Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 1 наурыздағы N 87 бұйрығымен .
------------Бұйрықтан үзінді------------------
Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай бұйрықтардың күшi жойылсын деп есептелсiн:
1) "Кеден саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде N 2338 нөмiрiмен тiркелген 2004 жылғы, N 37-40 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актілерінің бюллетенiнде 1016-құжат болып жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының N 2003 жылғы 17 мамырдағы N 213 бұйрығы...
Ескерту: 1-тармақтың 1) тармақшасына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 28 наурыздағы N 122 бұйрығымен
.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енедi.
Төраға
------------------------------
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің
59-тарауына
сәйкес, кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесі бекітілсін.
2. Кедендік кірістер департаменті (И.В. Тен) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж. Мулкинге жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 213 бұйрығымен
бекітілген
Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және
өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру
ЕРЕЖЕСІ
Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз ).
1. Осы, Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексерудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 59-тарауына сәйкес әзірленді және олардың сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың (бұдан әрі - тексерілетін субъект) сақтауын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Ережедегі "кеден ісі саласындағы өзге де қызмет" деген сөзбен кеден ісі саласында белгілі бір қызмет түрін (кеден тасымалдаушысы, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, бос қойма, бажсыз сауда дүкені, кеден брокері) көрсетуге алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түсіндіріледі.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз
).
3. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру Кеден кодексінің
459
,
459-1 баптарында
көзделген негіздер және кезеңділік бойынша жүргізіледі
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз
).
4. Тексеруді кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің олардың қызметтік міндеттеріне сәйкес тексеру жүргізуге өкілеттігі бар лауазымды адамдары жүргізеді.
5. Қажет болған жағдайда кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеруді басқа мемлекеттік органдарды тарта отырып кеден органдары жүргізеді.
6. Тексерудің алдында тексерілетін субъект туралы алдын ала ақпараттарды жинақтау мақсатында кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауындағы мәліметтер мен ақпараттарды пайдалана отырып, сондай-ақ кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне Кеден кодексінің 472-бабына сәйкес ұсынылған ақпараттарды пайдаланып дайындық жұмысы жүргізіледі.
7. Дайындық жұмысы аяқталғаннан кейін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тексеру жоспарын жасайды, оның негізінде тексеру жүргізуге арналған нұсқама беріледі.
8. Тексеру жүргізуге арналған нұсқамаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) немесе кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе олардың орнындағы адамдар қол қою қажет.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз
).
9. Нұсқама елтаңбалық мөрмен расталған, белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) Тексеру жүргізуге арналған нұсқамаларды тіркеу журналына (бұдан әрі - Нұсқамаларды тіркеу журналы) тіркелген және белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінде және (немесе) оның аумақтық органдарында (бұдан әрі - ҚСжАЕК) тіркелген болуы тиіс.
10. Ұйғарым Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 2744 болып тіркелген "Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулерін ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы
N 12
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқауға
2-қосымшасымен
бекітілген нысаны бойынша Шаруашылық субъектілердің қызметін тексерулерді, ф.-1П карточкаларын және оларға талон қосымшаларын тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркелуі қажет.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз
).
11. Тексерілетін субъекті не оның өкілі нұсқаманы қабылдаудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы екі куәлардың қатысуымен еркін нысанда, тексерілетін субъекті не оның өкілі нұсқаманы қабылдаудан бас тартқандығы туралы акт жасайды.
12. Тексерудің мерзімі Кеден кодексінің 462-бабының 2-тармағына сәйкес ұзартылған жағдайда тексерілетін субъект немесе оның өкілі 3 жұмыс күнінің ішінде тексеру мерзімінің ұзартылғандығы туралы хабардар етіледі.
13. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары Кеден кодексінің 464-бабының 1-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыруға құқылы.
14. Егер тексеру жүргізудің барысында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды куәландыратын құжаттар табылған жағдайда кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары құжаттарды алуды Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
15. Тексерілетін субъекті не оның өкілі істерге алынған құжаттар түпнұсқаларының орынына қойылатын алынған құжаттардың көшірмесін түсіруге құқылы, бұл туралы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы құжаттарды алып қою актісіне белгі жасайды.
16. Алынған құжаттар нөмірленген және бауланған болу қажет.
17. Құжаттарды алып қою актісіне кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары және тексерілетін субъекті не оның өкілі қол қояды. Тексерілетін субъектіге не оның өкілі құжаттарды алып қою актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы тиісті жазба жасалады.
18. Құжаттарды алып қою актісі екі данада жасалады. Оның біріншісі тексерудің материалдарына қоса беріледі, ал екіншісі тексерілетін субъектіге не оның өкіліне тапсырылады.
19. Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тексерілетін субъектіге не оның өкіліне қайтарылады.
20. Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексеруді аяқтауы және тексеру актісін жасау Кеден кодексінің 465-бабына сәйкес жүргізіледі.
21. Егер тексеру құқық қорғау немесе өзге мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жүргізілген жағдайда, тексеруді тағайындаған органды тексерудің нәтижелері туралы хабардар ету үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі куәландырған тексеру актісінің көшірмесі сол органға жіберіледі.
22. Тексеру актісі нөмірленген, бауланған және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітілген болуы тиіс, белгіленген нысандағы (3-қосымша) Сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерді тексеру актілерінің (анықтамаларының) есебін жүргізу журналында тіркеледі.
23. Тексерудің нәтижесінде алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек кеден мақсаттарында ғана қолданылуы мүмкін. Мұндай ақпараттарды жария етуге, Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының жеке мақсаттарында пайдалануына, Кеден кодексінің 26-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға беруге рұқсат етілмейді.
25. Тексерудің материалдарына кедергісіз қол жеткізуге:
1) Уәкілетті органның басшылығына;
2) тексеруді тағайындаған және жүргізген кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшылығына;
3) тексеруді жүргізген кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына рұқсат етіледі.
26. Тексеру материалдарына өзге тұлғалардың қол жеткізуі тек Уәкілетті орган немесе кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының немесе олардың орнындағы өзге адамдардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
27. Қазақстан Республикасы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің (тексеруді жүргізген адамдардан басқа) мен құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарының тексеруге қатысқан лауазымды адамдары тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің материалдарымен Уәкілетті орган немесе кеден органы басшысының немесе олардың орнындағы өзге адамдардың рұқсатымен ғана таныса алады.
28. Белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) тексеру материалдарымен танысқан адамның лауазымы, қысқаша аты-жөні және тегі, танысу күні мен нысаны, танысу үшін негіздеме көрсетілетін тексерудің материалдарымен танысу парағында тексерудің материалдарымен танысу туралы тиісті жазба жасалады.
29. Әрбір тексерілетін субъект бойынша тексеру материалдары белгіленген нысан бойынша (5-қосымша) тексеру материалдары бойынша істе (бұдан әрі - іс) міндетті түрдегі:
1) іс материалдарының тізімдемесі (құжаттардың атауы және парақтарының нөмірі көрсетіледі);
2) кеден немесе өзге мемлекеттік органдардың шешімдері;
3) тексерудің актілері (анықтамалары), оларға қосымшалары;
4) тексеру жүргізудің жоспары;
5) тексеру жүргізу үшін нұсқама;
6) тексеру жүргізу үшін бұйрықтың көшірмесі;
7) тексеру материалдарымен танысу парақтары;
8) тексерудің өзге де материалдары (тексерілетін субъект құжаттарының көшірмелері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың, тексеру мәселелері жөніндегі ұйымдардың жауаптары, басқа құжаттар мен мәліметтер);
9) істі бекітушінің парағы қоса салынып сақталуға жатады.
30. Істің соңында жеке парақта нөмірленген парақтардың саны цифрмен және жазба түрінде қойылатын, нөмірлеуді түзету көрсетілетін, лауазымы, аты-жөні мен тегі көрсетілген жеке нөмірлік мөрімен куәландырылған істі ресімдеген адамның қолы, сондай-ақ, іс жасалған күні қойылатын жазба жасалады.
31. Егер материалдар уақытша шешілсе, уақытша жеке құжаттар алынса, бұл туралы тиісті жазба жасалады. Бұл ретте істің материалдарында алынған құжаттың көшірмесі қалдырылуы тиіс.
32. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі іс-әрекеті тексеру жүргізіліп отырған адамға қатысты заңсыз нұқсан келтірмеуі тиіс.
33. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және оның лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде заңсыз шешімдердің, әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) салдарынан адамдарға және олардың мүлкіне келтірілген шығындар мен зияндар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 213 бұйрығымен бекітілген
Кеден ісі саласындағы сыртқы
экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды
тексерудің ережесіне
1-қосымша
Тексеру жүргізуге арналған нұсқамаларды тіркеу журналы
____________________________________________________________________
N, тексеруді | Тексеруді | Тексеруді жүзеге | Тексерілетін
және кәртішкені|тағайындаған |асыратын органның | субъектінің
тағайындау |адамның тегі, | атауы, тексеруші | атауы, мекен-
туралы актінің | аты-жөні, | адамының тегі, | жайы, СТН,
тіркелу күні | лауазымы, | аты-жөні, | тексерілетін
| тексеруші | лауазымы | субъекті
| органның | | басшысының
| атауы | | тегі, аты-жөні
____________________________________________________________________
1 2 3 4
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Қызмет|Тексеру.| Тексеру |Тексерудің| Актінің тіркелу| Тіркеуші
түрі | дің | жүргізу.| мерзімін |және кәртішкенің|органның акті
| түрі | дің | ұзарту | тапсырылған | мен кәртіш.
| | мерзімі | туралы |күні, құжаттарды| кені алған
| | | белгі | тапсырған | қызметкері.
| | | (күні) | адамның қолы | нің қолын
| | | | | алған күн
____________________________________________________________________
5 6 7 8 9 10
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_________________________________
Талон-қосымшаны | Тексеру
алған күні, талонды|жүргізілген
тапсырған | жоқ
адамның қолы |(негіздеме)
_________________________________
11 12
_________________________________
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 213 бұйрығымен бекітілген
Кеден ісі саласындағы сыртқы
экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды
тексерудің ережесіне
2-қосымша
Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық
және өзге де қызметтерге тексеру жүргізу туралы
N _____ нұсқама
"____" _________ 200 _ жыл _____________________________
(түсініктеме жасалған орын)
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің
59-тарауына
сәйкес
1.__________________________________________________________________
(тексеруді жүзеге асыратын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
2.__________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның толық атауы)
тексеруді жүргізсін.
3. Тексерілетін тұлғаның СТН-ы _____________________________________
4.__________________________________________________________________
(тексерудің мақсаты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Тексеру жүргізуге уәкілетті адамдардың лауазымы, аты-жөні _______
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Тексеру жүргізудің мерзімі ______________________________________
7. Тексерілетін кезең ______________________________________________
Кеден ісі мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесінің бастығы ___________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, тегі,)
М.О. N 0000000
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 213 бұйрығымен бекітілген
Кеден ісі саласындағы сыртқы
экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды
тексерудің ережесіне
3-қосымша
Сыртқы экономикалық және өзге де
қызметтерді тексеру актілерінің (анықтамаларының)
есебін жүргізу
ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________________________
р/б| | | | |Тексеру актісі бойынша
N | | | | | қосымша есептелген
| | | | | кеден төлемдері,
| | | | | экономикалық
|Тексеріле.| Тексеру |Тексеруші.|Тексеру|санкциялар, өсімдердің
|тін тұлға.|актісінің | лердің |жүргі. | сомалары
| лардың |(анықтама.|аты-жөні, |зудің |_______________________
| атауы | сының) | тегі |мерзімі| Төлем |Тексеру актісі
| | нөмірі | | |түрлері|бойынша қосымша
| | | | |бойынша| есептелген
| | | | | | төлемнің
| | | | | | барлығы
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6-11 12
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Тексерілетін|Тексеру |Бұзушылық.| Төлеу | Тексеру актісі
тұлға қарсы.| актісі |тарды жою |(сомаларды| бойынша төленген
лығының N |бойынша | бойынша | өндіріп | (өндіріп алынған)
мен күні |шешімнің|ақпараттың|алу) үшін | төлемдердің сомасы
| N мен | түскен |құжаттың |_____________________
| күні | күні | N мен | Төлем | Төленген
| | | күні | түрлері | барлығы
| | | | бойынша |
____________________________________________________________________
13 14 15 16 17-22 23
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_______________________________________________
Кеден ісіндегі | Тексеру | Ескерту
бұзушылықтар туралы/| материалдарын |
іс бойынша іс | іске асырудың |
жүргізуден бас тарту|өзге нәтижелері|
туралы N мен күні | |
_______________________________________________
24 25 26
_______________________________________________
6, 17 - кеден алымдары; 7, 18 - кеден баждары;
8, 19 - қосымша құнға салынатын салық; 9, 20 - акциз;
10, 21 - өсімпұл; 11, 22 - айыппұл
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 213 бұйрығымен бекітілген
Кеден ісі саласындағы сыртқы
экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды
тексерудің ережесіне
4-қосымша
Тексеру материалдарымен танысу
ПАРАҒЫ
____________________________________________________________________
Р/б| Күні| Тексеру |Танысу | Танысудың |Таныстырған | Танысқан
N | |материалда.| үшін | нысаны | адамның | және
| | рымен |негіз. | (көлемі) | аты-жөні, |таныстырған
| | танысқан | деме | | тегі, | адамдардың
| | адамның | | | лауазымы | қолдары
| | аты-жөні, | | | |
| | тегі, | | | |
| | лауазымы | | | |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________
(кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесінің атауы) ____________________________
"Тексерудің материалдарымен таныстым" ___________________________
(кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесінің басшысы)
"_____" ________________ 200 __ жыл
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 17 мамырдағы
N 213 бұйрығымен бекітілген
Кеден ісі саласындағы сыртқы
экономикалық және өзге де
қызметтерге қатысушыларды
тексерудің ережесіне
5-қосымша
Тексеру материалдары бойынша
N _______ ІС
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның атауы, мекен-жайы, СТН)
___________ парақта
200 __ жыл