Балық қорлары және басқа да су жануарларын пайдалануды ресiмдеу тәртiбi туралы нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экобиоресурсминi 1996 жылғы 12 сәуiрдегі N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 23 мамырда N 172 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 72 бұйрығымен.

Балық қорлары және басқа
да су жануарларын ресiмдеу
мен пайдалану тәртiбi
туралы нұсқаулықты бекiту
туралы

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану туралы" Z933300_ Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414 P950414_ қаулысымен бекiткен Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы ережеге сәйкес және балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдалануға ресiмдеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. "Балық қорлары және басқа да су жануарларын ресiмдеу мен пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн.
      2. Биоресурстарды қорғау, ұдайы өсiру мен пайдалану жөнiндегi бас басқарманың бастығы /Киреев М.А./, экология және биоресурстар облыстық басқармалары бекiтiлген Нұсқаулықты басшылыққа алсын және орындасын.
      3. Қазақстан Республикасының Экобиоресурсминi 1994 жылғы 11 сәуiрдегi N 25 бұйрығымен бекiткен "Табиғатты арнайы пайдалануға шарт жасаудың уақытша тәртiбi" V бөлiмiнiң күшi жойылған деп саналсын.
      4. Жалпы бөлiмнiң бастығы /Малюхов А.Д./ көрсетiлген Нұсқаулықты көбейтiп, Экология және биоресурстар облыстық басқармаларына жеткiзсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Министрдiң орынбасары М.И.Жәркеновке жүктелсiн.

      Министр

      Осы Нұсқаулық "Жануарлар дүниесiн қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414 қаулысымен бекiткен Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы ережеге сәйкес әзiрленген және балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдалану және оларды ресiмдеу жөнiндегi өтiнiштердi қозғауды қарау тәртiбiн айқындайды.
      1. Атқарушы өкiмет облыстық органдарының балықты, басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға құқық беру және балық аулау шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiту туралы шешiмi:
      - Орал-Каспий су айдындары Балқаш-Iле бассейндерi, Алакөл көлдер тобы, Бұқтырма және Шардара су қоймалары бойынша - тек Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң оңды қорытындысы болғанда ғана;
      - басқа да балық шаруашылығы су айдындары бойынша - балық қорғау органдары дайындаған және енгiзген ұсыныстар бойынша қабылданады деп белгiленсiн.
      Оның үстiне, ұсыныстарды тиiстi түрде дайындау және көрсетiлген шешiмдердi қабылдау үшiн негiз мүдделi жақтың (N 1 қосымша) жазбаша өтiнiшi (өтiнiмi) және соған қоса берiлетiн көзделген шаруашылық қызметiнде осы жағдайда қолданылатын технология мен аулау құралдарының экологиялық сараптамасының оңды қорытындысы болып табылады.
      2. Атқарушы өкiмет облыстық органдарының шешiмi қабылданғаннан кейiн табиғат пайдаланушылар мен балық қорғау органдарының арасында су айдындарын пайдалануға, балық пен басқа да су жануарларын өндiруге шарт жасалады (N 2 қосымша). Шартқа мiндеттi қосымша қызметiн су айдынының учаскесiнiң төлқұжаты (N 3 қосымша) карта-схема және су айдынының тексеру актiсi атқарады.
      2.1. Су айдыны учаскесi төлқұжатын және су айдыны (учаскесi) карта-схемасын дайындау мақсатымен балық шаруашылығы су айдынын (учаскесiн) тексерудi балық қорғау органдарының ихтиологиялық қызметi жүзеге асырады.
      3. Орал-Каспий су айдындары Балқаш-Iле бассейндерi, Алакөл көлдер тобы, Бұқтырма және Шардара су қоймалары бойынша шарттар жасау үшiн материалдарды бассейндiк басқармалар мен балық қорғау облыстық мемлекеттiк балық инспекциялары дайындап, түбегейлi ресiмдеу үшiн балық қорғау республикалық органына жiбередi.
      3.1. Өтiнiмдердi қарауды және балықты кәсiпшiлiк аулауға құқық беру мен балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiту туралы шешiм қабылдау үшiн ұсыныстарды дайындауды балық аулау көлемiнiң (лимитiнiң) бекiтiлген тәртiбiн негiзге ала отырып, атқарушы өкiмет органдары өкiлдерiнiң қатысуымен конкурс негiзiнде (тендер) балық қорғау органдары жүргiзедi.
      4. Балық қорғау органдары берген балық аулау көлемi (лимитi)
көрсетiлген балық кәсiпшiлiгiн жүргiзуге жыл сайынғы рұқсатты
(кәсiпшiлiк билетiн) бере отырып, үш жылғы дейiнгi мерзiмге шарт
жасалады (N 4 қосымша).
     5. Су айдынын пайдаланушы балық кәсiпшiлiгi су айдынында
(учаскесiнде) белгiленген нысанда кәсiпшiлiк журналын жүргiзуге (N 5
қосымша) және оны балық қорғау органдарының талап етуi бойынша
ұсынуға мiндеттi.

     Келiсiлдi
                                              N 1 қосымша

      Су айдынының (учаскесiнiң) санатына
     ___________________________________
     байланысты кiмге берiледi
     ___________________________________
 

               Балық, басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк
             аулауға және балық шаруашылығы су айдындарын
                 (учаскелерiн) бекiтуге құқық беретiн
                                ӨТIНIМ

     1. Өтiнiм берушiнiң атауы, ведомстволық қарауы, реквизиттерi,
мекен-жайы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     2. Су айдындарының (учаскелерiнiң) әкiмшiлiк-аумақтық тұрған
жерi, ауданды немесе ұзындығы, кәсiпшiлiктiң шекаралары ___________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      3. Су айдынында (учаскесiнде) аулауға жататын кәсiпшiлiк
балықтардың тiзбесi, оларды аулаудың, соның iшiнде тоқсан бойынша
аулаудың көлемi ___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      4. Кәсiпшiлiк қолдануға жататын аулау құралдары (көздерiнiң
өлшемi, мөлшерi, саны) ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      5. Ұсыныс берушi балық қорғау органының атауы_________________
___________________________________________________________________
      6. Экологиялық сараптамаға оңды қорытынды берген табиғат қорғау органының атауы_____________________________________________
___________________________________________________________________
      7. Су айдындарының (учаскелерiнiң) бекiтiлу мерзiмi __________
___________________________________________________________________
      8. Табиғатты пайдаланғаны үшiн төлемдердi төлеудiң мерзiмi және мөлшерi________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Қосымша: 1. Балық қорғау органының ұсынысы
              2. Экологиялық сараптама қорытындысы

     Ескерту: Өтiнiм үш дана, бiрiншi берiлетiн жаққа, балық қорғау
              органына, өтiнiм берушiге ресiмделедi.

     _________________________         ___________________________
     (Өтiнiмнiң берiлген күнi)         (Өтiнiм берушiнiң тегi, аты,
                                       әкесiнiң аты және қолы)

                                                       N 2 қосымша

     Қазақстан Республикасының    Елтаңба   Министерство
     Экология және биоресурстар             Экологии и биоресурсов
     министрлiгi                            Республики Казахстан

                           ҚАЗБАСБИОРЕСУРСТАРЫ

               Биологиялық ресурстарды қорғау, үдемелi өсiру
                  және пайдалану жөнiндегi бас басқарма

     _____________________ қаласы         19___ ж. "__"___________

     Бiз, төменде қол қоюшылар, жануарлар дүниесiн мемлекеттiк
басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген орган __________________________
___________________________________ бұдан әрi "балық қорғау органы"
деп аталатын орган атынан, бiр жағынан, ___________________________
________________________________________________ негiзiнде iс-қимыл
жасайтын бастық арқылы ____________________________________________
және бұдан әрi "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" деп аталатын,
екiншi жағынан, ___________________________________________________
негiзiнде iс-қимыл жасайтын оның басшысы арқылы ___________________
___________________________________________________________________
төмендегi жөнiнде осы шартты жасады:

                       I. ШАРТ НЫСАНАСЫ

     "Балық қорғау органы" бердi, "су айдынын (учаскесiн)
пайдаланушы" мөлшерi мен шекарасы шартқа қоса берiлетiн төлқұжатта
көрсетiлген биоресурстарды пайдалану құқығына (балықты кәсiпшiлiк
аулауды жүргiзуге, басқа да су жануарларын өндiруге) ие болды.
___________________________________________________________________

                 II. ТАРАПТАРДЫҢ МIНДЕТТЕМЕЛЕРI

     1. "Балық қорғау органы":
     а) "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" кәсiпшiлiк балықтардың жас өскiндерiн құтқарумен және балық өсiрумен айналысуға мiндеттi шекараны (ауданын, ұзындығын) және т.б. анықтауға;
      б) "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" жүргiзетiн балық өсiру-мелиорация жұмыстарына бақылауды қамтамасыз етуге;
      в) "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" қызметкерлер арасында балық қорғау, балық өсiру және балық шаруашылығы мелиорациясы, су айдыны биоресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiнде бұқаралық түсiндiру жұмыстарын (әңгiме, лекция және т.б.) жүргiзуге мiндеттенедi.
      2. "Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" өзiне берiлген су айдынын учаскесiн басқа ұйымдарға тапсыруға құқылы емес және:
      а) су айдыны (учаскесi) биоресурстарын пайдаланғанына төлемдi дер кезiнде және толық көлемде енгiзуге;
      б) су айдындарының балық қорлары мен басқа да биоресурстарын қорғауға, балық қорғау ережесiн сақтауға;
      в) балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнiң шекараларын балық қорғау органдарының нұсқауы бойынша арнайы белгiлермен белгiлеуге;
      г) балық кәсiпшiлiгi қостарын және аулау құралдарын таңдаған жерлердегi жағалау учаскелерiн тиiстi санитарлық күйде ұстауға;
      д) балық кәсiпшiлiгi су айдынын (учаскесiн) соған арналған аулау құралдарымен толық пайдалануға;
      е) балық кәсiпшiлiгi су айдынында (учаскесiнде) белгiленген нысан бойынша балық кәсiпшiлiгi журналын жүргiзуге және оны балық қорғау органдарының талап етуi бойынша көрсетуге, сондай-ақ балық қорғау органына ай сайын айдың 5-күнiне қарай балықты түрлерi бойынша аулау және кәсiпшiлiк жағдайы бойынша деректер туралы мәлiметтердi берiп тұруға;
      ж) су айдындарынан балық аулаудың және басқа биоресурстардың лимитiнен асып кетпеуге;
      з) балық қорғау органдарымен келiсiлген жыл сайынғы бекiтiлген жоспарға сәйкес балық өсiру, жас өскiндердi құтқару, табиғи су айдындарындағы мелиорация және балық жүретiн учаскелердi тазарту жөнiндегi жұмыс жүргiзуге;
      и) су айдындарында өндiрiлетiн гидробионттарды үдемелi өсiру, олардың азық базасы мен үйлесiмдi саны үшiн жағдайларын сақтауды және ұстануды қамтамасыз етуге;
      к) балық қорғау органының рұқсатынсыз балық кәсiпшiлiгi су айдынының (учаскесiнiң) табиғи жағдайларын өзгертетiн жұмыстарды жүргiзбеуге;
      л) балық өсiретiн зауыттарға, бақылау-байқау пункттерiне, ғылыми-зерттеу ұйымдарына шартты бастамалармен аталықтары мен әр түрлi жастағы балықтарды беруге;
      м) кез келген уақытта балық қорғау органы қызметкерлерiн өндiрiс мекен-жайлары мен ғимараттарының учаскесiнде тұрған балық аулау кемелерiн, аулау құралдарын, ауланған балықтарды тексеруге жiберуге;
      н) осы бапта көзделген барлық жұмыстарды өз есебi мен өз күшi арқылы жүргiзуге және "балық қорғау органына" жыл сайын 5 қаңтарға қарай ақпаратты берiп тұруға мiндеттенедi.

          III. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

      Балық аулау және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн өндiру режимi Балық аулау ережелерiмен бекiтiлгенге сәйкес белгiленедi.

                       IV. БЕРIЛЕТIН ЖЕҢIЛДIКТЕР

      Бекiтiлген су айдынында (учаскесiнде) балық өсiру-мелиорация жұмыстарын, жас балықтарды құтқару және балық өнiмiнiң жоғары көрсеткiштерiне жету жоспарларын асыра орындағанда "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" кәсiпшiлiк учаскесiн кеңейту, қосымша су айдындарын пайдалануды алу құқығын иеленедi.

                     V. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

     Осы шарттың талаптары мен шарттарын бұзғаны үшiн тараптар заңда белгiленген тәртiппен азаматтық, әкiмшiлiк және қылмыстық
жауапкершiлiктi мойнына алады.
     "Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" Балық аулау ережелерi мен
осы шарттың шарттарын әлденеше рет бұзған жағдайда оны "балық қорғау
органы" белгiлеген тәртiппен бұза алады, ал шартты бұзғанға дейiн
оның күшi тоқтатылуы мүмкiн.

                         VI. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

     Осы шарт даулар қолданылып жүрген құқықтық заңдарға жәнеүкiметаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес белгiленген тәртiппен шешiледi.

                       VII. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР

     Су айдындарының биоресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгiзiледi.
      Су айдынының биоресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерi баға индексiн негiзге ала отырып, тоқсанына бiр реттен аспайтындай түзетiлуi мүмкiн.
      Балық өндiру көлемi ғылыми-зерттеу ұйымдарының ұсыныстарын және белгiленген квоталар мен лимиттердi ескерiп, тоқсандар бойынша
белгiлене отырып, жылына бiр рет белгiленедi.
      Балық шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарын салуға арналған
"су айдынын (учаскесiн) пайдаланушыға" қажеттi жердiң ауданы "су
айдынын (учаскесiн) пайдаланушының" өтiнiшi бойынша белгiленген
тәртiппен бөлiнедi.
     Осы шарт екi данада жасалып, оның бiрiншi данасы______________
___________________________________________________________________
               су айдынын (учаскесiн) пайдаланушыға
берiлдi, екiншi данасы ____________________________________________
                              балық қорғау органында
сақталады.

     Шарттың күшiне енген күнi 19___ ж. "___"____________
     Шарт күшiнiң аяқталатын күнi 19__ ж. "__"____________

     ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ:

     "балық қорғау органы" ________________________________________
                           (атауы, пошталық, телеграфтық мекен-жайы,
     ______________________________________________________________
                            банк реквизиттерi)
     ______________________________________________________________
             (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мөр)
     "Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" _________________________
                                              (атауы, пошталық,
     ______________________________________________________________
                телеграфтық мекен-жайы, банк реквизиттерi)
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
             (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мөр)

     Шарт __________________________________ балық қорғау органында

     N ____________ болып тiркелдi.
     Тiркеудi ресiмдеген күн ______________________
     Шартты тiркеген адам _________________________________________
                             (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты)
                          _________________________________________
                                          қолы

     Ескерту: төлқұжат, карта-схема және су айдынын (учаскесiн)
              тексеру актiсi шартқа мiндеттi қосымша қызметiн
              атқарады.

                                               N 3 қосымша
     Қазақстан Республикасының    Елтаңба   Министерство
     Экология және биоресурстар             Экологии и биоресурсов
     министрлiгi                            Республики Казахстан

                           ҚАЗБАСБИОРЕСУРСТАРЫ

               Биологиялық ресурстарды қорғау, үдемелi өсiру
                  және пайдалану жөнiндегi бас басқарма

                                 ТӨЛҚҰЖАТ

     ______________________________________________________________                  (су айдынының, учаскесiнiң атауы)
     Төлқұжатты толтырған балық қорғау органының атауы ____________
     ______________________________________________________________
     Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы ___________________________
     су айдынының (учаскесiнiң) бекiтiлу мақсаты __________________
                                                      (балық
     ______________________________________________________________
       кәсiпшiлiгi, мәдени балық шаруашылығын немесе әуесқой және
     ______________________________________________________________
                 спорттық балық аулау ұйымдарын құру)

     I. СУ АЙДЫНЫНЫҢ (УЧАСКЕСIНIҢ) ТҰРҒАН ЖЕРI
     1. Облысы ____________________________________________________
         ауданы ___________________________________________________
     2. Су айдынының (учаскесiнiң) атауы __________________________
     ______________________________________________________________
     3. Инспекторлық аудан ________________________________________
        және учаске _______________________________________________

     II. СУ АЙДЫНЫН (УЧАСКЕСIН) СИПАТТАУ
     4. Учаскенiң шекаралары ______________________________________
     ______________________________________________________________

     5. Су айдынының (учаскесiнiң) көлемi:
     - ұзындығы, км _______________________________________________
     - енi, км ____________________________________________________
     - ауданы, га _________________________________________________
     - ең үлкен тереңдiгi, м ______________________________________
     - орташа тереңдiгi, м ________________________________________

     6. Су айдынының (учаскесiнiң) өсу дәрежесi ___________________
                                           (күштi, орташа, әлсiз)
     7. Ихтофаунасының құрамы _____________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________

