Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең aз тәуекел санатына жатқызудың және кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2349. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 240 (V053757) бұйрығымен (бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң  371 470-баптарына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың;
      2) Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесі бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспасөз қызметi (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

"Сыртқы экономикалық қызметке    
қатысушыларды ең аз тәуекел     
санатына жатқызудың және      
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған 
тәртiбiн қолданудың ережесiн    
бекiту туралы"           
Қазақстан Республикасының     
Кедендiк бақылау агенттiгi    
төрағасының           
2003 жылғы 29 мамырдағы    
N 258 бұйрығымен        
бекiтiлген           

  Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел
 санатына жатқызудың ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  470-бабына  сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрi - СЭҚ) қатысушыларды айқындаудың тәртiбiн белгілейді.

      2. Қызмет аймағында тіркелген кеден органына СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесін қоса бере отырып жазған оның жазбаша өтініші СЭҚ-қа қатысушының ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшін негіздеме болып табылады. Өтінішті қарау мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен

      3. Мыналар:
      ең аз тәуекел санатына кеден төлемдерi мен салықтарын мемлекеттiң бюджетiне жылдың ішінде уақытылы және толық төлеу;
      осындай құқық бұзушылықтар үшiн белгiленетiн талап арыз мерзiмiнiң көнелігi ішiнде Қазақстан Республикасының кеден және валюталық заңнамасын бұзушылықтардың болмауы;
      жылдың ішінде экспорттық валюталық түсімдердің/экспорттық-импорттық мәмiлелер жөніндегі импорты бойынша түсiмдердiң уақытылы қамтамасыз етiлуi;
      СЭҚ қатысушылардың сыртқы экономикалық қызметiн екi жылдан астам уақытта жүзеге асыруы ең аз тәуекел санатына жатқызу өлшемдерi болып табылады;
      тауарлардың кеден шекарасы арқылы өткізілуінің мерзімділігі күнтізбелік жыл ішінде 20 реттен кем емес.
       Ескерту: 3-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен 2004 жылғы 16 шілдедегі N 313   бұйрығымен .

      4. СЭҚ-қа қатысушы ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танылған жағдайда, кеден органы аталған мәліметтерді СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылардың жалпылама тізіліміне енгізу туралы шешім шығару үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен .

      5. Кеден ici мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ең аз тәуекел санатына жатқызылған CЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiн барлық кеден органдарына жiбередi.

      5-1. СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп тану туралы мәліметтерді қарау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын кеден органдарынан құжаттарды сұратады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аталған мәліметтерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      СЭҚ-қа қатысушыға және аумақтық кеден органына жіберілетін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жазбаша қорытындысы СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танудың негіздемесі болып табылады.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен .

      6. Ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiнен СЭҚ қатысушыны шығару мынадай:
      1) көрсетiлген құқық бұзушылықты жасағандығы туралы сот шешiмiнiң болуы шартымен, CЭҚ қатысушы кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықты жасаған;
      2) кеден төлемдерi мен салықтары бойынша берешектер қордаланған жағдайларда кеден органын хабардар ету негiзiнде жүргiзiледi;
      3) жалпылама тізілімге енгізілген тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда.
      Көрсетiлген жағдайларда, кеден органы СЭҚ қатысушыны оның тiзiлiмнен шығарылғандығы туралы 3 жұмыс күнiнiң iшiнде хабардар етедi.
       Ескерту: 6-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен .

"Сыртқы экономикалық қызметке    
қатысушыларды ең аз тәуекел     
санатына жатқызудың және      
кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған 
тәртiбiн қолданудың ережесiн    
бекiту туралы"           
Қазақстан Республикасының     
Кедендiк бақылау агенттiгi    
төрағасының           
2003 жылғы 29 мамырдағы    
N 258 бұйрығымен        
бекiтiлген           

  Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн
қолданудың ережесi

      1. Осы Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi)  371-бабына  сәйкес әзiрлендi және ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрi - СЭҚ) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеуiнiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi:
      оларды бiрдейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердiң ең аз көлемi ұсынылған жағдайда, тауарлар шығаруды;
      оларға қатысты тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi белгiленген СЭҚ қатысушылардың уақытша сақтау орындарында қараудың жүргiзiлуiн қамтиды.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен .

      3. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi "тауарлардың экспорты" және "еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" кеден режимдерiне сәйкес өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде қолданылады.

      4. Оңайлатылған тәртіпті пайдалана отырып тауарларды кедендік ресімдеу кедендік тексеру жүргізбестен, оларды уақытша сақтау орындарға орналастырмастан, сондай-ақ кедендік алып жүру қолданылмастан жүргізіледі. Кедендік тексеру егер тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілді деп санауға негіздеме болған жағдайларда ғана жүргізіледі.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181   бұйрығымен 2004 жылғы 16 шілдедегі N 313   бұйрығымен .

      5. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының кеден органдарына жолдайтын СЭҚ қатысушылардың жалпы тiзiлiмiне сәйкес ең аз тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ қатысушыға қолданылады.

      6. Кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбi кеден iсi саласында жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылық туралы ақпарат немесе күдiк болған жағдайда кеден органдарының кедендiк бақылаудың кез келген нысандарын қолдану мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

      7. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Об утверждении Правил отнесения участников внешнеэкономической деятельности к категории минимального риска и применения упрощенного порядка таможенного оформления

Приказ И.о. Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 29 мая 2003 года N 258. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июня 2003 года N 2349. Утратил силу - приказом Председателя Комитета таможенного контроля МФ РК от 29.06.2005г. N 240 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования (V053757)

     В соответствии со статьями 371 , 470 Таможенного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Утвердить прилагаемые:

     1) Правила отнесения участников внешнеэкономической деятельности к категории минимального риска;

     2) Правила применения упрощенного порядка таможенного оформления.
     2. Управлению правового обеспечения Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Ансарова И.Ы.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
     3. Пресс-службе Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Конлыбаева А.А.) обеспечить опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.
     4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

     5. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     И.о. Председателя

                                       Утверждены
                                  приказом Председателя
                              Агентства таможенного контроля
                                  Республики Казахстан
                               от 29 мая 2003 года N 258
                                "Об утверждении Правил
                                   отнесения участников
                            внешнеэкономической деятельности к
                               категории минимального риска и
                               применения упрощенного порядка
                                    таможенного оформления"


     

                       Правила
         отнесения участников внешнеэкономической
       деятельности к категории минимального риска

     1. Настоящие Правила определения участников внешнеэкономической деятельности, отнесенных к категории минимального риска (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 470 Таможенного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок определения участников внешнеэкономической деятельности (далее - ВЭД), отнесенных к категории минимального риска.
     2. Основанием для определения соответствия участника ВЭД категории минимального риска является его письменное заявление в таможенный орган, в зоне деятельности которого он зарегистрирован, с приложением учетной карточки участника ВЭД. Срок рассмотрения заявления не должен превышать 10 календарных дней. <*>
     Сноска. Пункт 2 в новой редакции - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 .
     3. Критериями отнесения к категории минимального риска являются:
     своевременная и полная уплата таможенных платежей и налогов в бюджет государства в течение года;
     отсутствие нарушений по таможенному и валютному законодательству Республики Казахстан в течение срока исковой давности, установленного для таких правонарушений;
     своевременное обеспечение поступлений экспортной валютной выручки/товаров по импорту по экспортно-импортным сделкам в течение года;
     осуществление участником ВЭД внешнеэкономической деятельности более 2 лет;
     периодичность перемещения товаров через таможенную границу не менее 20 раз в течение календарного года. <*>
     Сноска. Пункт 3 с дополнениями - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 ; с изменениями - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 июля 2004 года N 313.
     4. При признании соответствия участника ВЭД к категории минимального риска, таможенный орган передает данные сведения в уполномоченный орган по вопросам таможенного дела для вынесения решения о включении участника ВЭД в обобщенный реестр участников ВЭД, отнесенных к категории минимального риска. <*>
     Сноска. Пункт 4 в новой редакции - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 .
     5. Уполномоченный орган по вопросам таможенного дела ежеквартально направляет во все таможенные органы обобщенный реестр участников ВЭД, отнесенных к  категории минимального риска.
     5-1. При рассмотрении сведений о признании участника ВЭД к категории минимального риска, уполномоченный орган по вопросам таможенного дела запрашивает документы у таможенных органов, подтверждающие достоверность представленных документов и сведений. Срок рассмотрения данных сведений уполномоченным органом по вопросам таможенного дела не должен превышать 30 календарных дней.
     Основанием признания соответствия участника ВЭД к категории минимального риска является письменное заключение уполномоченного органа по вопросам таможенного дела, который направляется участником ВЭД и в территориальные таможенные органы. <*>
     Сноска. Правила дополнены новым пунктом 5-1 - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 .
     6. Исключение участника ВЭД из обобщенного реестра участников ВЭД, отнесенных к категории минимального риска производится на основании уведомления таможенного органа в следующих случаях:
     1) совершения участником ВЭД правонарушения в сфере таможенного дела, при наличии решения суда о совершении указанного правонарушения;
     2) образования задолженности по таможенным платежам и налогам;
     3) при ликвидации либо реорганизации лица, внесенного в обобщенный реестр.
     В указанных случаях таможенный орган уведомляет участника ВЭД в течение 3-х рабочих дней об его исключении из реестра. <*>
     Сноска. Пункт 6 с дополнениями - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 .

     

                                       Утверждены
                                  приказом Председателя
                              Агентства таможенного контроля
                                  Республики Казахстан
                               от 29 мая 2003 года N 258
                                "Об утверждении Правил
                                   отнесения участников
                            внешнеэкономической деятельности к
                               категории минимального риска и
                               применения упрощенного порядка
                                    таможенного оформления"

                         Правила
              применения упрощенного порядка
                  таможенного оформления

                   1. Общие положения

     1. Настоящие Правила применения упрощенного порядка таможенного оформления (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 371 Таможенного кодекса Республики Казахстан (далее - Таможенный кодекс) и устанавливают упрощенный порядок таможенного оформления товаров и транспортных средств участниками внешнеэкономической деятельности (далее - ВЭД), которые отнесены к категории минимального риска.
     2. Упрощенный порядок таможенного оформления включает в себя:
     выпуск товаров при предоставлении минимального объема сведений, необходимых для их идентификации;
     проведение осмотра на местах временного хранения участников ВЭД, в отношении которых установлен упрощенный порядок таможенного оформления товаров и транспортных средств. <*>
     Сноска. Пункт 2 с изменениями - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 .
     3. Упрощенный порядок таможенного оформления применяется при таможенном оформлении товаров, перемещаемых в соответствии с таможенными режимами "экспорт товаров" и "выпуск товаров для свободного обращения".
     4. Таможенное оформление товаров с использованием упрощенного порядка производится без проведения таможенного досмотра, без их помещения в места временного хранения, а также без применения таможенного сопровождения. Таможенный досмотр производится только в случаях, если есть основания полагать, что товары перемещаются в нарушение таможенного законодательства Республики Казахстан. <*>
     Сноска. Пункт 4 в новой редакции - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 апреля 2004 года N 181 ; с изменениями - приказом Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 16 июля 2004 года N 313.
     5. Упрощенный порядок таможенного оформления применяется к участнику ВЭД, который отнесен к категории минимального риска согласно обобщенного реестра участников ВЭД, направляемого уполномоченным органом по вопросам таможенного дела в таможенные органы Республики Казахстан.
     6. Упрощенный порядок таможенного оформления не исключает возможности применения таможенными органами любых форм таможенного контроля при наличии информации или подозрения о совершенном или готовящемся правонарушении в сфере таможенного дела.
     7. Нарушение требований, установленных настоящими Правилами, влечет ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.