Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 наурызда тіркелді. Тіркелді N 2199. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 368 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.06.02 № 368 Бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 және 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қарашадағы N 1216 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін қайта жаңарту туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Балық шаруашылығы бөлімі Ауыл шаруашылығы министрлігінің уәкілетті органдарымен және балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі мекемелермен бірлесіп осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Балық ресурстарын пайдалануды ресімдеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеудің 1999 жылғы 17 мамырдағы N 757 реестрі) 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 84 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануды ресімдеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеудің 1999 жылғы 17 мамырдағы N 172 реестрі) 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 27 бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші Вице-Министр А. Мырзахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан  Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің Орынбасары
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2003 жылғы 13 ақпандағы   
N 72 бұйрығымен       
бекітілген          

Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға рұқсат құжаттарын беру, тоқтату және олардың іс-әрекетін
қайта жаңарту туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық қорларын қорғау және балық жүргізуді реттеу жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі N 414 , сондай-ақ "Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа су жануарларын олжалау Ережелерін бекіту туралы" (ары қарай - Балық аулау Ережелері) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулыларына сәйкес әзірленген.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңды мен жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) кәсіптік пайдалануға құжаттардың беру механизмін белгілейді.

      3. Табиғат пайдаланушыларға балық және басқа да су жануарларын кәсіптік пайдалануға құқық беретін құжаттар болып табылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - жануарлар дүниесін мемлекеттік басқарушы арнайы уәкілетті орган немесе оның аумақтық балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және балық аулауды реттеу жөніндегі органдары беретін балықты кәсіптік аулауға және басқа да су жануарларын пайдалануға келісім, балықты кәсіптік аулауға және басқа да су жануарларын олжалауға рұқсат.

2. Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға келісімді ресімдеу тәртібі

      4. Арнайы уәкілетті орган мен табиғат пайдаланушылар арасындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға және балық шаруашылығы су айдынын немесе балық кәсіптік учаскені бекітуге келісім конкурс (тендер) комиссиясының шешімі негізінде жасалынады.
      5. Келісімде:
      экологиялық талаптар, онда шаруашылық және өзге қызметке жол беріледі;
      бекітілген төлем ставкаларына сәйкес жануарлар дүниесін (балықты кәсіптік аулау және басқа да су жануарларын олжалау) пайдаланғаны үшін төлемді енгізу міндеттілігі;
      оған берілген су айдынның (учаскенің) басқа ұйымдарға беруге тыйым салу және балық шаруашылығы учаскесінде бөтен тұлғалар мен көлік құралдарының болуына жол бермеу;
      қолданыстағы балық аулау Ережелерінде көрсетілген міндеттемелерді табиғат пайдаланушылармен орындау бойынша талаптар;
      балық қорларын қорғау бойынша және бекітілген су айдында (учаскеде) олардың өсімін молайту жағдайына талаптар;
      табиғат пайдаланушылардың арнайы уәкілетті органның талаптары бойынша қажетті ақпаратты және белгіленген есепті ұсынуы;
      келісімнің шарттары мен талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;
      келісімнің мерзімі;
      келісімнің бөлінбейтін бөлігі болып табылатын қажетті құжаттардың тізбесі;
      Қазақстан Республикасы заңдарына қарсы келмейтін өзге де талаптар қарастырылады.
      6. Заңды және жеке тұлғалармен балықты кәсіптік аулауға және басқа жануарларын олжалауға келісім конкурс комиссиясы шешіміне сәйкес маусымға немесе жылға жасалуы мүмкін.

3. Балықты кәсіптік аулауға және басқа су жануарларын олжалауға берілетін рұқсатты ресімдеу тәртібі

      7. Жануарлар дүниесін пайдалануға (балықты және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға) рұқсат арнайы уәкілетті органмен табиғат пайдаланушыға жасалған келісім негізінде беріледі.
      8. Арнайы уәкілетті орган берген рұқсат ресми құжат болып саналады және белгіленген мерзім бойында кәсіпті бастау үшін негіз болып табылады.
      9. Рұқсатта:
      заңды тұлғаның атауы және оның жауапты тұлғасының Т.А.Ж. немесе рұқсат берілген жеке тұлғаның (жеке кәсіпкер) Т.А.Ж.;
      кәсіпке қатысатын (заңды тұлғалар үшін) балықшылардың саны, еңбек келісім бойынша жеке кәсіпкермен бірлесіп кәсіпте қатысатын балықшылардың Т.А.Ж.;
      аулауды белгілеу;
      кәсіптің жүзеге асыру шарттары;
      рұқсат етілген құрал мен тәсілдерінің саны, жүзетін құралдардың пайдаланылатын түрлері мен саны;
      балықты және басқа су жануарларын аулаудың (кәсіптік лимит) рұқсат етілген көлемі әрбір су айдын немесе кәсіптік учаскеге қатысты.
      Рұқсаттың бөлінбейтін бөлігі қоса берілген, заңды тұлғаның жетекшісімен сенімдірілген кәсіпке қатысатын балықшылардың тізімі болып табылады.
      10. Табиғат пайдаланушыға лимитті беру алдын ала төлеу шартында жүзеге асырылады.
      11. Басқа заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге рұқсатты беріп жіберуге тыйым салынады.
      12. Егерде рұқсат етілген қызмет келісімнің шарты бойынша рұқсат иесімен су айдынның бірнеше балық кәсіптік учаскесінде жүзеге асырылса, рұқсат иесіне арнайы уәкілетті органмен сенімдірілген су айдынның әрбір балық кәсіптік учаскесінің көшірмелері беріледі, олар осы объектілерде үнемі болуға тиіс. Рұқсат көшірмелерін арнайы уәкілетті орган тіркейді.
      13. Рұқсаттың бланкілері қатаң есеп құжаттары болып табылады, оның есептік сериясы және нөмірі болады, арнайы уәкілетті орган басшысының қолымен және гербі бар мөртаңбамен сенімдіріледі. Балықты және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға (алуға) берілген рұқсат бланкілерін дайындау, есепке алу және сақтау арнайы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Рұқсаттың іс-әрекетін тоқтату және қайта жаңарту тәртібі

      14. Арнайы уәкілетті орган өзі берген рұқсаттардың күшін табиғат пайдаланушы мына заң бұзушылықтардың түрлерін жасаған жағдайда тоқтатады:
      аулаудың тыйым салынған құралдарын және тәсілдерін қолданғанда;
      балық аулауға берілген рұқсат көлемінен 1 пайыздан жоғары балықтың және басқа су жануарларының ауланған көлемін жасыру фактілерін айқындағанда;
      балықты және басқа су жануарларын тыйым салынған су айдындарында (учаскелерінде) және балық аулауға тыйым салынған мерзімінде олжалауды жүзеге асырғанда.
      Рұқсаттың күшін тоқтату анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
      Рұқсатты тоқтату мерзімі 3 күндік тәуліктен аспауға тиіс. Анықталған заң бұзушылықтарды жойған жағдайда рұқсаттың іс-әрекеті қайта жаңартылуы мүмкін.
      Анықталған бұзушылықтарды 3 тәулік бойында жоймаған жағдайда арнайы уәкілетті орган соттың талабын көрсету арқылы рұқсатты алу процедурасын жүргізеді.

5. Қорытынды ережелер

      15. Заңды тұлғаларда, сондай-ақ жеке кәсіпкерде балықты және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға (алуға) рұқсаттың болуына, балықтың рұқсат етілген түрлеріне кәсіпті және олжалауды жүргізудің шарттарын ұстауға бақылауды арнайы уәкілетті органның инспекторы жүзеге асырады.
      16. Белгіленген лимиттен жоғары балық ауланғаны (алынғаны) үшін балық қорларына келтірілген зиянды өтеу қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізіледі.
      17. Арнайы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары балықты және басқа да су жануарларын кәсіптік аулауды жүзеге асыруға берілген рұқсат құжаттарын берудің белгіленген механизмін бұзғаны үшін немесе орындамағаны үшін қолданыстағы заңдарға сәйкес жауапкершілікті алады.
      18. Балықты және су жануарларын кәсіптік аулауды (алуды) жүзеге асыруға құжаттарды беру мәселелері жөніндегі арнайы уәкілетті органның шешімдері мен іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
      19. Бланктердің арнайы нысандары - Қазақстан Республикасы су айдындарында (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға және су айдынды (учаскені) бекітуге келісімдер, балықшаруашылығы су айдынның (учаскенің) паспорттары, балық аулауға және басқа су жануарларын пайдалануға рұқсаттар, балық аулау және басқа су жануарларын олжалауды есепке алу журналы қатаң есептік құжаттар болып табылады және Ауыл шаруашылығы министрімен бекітіледі.

Об утверждении Инструкции по выдаче документов на промысловое пользование рыбными ресурсами и другими водными животными в водоемах Республики Казахстан, приостановления и возобновления их действий

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 февраля 2003 года № 72. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 марта 2003 года № 2199. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июня 2010 года № 368

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 02.06.2010 № 368.

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года N 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2002 года N 1216 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года N 39 и от 7 октября 2002 года N 1096", приказываю:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по выдаче документов на промысловое пользование рыбными ресурсами и другими водными животными в водоемах Республики Казахстан, приостановления и возобновления их действий.

      2. Отделу рыбного хозяйства совместно с областными территориальными органами Министерства сельского хозяйства и учреждениями по охране рыбных ресурсов и регулированию рыболовства принять необходимые меры, вытекающие из настоящего приказа.

      3. Приказ Комитета лесного, рыбного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 апреля 1999 года N 84 "Об утверждении Инструкции о порядке оформления пользования рыбными ресурсами" (Реестр государственной регистрации N 757 от 17 мая 1999 года) и Приказ Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан от 12 апреля 1996 года N 27 "Об утверждении Инструкции о порядке оформления пользования рыбными запасами и другими водными животными" (Реестр государственной регистрации N 172 от 13 мая 1996 года) считать утратившими силу.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на начальника Отдела рыбного хозяйства Сулейманова Р.Ф.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Заместитель
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан -
      Министр 
 

Утверждена              
приказом Заместителя        
Премьер-Министра          
Республики Казахстан - Министра   
сельского хозяйства        
от 13 февраля 2003 г. N 72    

Инструкция
по выдаче документов на промысловое пользование
рыбными ресурсами и другими водными животными
в водоемах Республики Казахстан,
приостановления и возобновления их действий

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" и постановлениями Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 апреля 1995 года N 414 " Об утверждении Положени я об охране рыбных запасов и регулировании рыболовства в водоемах Республики Казахстан", а также Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 1996 года N 1480 " Об утверждении Правил рыболовства и добывания других водных животных в Республике Казахстан" (далее - Правила рыболовства) и от 7 октября 2002 года N 1096 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан".
      2. Инструкция устанавливает механизм выдачи документов на промысловое пользование рыбными ресурсами и другими водными животными для юридических и физических лиц (далее - природопользователей) на рыбохозяйственных водоемах Республики Казахстан.
      3. Документами, дающими право на промысловое пользование рыбными ресурсами и другими водными животными для природопользователей являются: договор на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными и разрешение на промысловый лов рыбы и добычу других водных животных, выдаваемые Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан - специально уполномоченным органом государственного управления животным миром или его территориальными органами по охране, воспроизводству рыбных ресурсов и регулированию рыболовства (региональными и областными) (далее - специально уполномоченный орган).

2. Оформление договора на пользование рыбными
ресурсами и другими водными животными

      4. Договор между специально уполномоченным органом и природопользователем на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными и закрепление рыбохозяйственного водоема или рыбопромыслового участка заключается только на основании решения конкурсной (тендерной) комиссии.
      5. В Договоре должны предусматриваться в соответствии с условиями конкурса (тендера):
      экологические требования, при которых допускается хозяйственная и иная деятельность;
      обязательность оплаты за пользование животным миром (промысловый лов рыбы и добыча других водных животных), в соответствии с утвержденными ставками платежей;
      запрет на передачу предоставленного ему водоема (участка) другим организациям и не допустимость нахождения на рыбопромысловом участке посторонних лиц и транспортных средств;
      требования по выполнению обязанностей природопользователем, изложенных в действующих Правилах рыболовства;
      требования по охране рыбных запасов и условиям их воспроизводства на закрепленном водоеме (участке);
      предоставление природопользователем установленной отчетности и необходимой информации по требованию представителей специально уполномоченного органа;
      ответственность сторон за нарушение требований и условий договора;
      срок действия договора;
      перечень необходимых документов, являющихся неотъемлемой частью договора;
      иные требования, не противоречащие законодательству Республики Казахстан.
      6. Договор на промысловый лов рыбы и добычу других водных животных с юридическими и физическими лицами может быть заключен на сезон или год в соответствии с решением конкурсной комиссии.

3. Оформление разрешения на промысловый лов рыбы и
добычу других водных животных

      7. Разрешение на пользование животным миром (промысловый лов рыбы и других водных животных) выдается природопользователю специально уполномоченным органом на основании заключенного договора.
      8. Разрешение, выданное специально уполномоченным органом, является официальным документом и служит основанием для начала промысла в течение установленного срока.
      9. В разрешении указываются:
      наименование юридического лица и Ф.И.О. его ответственного лица или Ф.И.О. физического лица (индивидуального предпринимателя), которому выдается разрешение;
      количество рыбаков, участвующих в промысле (для юридических лиц), Ф.И.О. рыбаков, участвующих в промысле совместно с индивидуальным предпринимателем по трудовому соглашению;
      назначение лова;
      условия осуществления промысла;
      количество разрешенных орудия и способов лова,  используемые виды и количество плавсредств;
      разрешенный объем вылова рыбы и других водных животных (промысловый лимит) в разрезе каждого водоема или промыслового участка.
      Неотъемлемой частью разрешения является приложенный к нему список рыбаков, участвующих в промысле, заверенный специально уполномоченным органом.
      10. Выделение лимита природопользователю осуществляется на условиях предоплаты.
      11. Передача разрешения другому юридическому лицу или индивидуальному предпринимателю запрещается.
      12. В случае, если разрешенный вид деятельности по условиям договора осуществляется владельцем разрешения на нескольких рыбопромысловых участках водоема, владельцу разрешения выдаются их заверенные специально уполномоченным органом копии на каждый рыбопромысловый участок водоема, которые должны постоянно находиться на этих объектах. Копии разрешений регистрируются специально уполномоченным органом.
      13. Бланки разрешений являются документами строгой отчетности, имеют номер, заверяются подписью руководителя и гербовой печатью специально уполномоченного органа. Изготовление, учет и хранение бланков разрешений на промысловый лов (изъятие) рыбы и других водных животных осуществляется специально уполномоченным органом.

4. Приостановление и возобновление действий разрешений

      14. Специально уполномоченный орган приостанавливает действие выданных им разрешений в случаях совершения природопользователем следующих видов нарушений:
      применения запрещенных орудий и способов лова;
      при обнаружении фактов сокрытия объемов выловленной рыбы и других водных животных в размере более 1% от объема разрешенного вылова рыбы;
      осуществления добычи рыбы и других водных животных на запрещенных водоемах (участках) и в запретный для рыболовства период.
      Приостановление действия разрешения осуществляется путем выдачи указаний об устранении выявленных нарушений.
      Срок приостановления разрешений не может быть более 3-х суток. В случае устранения выявленных нарушений действие разрешения может быть возобновлено.
      При не устранении выявленных нарушений в течение 3-х суток, специально уполномоченный орган инициирует процедуру изъятия разрешения путем предъявления искового заявления в суд.

5. Заключительные положения

      15. Контроль за наличием разрешений на промысловый лов (изъятие) рыбы и других водных животных у юридических лиц, а также индивидуальных предпринимателей, за соблюдением условий проведения промысла и добычи разрешенных видов рыб осуществляется специально уполномоченным органом.
      16. За превышение вылова (изъятия) рыб сверх установленного лимита, возмещение вреда, нанесенного рыбным запасам, производится в соответствии с действующим законодательством.
      17. Должностные лица специально уполномоченного органа несут ответственность за нарушение или ненадлежащее исполнение установленного механизма выдачи документов на осуществление промыслового лова рыбы и других водных животных в соответствии с действующим законодательством.
      18. Решения и действия, специально уполномоченного органа по вопросам выдачи документов на осуществление промыслового лова (изъятия) рыбы и других водных животных могут быть обжалованы в установленном порядке в судебные органы.
      19. Специализированные формы бланков - договора на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными в водоемах (участках) Республики Казахстан и закрепление водоема (участка), паспорта рыбохозяйственного водоема (участка), разрешения на вылов рыбы и использование других водных животных, журнал учета вылова рыбы и добычи других водных животных являются документами строгой отчетности и утверждаются приказом Министра сельского хозяйства.
____________________________________________________________________