Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 26 наурызда N 1432 тіркелген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 25-бабының күшін жою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 92-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2284. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 311-ө бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 311-ө бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-ө бұйрығымен бекітілген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты (бұдан әрi - Нұсқаулық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 26 наурызда N 1432 тіркелген) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Нұсқаулықтың 25-тармағының күші жойылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады