"Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3885. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 1 наурыздағы N 87 бұйрығымен

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 1 наурыздағы N 87 бұйрығымен .

------------Бұйрықтан үзінді------------------

      Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай бұйрықтардың күшi жойылсын деп есептелсiн:
      3) "Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 213 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі - Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетi төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 364 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттiк тiркеу тізiлiмiнде N 3885 болып тiркелген, 2005 жылғы 23 қарашадағы N 217 "Заң газетінде", 2005 жылғы 26 қарашадағы N 49 (258) "Ресми газетте" жарияланған)...
       Ескерту: 1-тармақ 3) тармақшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 28 наурыздағы N 122 бұйрығымен .
       4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енедi.

      Төраға
------------------------------      

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  459 459-1-баптарына  сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 213  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2338 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1016-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Бұл ретте, осы Ережемен белгіленген талаптар лицензиаттардың Кеден кодексімен белгіленген біліктілік талаптарын сақтауы бөлігінде кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын іс-шараларға таратылмайды" деген сөздері алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру Кеден кодексінің 459, 459-1 баптарында көзделген негіздер және кезеңділік бойынша жүргізіледі";

      8-тармақтағы "Агенттік" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Ұйғарым Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 2744 болып тіркелген "Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулерін ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы  N 12  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқауға  2-қосымшасымен  бекітілген нысаны бойынша Шаруашылық субъектілердің қызметін тексерулерді, ф.-1П карточкаларын және оларға талон қосымшаларын тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркелуі қажет.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Посткедендік бақылау басқармасы (Д.Т. Мамашева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.И. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Т.И. Сунтаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы Вице-министрі -
      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады