген
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру Ережесi
1. Жалпы ереже
1. Ветеринариялық инспекторлардың нұсқауларды жасаудың және берудiң осы Ережесi (әрi қарай - Ереже), 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 18 бабының, 2 тармағының, 1 тармақшасына байланысты жасалынды және Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау жүргiзетiн мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлардың орындаулары мiндетті, сондай-ақ жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөп қоспаларын өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларда.
2. Осы Ережеде қолданылған негiзгi ұғымдар
2. Осы Ережеде мынандай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актi.
2) Ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң олар пайдаланылатын дағдылы (белгiленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндiрмейтiн күйі.
3) Ветеринариялық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтыратын жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi.
4) Ветеринариялық қадағалаудағы объектiлер - жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары, жануарлар ауруының қоздырушылары, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердің сынамалары, жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалы, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi, мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудің рәсiмдерi мен нысандары, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсі, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
5) Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп, жемшөптiк қоспалар;
6) Жануарлардан алынатын өнiмдер - тиiсiнше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнiмдерi.
7) Жануарлардан алынатын шикiзат - жануарлардан алынатын жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсiпте пайдаланылатын терi, жүн, түк, қыл, бағалы аң терiсi, түбiт, мамық, қауырсын, эндокриндiк бездер, iшек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ және басқа өнiмдер.
8) Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз өкiлеттiлiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк орган.
9) Iндет - белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай тарауы.
3. Нұсқаулардың нысандары
3. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау кезiнде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылықты бұзғаны үшiн, тәртiп бұзылғанына қарай, заңды шаралар қолдану ретiнде ветеринариялық инспекторлар келесi нұсқаулардың нысандарын шығарады:
1) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуын жою ( Қосымша 1 );
2) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу ( Қосымша 2 );
3) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн, жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте, дезинфекция дезинсекция және дератизация жүргiзу ( Қосымша 3 );
4) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе қатер төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, сот шешiмiнсiз тиым салу немесе оны тоқтата тұру. Бұл орайда қызметке тиым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады ( Қосымша 4 );
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтерiн бiрнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестациялау ( Қосымша 5 );
6) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу ( Қосымша 6 ).
4. Нұсқаманы жасау тәртiбi
4. Қазақстан Республикасының заңдылықтарының талаптарының бұзылғанын жою туралы Нұсқаманы заңды және жеке тұлғалардың, оларға шара қолданбаған жағдайда жануарлардың халықтың денсаулығына және экономикаға нұқсан келтiретiн, жануарлардың аса қауiптi ауруларының пайда болуына, таралуына әкелiп соғуына, сонымен қатар ветеринариялық заңдылықтың талаптарын бұзғандылығы анықталған жағдайда, ветеринариялық инспекторлар толтырады.
5. Ветеринариялық инспекторлар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудағы объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика жүргiзу туралы Нұсқаманы ( Қосымша 2 ) мынандай жағдайларда толтырады:
1) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау жүктерiн тасымалдағанда, сақтағанда немесе әкелгенде орнатылған ветеринариялық-санитариялық тәртiптердiң бұзылғандығына күдiктенгенде;
2) малдан өндiрiлген өнiмдерi мен шикiзаттарының шығарылған жері анықталмағанда (ветеринариялық серiктестiру құжаттары жоқ болса);
3) немесе малдан өндiрiлген өнiмдерi мен шикiзаттарға сараптау актiсi жоқ болса;
4) мал өнiмдерi мен шикiзаттарының жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндiретiн объектiлерiмен жанасқандығына күдiктенгенде.
6. Жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы Нұсқаманы ( Қосымша 3 ) ветеринариялық инспекторлар мына жағдайларда толтырады:
1) жануарлардың аса қауiптi ауруларының ошағы пайда болғанда және оларды жедел түрде жоюдың iс-шаралары қажет болғанда;
2) қауiп төнген аумақта профилактикалық iс-шаралар жүргiзу қажет болғанда.
7. Жануарлардың аса қауiптi жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы Нұсқаманы ( Қосымша 4 ) ветеринариялық инспекторлар мына жағдайларда толтырады:
1) өңдеу мекемелерiне малдың аса қауiптi ауруларымен ластанған жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарының қайта өңдеуге түскенi байқалғанда;
2) нақты сол мекемеден шығарылған өнiмдерiнен адамдардың улануы туралы мәлiмет түскен жағдайда;
3) өңдеу мекемесiнiң аумағында жануарлардың аса қауiптi ауруының шығуы байқалғанда;
4) шұғыл шара қолданбаған жағдайда сол объект - iндеттiң шығуы және таралу ошағына айналған жағдайда.
Ветеринариялық инспектор нұсқаманы берген соң, тез арада қажеттi мәлiметтерiмен заңды және жеке тұлғалардың қызметiне қоса тиым салу немесе уақытша тоқтата түру туралы сотқа талап-арыз бередi.
8. Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестациялау туралы Нұсқамада ( Қосымша 5 ) базарлардың ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларының ветеринариялық мамандары 2 және одан да көп бұзған жағдайда ветеринариялық инспекторлар толтырады.
9. Жануарлардың және адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), қайта өңдеу туралы Нұсқаманы ( Қосымша 6 ) залалсыздандырылмай (зарарсыздандырылмай), немесе қайта өңдемей қолдануға болмайтын жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарын, жемшөптi және жемшөп-қоспаларын, ветеринариялық препараттарды ветеринариялық инспекторлар тапқан жағдайда толтырылады.
10. Нұсқамаларда келесiлер көрсетiледi:
1) нұсқама жасалынған облыстың, ауданның, қаланың, ауылдық округтiң атаулары;
2) ветеринариялық инспектор жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның аймақтық бөлiмшелерiнiң аталуы, мекен-жайлары, байланыс телефондары;
3) нұсқаманы шығарған ветеринариялық инспектордың аты-жөнi;
4) заңды тұлғаның аталуы, жеке тұлғаның аты-жөнi;
5) қаралған мал өнiмдерi мен шикiзатының шыққан жерi мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектiлерiнiң түрi, көлемi, саны;
6) мемлекеттiк ветеринариялық бақылау объектiлерiне серiктестiрiлген құжаттар туралы мәлiмет, бұдан бұрын тексерiлгенi туралы мәлiмет (бар болған кезде);
7) анықталған бұзылушылықтың түрi;
8) нұсқайтын бөлiмде анықталған ветеринариялық заңдылықтың бұзылуын орнына келтiру жолдары мен тәртiбi көрсетiледi;
9) нұсқауды орындау уақыты;
10) тәртiп бұзушының осы нұсқамамен танысқаны туралы белгi;
11) нұсқаманың орындау уақытын созу туралы;
12) нұсқаудың нақты орындалған уақыты;
13) нұсқама орындалмаған кезде әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы белгi.
11. Нұсқама, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылған жерде, заңдылықты бұзған адамның қатысуымен, екi данада жасалады және мiндеттi түрде нұсқаманың орындалу уақыты көрсетiледi, Нұсқаманың бiр данасын заңдылықты бұзған жеке немесе заңды тұлғаға бередi, ал екiншiсi iстi бақылауға алу үшiн Нұсқаманы жасаған ветеринариялық инспекторда қалады. Ветеринариялық инспекторлар, ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiп бойынша, нұсқамаларды беру кезiнде оларға есептiлiк жүргiзедi және жоғарыдағы органға есеп бередi.
12. Нұсқамада көрсетiлген кемшiлiктердi уақытында, тәртiп бұзушыға байланысты емес жағдайларда, орындау мүмкiншiлiгi болмағанда ветеринариялық инспектор нұсқаманың орындалу уақытын ұзартады, ол туралы нұсқамаға орындалмау себептерiн көрсетiп жазады.
13. Нұсқамада көрсетiлген мерзiмде, анықталған тәртiп бұзылушылықты орындамаған жағдайда, ветеринариялық инспектор Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес әкімшілік жаза қолдануына құқылы.
14. Нұсқаманың орындалуын қадағалау, нұсқаманы жасаған ветеринариялық инспекторға жүктеледі.
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру
Ережесiне 1 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
____________________________________________________________________
____________________________________________ ______
облыс, қала, аудан, ауыл округі | Үлгі |
____________________________________________
ветеринария саласындағы мемлекеттік органның
аумақтық бөлімі
____________________________________________
мекен жайы, телефоны
НҰСҚАМА N____
Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы
заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы
Менің_______________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың қызметі, аты-жөні
жеке немесе заңды тұлғаның немесе оның уәкілінің қатысуымен _________
____________________________________________________________________
мекеменің аталуы, мекен-жайы қызметі, аты-жөні
тексеру барысында (қарағанда)_______________________________________
өнімнің немесе шикізаттың,
____________________________________________________________________
ветсанбақылаудағы нысандардың аталуы
Тексеру актісі мен сараптау актісі негізінде анықтағаным____________
____________________________________________________________________
заң бұзушылықтың түрі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының ____бабын____
тармағын/тармақшасын/ бұзғаны үшін
НҰСҚАЙМЫН:
Жоғарыда көрсетілген ветеринариялық заңнамадағы бұзылушылықты осы
бекітілген мерзімде қалыпқа келтірілсін
Осы нұсқамамен таныстым, бір данасын алдым: "__"___________200_ж.
Жеке немесе заңды тұлға немесе оның уәкілі
___________________ ________________________________ _______________
қолы аты-жөні айы, күні
Нұсқаманың орындалу мерзімін созу туралы белгі______________________
____________________________________________________________________
Заң бұзылушылықты нақты қалпына келтірген уақыты "__"_________200_ж.
Нұсқаманы орындамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданғаны туралы белгі_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
M.О. Ветеринариялық инспектор_________________________
қызметі, аты-жөні, қолы
"__"___________200_ж.
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру
Ережесiне 2 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
____________________________________________________________________
____________________________________________ ______
облыс, қала, аудан, ауыл округі | Үлгі |
____________________________________________
ветеринария саласындағы мемлекеттік органның
аумақтық бөлімі
____________________________________________
мекен жайы, телефоны
НҰСҚАМА N___
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне
ветеринариялық санитариялық сараптама мен
диагностика жүргізу туралы
Менің ______________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың қызметі, аты-жөні
немесе заңды тұлғаның немесе оның уәкілінің қатысуымен тексеру барысында
____________________________________________________________________
қызметі, аты-жөні, мекеменің аталуы, мекен-жайы
Өнімнің аталуы_______________Партияның көлемі______________________,
саны, таза салмағы
түскен күні "__"__________200_ж.____________________________________
көліктің аталуы және нөмірі
мына құжаттармен серіктестірілген:__________________________________
ветеринариялық куәліктің
____________________________________________________________________
немесе ветеринариялық анықтаманың толтырылған күні, нөмірі
Өнім сапасының күдікті екені анықталды _____________________________
күдіктің негізі
Өнім өндірілген________________________________берілген сату мерзімі
облыс, аудан немесе өндірген ел
"__"___________200_ж.
Өнімнен тексеруге алынған сынамаға акті жасалынды "__"________200_ж.
Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып
НҰСҚАЙМЫН
Өнімнен алынған сынаманы зертхана жағдайында
ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностика жүргізуге
____________________________________________________________________
зерттеудің түрі
Орындалу уақыты_____________________________________________________
Осы жазбаша ескертумен таныстым, бір данасын алдым:
Жеке немесе заңды тұлға немесе оның уәкілі
________________ _______________________________ ___________________
қолы аты-жөні айы, күні
Нұсқаманың орындалу мерзімін созу туралы белгі______________________
____________________________________________________________________
Заң бұзушылықты нақты қалпына келтірген уақыты, қай зертханада тексерілді__________________________________________________________
Нұсқаманы орындамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданғаны туралы белгі_______________________________________________________________
М.О. Ветеринариялық инспектор_________________________
қызметі, аты-жөні, қолы
"__"___________200_ж.
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру
Ережесiне 3 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
____________________________________________________________________
____________________________________________ ______
облыс, қала, аудан, ауыл округі | Үлгі |
____________________________________________
ветеринария саласындағы мемлекеттік органның
аумақтық бөлімі
____________________________________________
мекен жайы, телефоны
НҰСҚАМА N______
Жануарлардың ауруларының шығуын болдырмау,
таратпау және жою туралы
Мен_________________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың қызметі, аты-жөні
жеке немесе заңды тұлғаның немесе оның уәкілінің қатысуымен_________
____________________________________________________________________
мекеменің аталуы, мекен-жайы, қызметі, аты-жөні
____________________________________________________________________
Қалыптасқан эпизоотиялық ахуалды ескере отырып
НҰСҚАЙМЫН
Қазақстан Республикасының»"Ветеринария туралы" Заңының 18-бабының
1 тармағының 1 тармақшасына байланысты жануарлардың аса қауіпті
ауруларының пайда болуын немесе таралуын болдырмау үшін:
жануарларды төмендегі ауруларға қарсы егуге,________________________
қандай ауруға қарсы
____________________________________________________________________
егілілетінін жазу керек
дезинфекциялауға ___________________________________________________
нысанды, жердің аумағы мен жасайтын жерін көрсету керек
дезинсекциялауға____________________________________________________
нысанды, жердің аумағы мен жасайтын жерін көрсету керек
дератизациялауға____________________________________________________
нысанды, жердің аумағы мен жасайтын жерін көрсету керек
басқа да ветеринариялық шаралар_____________________________________
шаралардың аталуы
Нұсқауды орындау уақыты_____________________________________________
Осы жазбаша ескертумен таныстым, бір данасын алдым:
Жеке немесе заңды тұлға немесе оның уәкілі
_______________ ___________________________________ ________________
қолы аты-жөні айы, күні
Нұсқаманың орындалу мерзімін созу туралы белгі______________________
____________________________________________________________________
Заң бұзушылықты нақты қалпына келтірген уақыты "__"_________200_ж.
Нұсқаманы орындамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданғаны туралы белгі_______________________________________________________________
М.О. Ветеринариялық инспектор_________________________
қызметі, аты-жөні, қолы
"__"___________200_ж.
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру
Ережесiне 4 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
____________________________________________________________________
____________________________________________ ______
облыс, қала, аудан, ауыл округі | Үлгі |
____________________________________________
ветеринария саласындағы мемлекеттік органның
аумақтық бөлімі
____________________________________________
мекен жайы, телефоны
НҰСҚАМА N______
Жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда,
жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының
пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда заңды
немесе жеке тұлғаның шаруашылық қызметіне үш күннен аспайтын
мерзімге, тиым салу немесе оны тоқтата тұру туралы
Мен_________________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың қызметі, аты-жөні
жеке немесе заңды тұлғаның немесе оның уәкілінің қатысуымен_________
____________________________________________________________________
мекеменің аталуы, мекен-жайы, аты-жөні
тексеру актісі негізінде (ресми хабар келіп түскенде)_______________
____________________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектісінің аталуы
онда»"Ветеринария туралы" Заң талабын орындамағандықтан аса қауіпті
жұқпалы аурулардың пайда болу /таралу/ қатері бар екенін анықтадым
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып
НҰСҚАЙМЫН
Жоғарыда көрсетілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын пайда болу
/тарау/ (керегінің астын сызу керек) қатерін жойғанға дейін жеке
немесе заңды тұлғаның шаруашылық қызметіне тиым салуға
/тоқтата тұруға/__________тәулікке (керегінің астын сызу керек)
Жөнге келтіру шаралары______________________________________________
Нұсқаманы орындау уақыты "__"___________200_ж.
Сотқа арыз берген уақыт_____________________________________________
Осы нұсқамамен таныстым, бір данасын алдым
Жеке немесе заңды тұлға немесе оның уәкілі
__________________ ______________________________ __________________
қолы аты-жөні айы, күні
Соттың шешімінің шыққан күні________________________________________
Нұсқаманың орындалу мерзімін созу туралы белгі______________________
____________________________________________________________________
Заң бұзушылықты нақты қалпына келтірген уақыты "__"_________200_ж.
Нұсқаманы орындамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданғаны туралы белгі_______________________________________________________________
М.О. Ветеринариялық инспектор_________________________
қызметі, аты-жөні, қолы
"__"___________200_ж.
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру
Ережесiне 5 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
____________________________________________________________________
____________________________________________ ______
облыс, қала, аудан, ауыл округі | Үлгі |
____________________________________________
аумақтық бөлімінің ветеринария саласындағы
мемлекеттік органы
____________________________________________
мекен жайы, телефоны
НҰСҚАМА N_____
Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасының
ветеринариялық ережелерді бірнеше рет бұзған мамандарын
қайта аттестациялау туралы
Мен_________________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың қызметі, аты-жөні
ветеринариялық-санитариялық сараптау зертхананы тексеру барысында___
____________________________________________________________________
базардың аталуы
оның төмендегі мамандарының ветеринариялық ережелерді бұзғанын анықтадым___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Анықталған ереже бұзушылықтар_______________________________________
____________________________________________________________________
Жоғарыда көрсетілген мамандардың бұрынғы ереже бұзған уақыты________
____________________________________________________________________
Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып
НҰСҚАЙМЫН
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 18 бабының 1
тармағының 1 тармақшасына сәйкес төмендегі ветеринариялық мамандар
қайта аттестациялансын: ____________________________________________
____________________________________________________________________
қызметі, аты-жөні
Қайта аттестациялаудың мерзімі "__"___________200_ж. дейін
Осы нұсқамамен таныстым (қ), бір данасын алдым (ық)
Ветеринариялық маман (дар)__________________________________________
___________________________ ______________ _________________________
аты-жөні қолы айы, күні
Зертхана басшысы ___________________________________________________
аты-жөні, қолы, айы, күні
Нұсқаманың орындалу мерзімін созу туралы белгі______________________
Заң бұзушылықты нақты қалпына келтірген уақыты "__"_________200_ж.
Нұсқаманы орындамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданғаны туралы белгі_______________________________________________________________
М.О. Ветеринариялық инспектор_________________________
аты-жөні, қолы
"__"___________200_ж.
Ветеринариялық инспекторлардың
нұсқауларды жасау және беру
Ережесiне 6 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
____________________________________________________________________
____________________________________________ ______
облыс, қала, аудан, ауыл округі | Үлгі |
____________________________________________
ветеринария саласындағы мемлекеттік органның
аумақтық бөлімі
____________________________________________
мекен жайы, телефоны
НҰСҚАМА N_____
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды
залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы
Мен_________________________________________________________________
мемлекеттік ветеринариялық инспектордың қызметі, аты-жөні
жеке немесе заңды тұлғаның немесе оның уәкілінің қатысуымен тексердім___________________________________________________________ мекеменің аталуы, мекен-жайы қызметі, аты-жөні
Тексеру актісі мен сараптау актісі негізінде барысында, төменгідей
жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп туғызатын жануарлар,
азық-түліктер және малдардан өндірілген шикізаттар, ветеринариялық
препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары (керегінің астын сызу
керек) бар екенін анықтадым
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып
НҰСҚАЙМЫН
______________________________________________________________
залалсыздандыруға, өңдеуге жататын өнімнің аталуы, мөлшері
Залалсыздандыруға /зарарсыздандыруға/, өңдеуге (керегінің астын сызу
керек) залалсыздандырудың, өңдеудің және одан кейін өнімнің пайдалану
тәсілі______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нұсқаманың орындалу уақыты "__"_________200_ж.
Осы нұсқамамен таныстым, бір данасын алдым:
Жеке немесе заңды тұлға немесе оның уәкілі
__________________ ______________________________ __________________
қолы аты-жөні айы, күні
Нұсқаманың орындалу мерзімін созу туралы белгі______________________
Заң бұзушылықты нақты қалпына келтірген уақыты "__"_________200_ж.
Нұсқаманы орындамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданғаны туралы белгі_______________________________________________________________
М.О. Ветеринариялық инспектор_________________________
қызметі, аты-жөні, қолы
"__"___________200_ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң
15 қарашадағы 2002 жылғы
N 372 бұйрығымен
бекiтiлген
Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне беретiн ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) туралы ЕРЕЖЕСI
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.12.31 N 761 бұйрығымен.