Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19. N 638 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1118-бен тiркелген, 2000 жылғы 16 мамырда N 1118-1119 (23131-23132) "Казахстанская Правдада" жарияланған), "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 366
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiнде N 1514-бен тiркелген) және "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1859-бен тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнде:
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы:
"(мемлекеттiк бiлiм гранты мен мемлекеттiк бiлiм несиесi)" деген сөзден кейiн "бюджеттiк қаражат" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бесiншi абзацта "кадрларды даярлау" деген сөздердiң алдынан "құрылтайшылар белгiлеген және Бiлiм беру ұйымдарына қабылдау ережесiнде бекiтiлген тәртiпке сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта "жоғары оқу орны" деген сөздер "жоғары оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзац алынып тасталсын;
екiншi абзацта "немесе кәсiптiк жоғары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақылы негiзде қысқартылған мерзiмде оқуға кәсiптiк жоғары бiлiмi бар азаматтарды қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады";
6-тармақта "азаматтарды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
екiншi абзацта:
"Мәдениет" деген сөздiң алдынан "021040 - Журналистика мамандығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"031140" деген саннан кейiн "031240" деген санмен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Студенттер қатарына қабылдау үшiн қажеттi ең төменгi баллдың саны кешендi тестiлеудiң нәтижесi бойынша 40 баллды құрайды."
10-тармақ "бiткен" деген сөздiң алдынан "соңынан өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
екiншi сөйлемдегi "45" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
үшінші сөйлемде:
"Мәдениет" деген сөздiң алдынан "021040 - Журналистика мамандығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"031140" деген саннан кейiн "031240" деген санмен толықтырылсын;
төртiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы (шығармашылық) емтихан бойынша 10 баллдан кем алған немесе оларға қатыспаған талапкерлер, осы мамандық бойынша түсу үшiн кешендi тестiлеуге жiберiлмейдi.";
11-1-тармақта:
екiншi абзацта:
"7" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
"8" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"14" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"5-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына түсетiн талапкерлердi кешендi тестiлеу 13 шiлдеде жүргiзiледi";
2-тараудың тақырыбындағы "алуға" деген сөзден кейiн "кешендi" деген сөзбен толықтырылсын.;
13-тармақта:
"азаматтарды" деген сөздер "талапкерлердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Аймақтық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру ережесiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiтедi."
14-тармақта:
"орта кәсiптiк" деген сөздiң алдынан "кәсiптiк бастауыш немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"құжаттың көшiрмесiн" деген сөзден кейiн "суретiмен бiрге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi, және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Шет ел тiлiнде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiндегi нотариальдық расталған аудармасы болуы тиiс. Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте бекiтiлген болуға тиiстi.
Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек адамдар, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектер таңдап алған мамандықтары бойынша оқу үшiн қарсы дәлелдiң жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының (МӘСК) қорытындысын бередi.
Түсу емтиханын тапсырмай мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқығы бар адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты және осы типтiк ережелерде белгiленген мерзiмде олардың таңдаған мамандықтарына түсу туралы өтiнiш бередi.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Кешендi тестiлеуге келген талапкер куәлiгiн (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуi тиiс";
21-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Апелляцияға өтiнiш аймақтық комиссияның төрағасы бекiтетiн, апелляциялық комиссияға Tecтiлеу нәтижелерi хабарланғаннан кейiн келесi күнгi сағат 13-кe дейiн берiледi және бiр тәулiктiң iшiнде апелляциялық комиссияда қаралады. Апелляциялық комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.";
22-тармақта:
"комиссия" деген сөз "конкурстық негiзде" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тағайындауды Министрлiктiң конкурстық комиссиясы оның жұмыс Ережесiне сәйкес жүзеге асырады";
23, 24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады.
Ағымдағы жылдың жалпы орта бiлiм беретiн пәндерi бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңiмпаздары болып табылатын жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi (I, II, IIІ дәрежелi дипломдармен марапатталған), сондай-ақ соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының жеңiмпаздары (I, II, ІII дәрежелi дипломдармен марапатталған) олар жеңiмпаз болып табылатын олимпиада мен ғылыми жарыстардың конкурстардың пәндерiне таңдап алған мамандықтары сәйкес келген жағдайда, мемлекеттiк бiлiм грантын алуға құқылы және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады. Республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың, республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының пәндерiне сәйкес келетiн мамандықтардың тiзбесiн Министрлiк бекiтедi.
24. 4-қосымшаға сәйкес ауылдық бiлiм беру ұйымын бiтiрген ауыл жастарының қатарынан шыққан азаматтар үшiн жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде ауылдың экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан 30 пайыз көлемiнде қабылдау квотасы көзделедi.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкiлдерi үшiн, жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан 2 пайыз көлемiнде қабылдау квотасы көзделедi. Бұл санаттағы азаматтарға мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн бepу мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында бекiтiлген орындардың санына сәйкес мамандарды даярлаудың бағыттары бойынша мемлекеттiк сертификаттардағы баллдарға сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
25. Мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау бiрiншi кезекте осы Типтiк ережелердiң 23-тармағына сәйкес жоғары оқу орындарына конкурстан тыс түсуге құқы бар азаматтарға жүзеге асырылады.
Бұдан әрi мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру белгiленген ауыл квотасын ескерiп, мамандықтар мен тiл бөлiмдерi бойынша мемлекеттiк сертификаттар баллына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм грантын тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн беру бiрiншi кезекте өтiнiште бiрiншi көрсетiлген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады (бiрiншi кезең). Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi.
Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиелерiн берудiң бiрiншi кезеңiнен кейiн қалған бос орынға конкурстың екiншi кезеңi өткiзiледi, онда конкурстың бiрiншi кезеңінен өтпей қалған және екiншi мамандықты көрсеткен (екiншi мәлiмдеген мамандық бойынша конкурс) азаматтар қатысады. Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi.
Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн берудiң екiншi кезеңiнен кейiн қалған бос орынға конкурстың үшiншi кезеңi өткiзiледi, онда конкурстың алғашқы екi кезеңiнен өтпей қалған және үшiншi мамандықты көрсеткен (екiншi мәлiмдеген мамандық бойынша конкурс) азаматтар қатысады. Мамандықтар iшiндегi конкурстық негiзде тағайындау үшiн тiлдiк бөлiмдерден бiр-бiрден бос орын берiледi.
Мемлекеттiк бiлiм гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттiк бiлiм несиесiн берудiң үш кезеңiнен кейiн қалған бос орындар мәлiмделген оқыту нысанына және тiл бөлiмiне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде қайта бөлiнедi.
26. Мемлекеттiк сертификаттар баллдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беру, сондай-ақ бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға тиым салынбаған жағдайда, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге, бала кезден мүгедектерге, үздiк аттестаттары не кәсiптiк бастауыш және орта бiлiмдi үздiк дипломдары бар, содан соң аттестаты не дипломының ең жоғарғы орта баллы бар, бұдан әрi 3-қосымшаға сәйкес бейiндiк пәндер бойынша ең жоғары баллы бар азаматтарға берiледi.";
28-тармақта:
мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Аймақтық комиссия мемлекеттiк бiлiм гранттарын немесе несиелерiн иеленген азаматтарды тиiстi куәлiк алу керектiгi туралы хабардар етедi.";
екiншi абзацта "аймақтық комиссиямен" деген сөз алынып тасталсын;
29-тармақта:
"29" деген сан "27" деген санмен ауыстырылсын;
"жалпы орта" деген сөздерден кейiн "кәсiптiк бастауыш," деген сөздермен толықтырылсын;
"сондай-ақ мемлекеттiк сертификат және/немесе" деген сөздер "мемлекеттiк сертификат, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақта:
бiрiншi абзацта "тиiстi" деген сөз "даярлаудың тиiстi бағытына немесе кәсiптiк жоғары бiлiм мамандығына," деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "куәлiгi" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк бiлiм гранттарын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиелерiн алуға құқық беру туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Осы Типтiк ереженi және Кешендi тестiлеу технологиясын бұзған мемлекеттiк бiлiм гранттары мeн мемлекеттiк бiлiм несиелерi иегерлерiнiң куәлiктерi жоюға жатады.";
2-қосымша 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2003 жылғы 22 ақпандағы
N 116-1 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2000 жылғы 25 наурыздағы
N 247 бұйрығымен бекiтiлген
жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтiк
ережелерiне
2-қосымша
Мемлекеттiк құпиялармен жұмысты талап ететiн
кәсiптiк жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесi
1. 011100 - Картография;
2. 021600 - Юриспруденция мамандандырулар бойынша:
"Жедел-криминалистикалық";
"Тергеу-криминалистикалық";
"Қылмыстық-атқарушылық";
3. 110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
4. 320100 - Қолданбалы геодезия;
5. 320200 - Аэрофотогеодезия;
6. 370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы;
7. 390900 - Ядролық-химиялық технология;
8. 430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу.
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2003 жылғы 22 ақпандағы
N 116-1 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2000 жылғы 25 наурыздағы
N 247 бұйрығымен бекiтiлген
жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтiк
ережелерiне
4-қосымша
Ауыл бiлiм беру ұйымын бiтiрген азаматтарға арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасының жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтары мен даярлау бағыттарының тiзiмi
___________________________________________________________________
Код | Жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтары мен бакалаврлар
| даярлау бағыттарының атауы
___________________________________________________________________
010100 Жаратылыстану ғылыми мамандықтары
___________________________________________________________________
010140 Математика
010440 Физика
010540 Информатика
010740 Химия
010840 Биология
010940 Экология және табиғат пайдалану
011040 География
011240 Метеорология
011340 Гидрология
011440 Геология
011540 Валеология
___________________________________________________________________
020000 Гуманитарлық-әлеуметтiк мамандықтар
___________________________________________________________________
020340 Тарих
020440 Мәдениеттану
020840 Археология және этнология
021040 Журналистика
021240 Қазақ тiлi мен әдебиетi
021340 Орыc тiлi мен әдебиетi
021840 Дінтану
022140 Шығыстану
___________________________________________________________________
030000 Педагогикалық мамандықтар
___________________________________________________________________
030140 Математика
030240 Физика және информатика
030340 Химия және биология
030540 Тарих, құқық пен экономика негiздерi
030640 Тарих және география
030740 Қазақ тiлi мен әдебиетi
030940 Орыс тiлi мен әдебиетi
031140 Дене шынықтыру және спорт
031240 Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру
031340 Кәсіптік оқыту (профиль бойынша)
031440 Педагогика және психология
031540 Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі
031640 Дефектология
031740 Музыкалық білім
031840 Бейнелеу өнері және сызу
031940 Шетел тілі: екі шетел тілі
032040 Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік
032140 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдістемесі мен
педагогикасы
032240 Әлеуметтік педагогика
___________________________________________________________________
040000 Медициналық мамандықтар
___________________________________________________________________
040140 Емдеу ісі
040240 Педиатрия
040340 Медициналық-профилактикалық іс
040440 Стоматология
040540 Фармация
040640 Шығыс медицинасы
040840 Медициналық-биологиялық iс
___________________________________________________________________
050000 Ветеринарлық мамандықтар
___________________________________________________________________
050140 Ветеринарлық медицина
050240 Ветеринарлық санитария
___________________________________________________________________
060000 Мәдениет, өнер және сәулет мамандықтары
___________________________________________________________________
061540 Кiтапханатану және библиография
061640 Бос уақыттың мәдениеттiлiгі iсi
061740 Мұражайлық іс және ескерткіштерді қорғау
062140 Дәстүрлі музыкалық өнер (өнер бойынша)
___________________________________________________________________
070000 Экономика және басқару мамандықтары
___________________________________________________________________
070240 Экономика (профиль бойынша)
070340 Статистика
070440 Мемлекеттік және жергілікті басқару
070540 Маркетинг және коммерция
070740 Бухгалтерлiк есеп және аудит
070840 Кәсiпорындағы экономика және басқару (салалар бойынша)
070940 Ұйым менеджменті (салалар бойынша)
___________________________________________________________________
090000 Пәнаралық мамандықтар
___________________________________________________________________
090540 Техникалық-құқықтық сараптау (салалар бойынша)
090740 Тауартану және тауарлар сараптау (қолданыс аясы бойынша)
091040 Әлеуметтік жұмыс
091340 Ақпараттық жүйелер (салалары және қолданыс аясы бойынша)
091540 Мүлікті кадастрлы-құқықтық сараптау
___________________________________________________________________
140000 Технологиялық машиналар және жабдықтар
___________________________________________________________________
140140 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты көркейту
машиналары мен жабдықтары
140440 Ауылшаруашылығы машиналары мен жабдықтары
140540 Мұнай және газ өнеркәсіптерінің машиналары мен жабдықтары
140740 Тамақ өндірістерінің аппараттары мен машиналары
___________________________________________________________________
170000 Өмір-тіршілік қауіпсіздігі
___________________________________________________________________
170140 Өрт қауіпсіздігі
170240 Еңбек және өмiр-тiршiлiк қауіпсiздiгi
170340 Қолданбалы экология (салалар бойынша)
170440 Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
170540 Төтенше жағдайлардағы қорғау
___________________________________________________________________
180000 Қолданбалы геология және барлау
___________________________________________________________________
180240 Іздестiрулер мен барлаудың геофизикалық әдiстерi
180340 Mұнай және газ геологиясы
180440 Гидрогеологиялық, инженерлiк геология және геоэкология
___________________________________________________________________
200000 Мұнай-газ iсi
___________________________________________________________________
200140 Mұнай мен газ кен орындарын игеру
200240 Mұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау
___________________________________________________________________
210000 Электроэнергетикасы
___________________________________________________________________
210540 Ауылшаруашылығы өндiрiсiн электрлендiру және
автоматтандыру
___________________________________________________________________
220000 Жылу энергетикасы
___________________________________________________________________
220240 Су және отын технологиясы
220540 Шағын кәсiпорындар мен ұйымдардың энергетика жабдықтары
мен энергетика шаруашылығы
___________________________________________________________________
270000 Теңiз техникасы
___________________________________________________________________
270240 Кеменiң энергетикалық қондырғылары мен жабдықтары
___________________________________________________________________
280000 Көлiк техникасы
___________________________________________________________________
280140 Автомобиль және трактор жасау
280340 Көтерiп-тасымалдайтын, құрылыс жол машиналары мен
жабдықтары
280540 Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы
___________________________________________________________________
300000 Көлiктi пайдалану
___________________________________________________________________
300140 Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (көлік түрлері
бойынша)
300440 Жол қатынасын ұйымдастыру
300540 Тиеп-түciру жұмыстарын механикаландыру
___________________________________________________________________
320000 Геодезия
___________________________________________________________________
320140 Қолданбалы геодезия
___________________________________________________________________
330000 Электромеханика және электротехникалық жабдықтар
___________________________________________________________________
330740 Көлiк құралдарының электр жабдықтары
330840 Технологиялық кешендердiң электржетегi мен
автоматтандырылуы (салалар бойынша)
___________________________________________________________________
380000 Радиоэлектроника және телекоммуникации
___________________________________________________________________
380140 Байланыс желiлерiн жалғау жүйелері
380740 Жылжымалы байланыс жүйелерi мен құралдары
380940 Радиобайланыс және радионавигация
___________________________________________________________________
400000 Кең тұтынылатын бұйымдар мен тауарлардың технологиясы
___________________________________________________________________
400340 Үлбiр және былғары технологиясы
400440 Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдардың технологиясы
420000 Азық-түлiк тағамдары технологиясы
420140 Астық өңдеу және наубайхана өнiмдерi технологиясы
420240 Кондитер және қантты тағамдар технологиясы
420340 Консервiлер, тағамдық концентраттар және субтропиктiк
тағамдар технологиясы
420440 Ашыту өндiрiстерi мен шарап жасау технологиясы
420540 Ет және сүт тағамдары технологиясы
420640 Балық тағамдары және май технологиясы
420740 Қоғамдық тамақтандыру мен арнайы тағайындалатын тағамдар
технологиясы
___________________________________________________________________
430000 Құрылыс
___________________________________________________________________
430140 Өнеркәсiптiк, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы
430640 Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау
430840 Құрылысты механикаландыру, автоматтандыру және
механикалық жабдықтар
___________________________________________________________________
440000 Көлiк құрылысы
___________________________________________________________________
440140 Темiр жолдар салу, жол және жол шаруашылығы
440240 Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу
440340 Көпiрлер мен көлiк тоннельдері
___________________________________________________________________
450000 Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының мамандықтары
___________________________________________________________________
450140 Агрономия
450240 Жемiс, көкөнiс және жүзiм шаруашылығы
450340 Фермерлiк iс
450440 Агроэкология
450540 Агрохимия және өсiмдiктердi қорғау
450640 Өсiмдiк шаруашылығының селекциясы және технологиясы
450740 Мал шаруашылығының селекциясы және биотехнологиясы
450840 Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу
технологиясы
450940 Аңшылықтану мен аң шаруашылығы
451040 Ихтиология, өнеркәсіптiк балық аулау және балық
шаруашылығы
451140 Су ресурстары және суды пайдалану
451240 Жердi мелиорациялау, рекультивациялау және қорғау
451340 Ауыл шаруашылығы өндiрiсін механикаландыру
451440 Агротехникалық ceрвис
451540 Орман және парк шаруашылығы
451640 Орман инженерлiгi iсi
451740 Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн стандарттау және ceртификаттау
___________________________________________________________________
460000 Жерге орналастыру және жер кадастры
___________________________________________________________________
460140 Жер ресурстарын басқа және жерге орналастыру
460240 Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi бағалау
___________________________________________________________________
510000 Жаратылыстану ғылымдары
___________________________________________________________________
510130 Математика
510430 Физика
510730 Химия
510830 Биология
510930 Экология
511030 География
511230 Гидрометеорология
511430 Геология
___________________________________________________________________
520000 Гуманитарлық және әлеуметтiк-экономикалық ғылымдар
___________________________________________________________________
520330 Тарих
520430 Мәдениеттану
520530 Коммерция
520830 Экономика
521030 Журналистика
521530 Әлеуметтiк жұмыс
521730 Өнер түрлерi бойынша
521830 Дiнтану
521930 Дене шынықтыру
522130 Шығыстану
522230 Менеджмент
522330 Статистика
___________________________________________________________________
540000 Пәнаралық ғылымдар
___________________________________________________________________
540330 Педагогика
540430 Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару
541530 Ақпараттық жүйелер (салалар және қолданыс аясы бойынша)
___________________________________________________________________
550000 Техникалық ғылымдар
___________________________________________________________________
551630 Стандарттау, ceртификаттау және метрология
551730 Өмiр-тiршiлiк қауіпсiздiгi
553230 Геодезия және картография
554130 Ағаш өңдеу өндiрiстерiнiң технологиясы
554230 Азық-түлiк өнiмдерi технологиясы
554330 Құрылыс
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2003 жылғы 22 ақпандағы
N 116-1 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2000 жылғы 25 наурыздағы
N 247 бұйрығымен бекiтiлген
жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтiк
ережелерiне
5-қосымша
Жоғары оқу орындарының тiзбесi
1. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" мемлекеттiк мекемесi.
2. "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттiк мекемесi.
3. "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттiк мекемесi.