     8. Аулауға рұқсат етiлген кәсiпшiлiк балықтар тiзбесi ________
     ______________________________________________________________
     9. Су айдынының балық өнiмдiлiгi, кг/га ______________________
     10. Кәсiпшiлiктiң басқа объектiлерi __________________________
     11. Қолдануға рұқсат етiлген аулау құралдары__________________
     ______________________________________________________________
     12. Үлкен ау, шағын ау, салдардың саны және су айдынында
     (учаскесiнде) тұрған тұрақты аулайтын басқа да орындар _______
     13. Су айдынының (учаскесiнiң) өнеркәсiп кәсiпорындарының
     ағындарымен ластануы, өндiрiс қалдықтарымен бүлiнуi __________
     14. Су қоршаулары (су қоршау ғимараттарының сыныптары, қуаты,
     ведомстволық қарауы) _________________________________________
     ______________________________________________________________
     15. Жалпы тәртiптегi басқа да мәлiметтер _____________________
     ______________________________________________________________
     Ескерту: осы төлқұжат екi данада толтырылды және су айдындары
              биоресурстарын пайдалану және су айдынын (учаскесiн)
              бекiту жөнiндегi шарттың ажырамас бөлiгi болып
              табылады.

     Мөрдiң орны

     Балық қорғау органы _________________________________________
                           (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты)
     Мөрдiң орны

     Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы ___________________________
                                           (қызметi, тегi, аты,
                                              әкесiнiң аты)

                   Қазақстан Республикасының Экология және
                           биоресурстар министрлiгi
                             ҚАЗБАСБИОРЕСУРСТАРЫ

               Биологиялық ресурстарды қорғау, үдемелi өсiру
                  және пайдалану жөнiндегi бас басқарма

     Рұқсаттың түбiртегi (Кәсiпшiлiк билетiнiң) N _________________
     Кәсiпшiлiк билетiн берген ____________________________________
                                        (балық өндiретiн
     ______________________________________________________________
                         ұйымның атауы)
     Аулауға құқығы _______________________________________________
                          (балықшылардың саны, бригадирдiң,
     ______________________________________________________________
            жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты)
     Мерзiмi _______________________________________________ дейiн
     ______________________________________________________________
                    (су айдынының, учаскесiнiң атауы)
     балық аулау жүргiзiледi ______________________________________
                                 (аулау құралдарының атауы,
     ______________________________________________________________
                     олардың мөлшерi мен саны)
     Аулау көлемi _________________________________________________
                           (соның iшiнде тоқсан бойынша)
     Табиғат пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерi ___________________
     ______________________________________________________________
     Төлем мерзiмi ________________________________________________
     Жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________
     ______________________________________________________________
     Қолы _______________________________________________
     Мөр орны 19__ ж. "___"____________

                        БИЛЕТ ИЕСIНIҢ НАЗАРЫНА

     1. Кәсiпшiлiк билетi балық қорғау органы инспекторының алғашқыталап етуi бойынша көрсетiледi.
     2. Балық аулау ережелерiн сақтамаған кезде кәсiпшiлiк билетi алып қойылады, ал кiнәлi адамдар жауапкершiлiкке тартылады.
     3. Кәсiпшiлiк билеттiң көшiрмелерi мен дубликаттарын дайындауға
қатаң тыйым салынады.
     4. Кәсiпшiлiк билетi күшiнiң мерзiмi өтсе, күшiн жоғалтқан болып саналады.
     5. Кәсiпшiлiк билетi Қазбасбиоресурстардың тiркеу номерi мен
штампы (пакеттер үшiн), сондай-ақ тиiстi балық инспекциясының мөрi
болғанда ғана жарамды болады.
     6. Қазақстан Республикасының шекаралық суларында балық аулау
Заңға және шекара қорғау органдары белгiлеген шекара аймағы туралы
ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

                                                   N 5 қосымша

                         КӘСIПШIЛIК ЖУРНАЛЫ

     Тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________                                      балықшы-бригадирi
     Су айдынының (учаскесiнiң) атауы _____________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсiпшiлiктi| түрлерi бойынша балықтың |барлық|балық.|қабылдаушының
  жүргiзген |        саны, түйiрi      |аулан.|шының |тегi, аты,
     күн    |__________________________|ғаны, |қолы  |әкесiнiң аты
            | сазан | көксерке | жайын |кг    |      |және қолы
____________|_______|__________|_______|______|______|_____________

     Ескерту: Кәсiпшiлiк журналы балық кәсiпшiлiгiн жүргiзуге құқық
              беретiн құжатқа мiндеттi қосымша болып табылады, жiп
              өткiзiлген журналға басшы қол қояды және мөрмен
              куәландырады.
              Кәсiпшiлiк журналы кәсiпшiлiк билетiн берген облыстық
              мемлекеттiк балық инспекциясының мөрiмен
              куәландырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады