"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда N 2349 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 181 бұйрығы. Қазақстан Репсубликасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2835. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 240 (V053757) бұйрығымен (бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес бұйырамын:
      1. "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда N 2349 тіркелген, 2003 жылғы 16 тамызда "Ресми газетте" N 33 жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу ережесінде:

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қызмет аймағында тіркелген кеден органына СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесін қоса бере отырып жазған оның жазбаша өтініші СЭҚ-қа қатысушының ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшін негіздеме болып табылады. Өтінішті қарау мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс".

      2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "СЭҚ-қа қатысушыда арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды уақытша сақтау орны деп тану туралы кеден органы шешімінің болуы;
      тауарлардың кеден шекарасы арқылы өткізілуінің мерзімділігі күнтізбелік жыл ішінде 50 реттен кем емес.".

      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. СЭҚ-қа қатысушы ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танылған жағдайда, кеден органы аталған мәліметтерді СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған СЭҚ-қа қатысушылардың жалпылама тізіліміне енгізу туралы шешім шығару үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға береді";

      4) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп тану туралы мәліметтерді қарау кезінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын кеден органдарынан құжаттарды сұратады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аталған мәліметтерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      СЭҚ-қа қатысушыға және аумақтық кеден органына жіберілетін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жазбаша қорытындысы СЭҚ-қа қатысушыны ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкес деп танудың негіздемесі болып табылады.";

      5) 6-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жалпылама тізілімге енгізілген тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда.".

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесінде:

      1) 2-тармақта:
      үшінші абзацтағы "және (немесе) кедендік тексеру" деген сөздер алынып тасталсын, "объектілерде" деген сөз "уақытша сақтау орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Оңайлатылған тәртіпті пайдалана отырып тауарларды кедендік ресімдеу кедендік тексеру жүргізбестен, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастырмастан, сондай-ақ кедендік алып жүру қолданылмастан жүргізіледі. Кедендік тексеру егер тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілді деп санауға негіздеме болған жағдайларда ғана жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады