Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 № 484, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.07.19 № 454 (мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) Бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 7 , 9, 11-баптарына және "Ветеринария туралы" Заңының 31-бабына сәйкес бұйырамыз: см. K090193
1. Адамдар мен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурулардың (құтырма) алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитариялық ережелер бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария департаменті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы В. Меркерге және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария департаментінің директоры М.Т. Мыңжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі Премьер-министрінің орынбасары -
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________ _________________
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің Премьер-министрінің орынбасары -
2003 жылғы 14 мамырдағы Ауыл шаруашылығы министрінің
"Санитарлық-эпидемиологиялық 2003 жылғы 15 мамырдағы
және ветеринарлық-санитарлық "Санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар ережелерін бекіту және ветеринарлық-санитарлық
туралы" N 376 бұйрығымен талаптар ережелерін бекіту
бекітілген туралы" N 266 бұйрығымен
бекітілген
Адамдар мен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурулардың
(құтырма) алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі
санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринарлық-санитарлық ереже (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші бар болып табылады.
2. Осы Ережеде мынадай терминдер пайдаланылады:
1) санитарлық ережелер - сақталмаған болса, адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болуы мен таралуы қатері төнетін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның ішінде адам үшін қоршаған ортаның қауіпсіздік критерийлері мен (немесе) факторларының зиянсыздығын) белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
2) ветеринариялық ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізудің тәртібін айқындайтын, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық актілер;
3) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халық денсаулығы мен тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасы заңын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, болдырмау жөніндегі қызметі;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті орган - өз уәкілеттілігінің шегінде ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырушы, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік орган;
5) ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімі - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және өндіруге, импорттау мен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген ветеринарлық препараттар туралы мәліметтерден тұратын тізбе;
6) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуын болдырмау және эпизоотиялық ошақ пен қолайсыз елді мекендерде ветеринариялық-санитарлық салауаттылыққа қол жеткізу мақсатында шаруашылық жүргізу байланыстарын ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринарлық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
7) құтырма - орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім-жітіммен аяқталатын, қоздырғышы рабдовирустар тұқымдастығына жататын жануарлар мен адамдардың табиғи-ошақтық ауруы;
8) құтырманың эпизоотиялық ошағы - инфекция қоздырғышы, берілу факторлары мен қабылдағыш жануарлар болатын шектелген аумақ немесе үй-жай;
9) қолайсыз елді мекен - эпизоотиялық ошақ белгіленген аумақ;
10) эпидемиялық ошақ - адамдардың құтырмамен науқастануының эпизоотиялық ошағы мен жағдайы анықталған жер;
11) қауіп төндіретін аймақ - құтырманың әкеліну қаупі бар немесе табиғи үлгідегі эпизоотиялық ошақ жандандырылған аумақ;
12) табиғи ошақ - ауруды негізгі таратушы жабайы жыртқыш аңдар болып табылатын эпизоотиялық ошақ;
13) инфекция көзі - вирусты түкірігімен бөліп шығаратын және оны тістеу немесе зақымдалған тері қабаттарын, не болмаса сыртқы шырышты қабықшаларды түкіріктеу арқылы тарататын құтырмамен ауыратын жануарлар;
14) құтырма вирусын жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдар - құтырмамен ауыратын немесе онымен ауыратынына күдікті жануар жарақаттаған немесе түкіріктеген адамдар.
3. Жануарлардың құтырмамен ауыруының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезінде эпизоотиялық ошақты, қолайсыз елді мекен мен қауіп төндіретін аймақты ажыратқан жөн. Қауіп төндіретін аймаққа құтырманы әкелу немесе аурудың табиғи ошақтарын жандандыру қаупі бар елді мекендер, мал шаруашылығы қожалықтары, жайлаулар, аңшылық алқаптары мен басқа да аумақтар кіреді.
2. Жануарлар мен адамдар құтырмасының алдын алу
4. Жеке заңды тұлғалар - жануарлардың иелері:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған ауыл шаруашылығы жануарларын, иттерді, мысықтарды, терісі қымбат аңдар мен жыртқыш аңдарды ұстау ережесін сақтайды;
2) клиникалық тексеру мен антирабиялық вакцинамен алдын ала сақтану егулерін жүргізу үшін ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімдерде өздерінің иелігіндегі иттері мен мысықтарын ветеринарлық емдеу-алдын алу ұйымдарына жеткізеді;
3) жеке аулаларына, фермаларға, үйірлерге, отарлар мен табындарға құтырмаға қарсы егілмеген иттерді жібермейді;
4) жабайы аңдардың үйірлерге, отарларға, табындарға, мал шаруашылығы үй-жайларына жіберілмеуіне қатысты шаралар қабылдайды, осы мақсатпен құтырмаға қарсы егілген иттерді пайдалана отырып, оларды тұрақты күзетілетін жайлауларға шығарсын және фермаларда, жемдейтін алаңдарда ұстайды;
5) шаруашылыққа (елді мекен) қызмет көрсететін ветеринарлық маман жануарлардың құтырмамен ауыруына күдікті және ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыш аңдарды, иттердің немесе мысықтардың тістеуі жағдайлары туралы дереу хабарлайды, тістелген жануарлар туралы немесе ауруға күдіктілерді сенімді оқшаулау бойынша тиісті шаралар қабылдауы керек.
5. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды (құтырмамен ауыратындардан басқа) иелерімен немесе иесіз иттер мен мысықтарды аулау жөніндегі арнайы бригадалармен оқшаулау және ветеринарлық мамандар қадағалау үшін 10 күн ішінде жақындағы ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізілуге жатады.
6. Жекелеген жағдайда ғана адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарларды ветеринариялық емдеу ұйымының рұқсаты бойынша 10 күн бойы бұл жануарды оқшауланған үй-жайда ұстаймын және ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы белгілеген мерзімдерде ветеринарлық дәрігерге қарау үшін әкелемін деген жазбаша міндеттеме алған иесінде қалдыруға болады.
7. Оқшауланған жануарларды қадағалаудың нәтижесін осы аумаққа қызмет көрсететін ветеринарлық инспектор немесе ветеринарлық дәрігер-лицензиат арнаулы журналда тіркейді және жазбаша түрде зардап шеккен адамды егетін ұйым мен зардап шегуші адамның тұрғылықты жерінде орналасқан аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды.
8. Оқшаулау мерзімінің аяғында клиникалық белгілер бойынша дені сау жануарлар алдын ала вакциналанғаннан кейін оларды 30 күн бойы оқшаулау шартымен иелеріне қайтарылуы ықтимал. Құтырмамен ауырған жануарлар ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өлтіріледі. P030407
9. Коммуналдық шаруашылық органдары, тұрғын үйді пайдалану ұйымдары, базарлардың әкімдіктері, ет-сүт өндіретін кәсіпорындар, дүкендер, асханалар, мейрамханалар, жатақханалар коменданттары, үй иелері ұйымдардың, базарлардың, үйінділердің, қоқыстар мен басқа да қалдықтар алаңдарын тиесілі санитарлық жағдайда ұстауға міндетті, мұндай жерлерде иесіз иттер мен мысықтардың жиналуына жол бермеуі керек, иттер мен мысықтардың жертөлелерге, шатыр астына және басқа да тұрғын үй емес үй-жайларға кіру мүмкіндігін болдырмау шараларын қабылдайды.
10. Белгіленген нысандағы олардың құтырмаға қарсы вакциналанғаны туралы белгісі бар ветеринарлық куәлігі болған кезде иттер мен мысықтарды сату, сатып алу, ауданнан, облыстан (қаладан), республикадан тыс жерге әкету, республикаға әкелуге рұқсат етіледі. Оларды мемлекеттік шекара арқылы ветеринарлық өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринарлық инспектор тексереді.
11. Жабайы аңдар құтырмасын уақытылы анықтау және оның таралуының алдын алу мақсатында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау органдары, аңшылық қожалықтар, қорықтар қызметкерлері мен тапсырысшылары:
1) дереу ветеринарлық мамандарға науқастану жағдайы немесе жабайы аңдардың әдеттен тыс мінез-құлқы (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға кенеттен ұмтылу) туралы дереу хабарлайды;
2) аңшылық алқаптарда, қорықтар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жыртқыш аңдарды (түлкілерді, жанат тәрізді иттерді, ақ түлкілерді, қасқырларды, қарсақтарды, ши бөрілерді) құтырмаға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;
3) табиғатты қорғау аңшылық инспекциясы мен аңшылық қызметі аңшылардың жолдамалары мен аңшылық билеттерін тексеру кезінде иттердің құтырмаға қарсы егілгені туралы куәландыратын тіркелген куәліктерін тексереді; вакциналанбаған иттер аң аулауға жіберілмейді.
12. Республиканың табиғи ошақтары мен қолайсыз елді мекендері бар барлық елді мекендеріндегі иттер мен мысықтар олардың меншік иелігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімдемесінде тіркелген антирабиялық вакциналарды, оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес пайдалана отырып, құтырмаға қарсы міндетті алдын ала иммундауға жатады. Алдын ала иммундауды жүргізу туралы актіге олардың иелері туралы деректерді (аты-жөні, мекен-жайы) көрсете отырып, вакциналанған иттер мен мысықтардың тізімдемесі қоса беріледі. Жануар паспортына тиісті белгі қойылады.
13. Жабайы аңдардың құтырмасы бойынша эпизоотиялық қолайсыз аймақтарда жұқтыру қаупі төнген барлық ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі мүйізді қара мал, ұсақ мүйізді қара мал, аттар, түйелер), иттер мен мысықтарды құтырмаға қарсы жоспарлы алдын ала иммундау жүргізіледі.
3. Жануарлардың құтырмамен ауыруы кезіндегі іс-шаралар
14. "Құтырма" диагнозы зертханалық зерттеулердің эпизоотологиялық клиникалық, патологоанатомиялық деректері мен нәтижелерінің кешені негізінде қойылады.
15. Құтырмаға зерттеу үшін зертханаға ұсақ малдың - жас өлігі немесе басы, ал ірі жануардың - жаңа сойылған басы жіберіледі.
16. Құтырмаға зертханалық зерттеу дереу жүргізіледі. Зерттеудің нәтижесі туралы патологиялық материалды зертханаға жіберген ветеринарлық маманға және ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына хабарлайды.
17. Ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы жануарларда құтырма жағдайы анықталғаны туралы ақпаратты алған кезде:
1) аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына, көршілес аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына және жоғарыда тұрған ветеринарлық органға дереу хабарлайды;
2) аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдерімен бірлесіп ауру анықталған жерге барады, эпизоотиялық ошақ пен қолайсыз елді мекенді эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді, қауіп төніп тұрған аймақтың шекарасын белгілейді және эпизоотиялық ошақтардың орналасуы мен оларды жою бойынша іс-шаралардың жоспарын әзірлейді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамдар арасында аурудың қайталану жағдайларын болдырмау бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді;
3) жергілікті атқарушы органға бекіту үшін шектеу іс-шараларын белгілеу бойынша материалдарды ресімдейді.
18. Шектеу шарттары бойынша құтырма бойынша қолайсыз елді мекендерде иттер мен мысықтар көрмелерін, иттерді шығару мен тасымалдауды жүргізуге рұқсат етілмейді. Үй жануарларын сату тоқтатылады, иттер мен мысықтарды қолайсыз жерден тыс шығаруға және шектеу белгіленген аумақ пен қауіп төніп тұрған аймақта жабайы аңдарды аулауға (хайуанаттар паркіне әкету үшін, басқа аудандарға әкету мақсатында) тыйым салынады.
19. Ветеринарлық және санитарлық қызметтердің мамандары құтырма бойынша қолайсыз елді мекендерде мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) құтырмаға қарсы егуді қажет ететін адамдарды анықтау үшін қолайсыз елді мекендердің аулаларын (пәтерлерді) тексеру, иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру, ауру бойынша күдікті науқастар мен жұқтырды деген күдік туғызатын жануарларды анықтау;
3) оқшауландырылатын және қадағалауда қалдырылатын тістелген адамдар мен жануарлардан басқа, құтырмамен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды кейіннен жаға отырып, өлтіру;
4) жабайы аңдардың құтырма жағдайы анықталған кезде ауылдық округтер, аудандық (қалалық), облыстар әкімдерінің жабайы аңдарды, иттер мен мысықтарды аулау және ату жөніндегі шешімдерін әзірлеу.
20. Құтырманың эпизоотиялық ошақтарында олардың арасынан құтырма ауруы бойынша аурулар немесе күдіктілер шыққан жануарлар топтарын (ферма, үйір, топ мал, отар, табын) тұрақты қадағалау белгіленеді. Бұл жануарларды күніне кем дегенде үш рет қарайды және оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен алдын ала етеді. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшаулау керек.
21. Жабайы жыртқыш аңдар тістеген клиникалық белгісі бойынша дені сау жануарларды құтырмаға қарсы егілуіне және тұқымына қарамастан, кейіннен жаға отырып, өлтіреді.
22. Оларды өлтіру, сол жерде, ауыл шаруашылығы жануарларының арасындағы құтырма ауруы жағдайы тіркелген шаруашылықта жүргізіледі.
23. Құтырма бойынша қолайсыз ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың, табынның) клиникалық белгі бойынша дені сау малының сүтін,
құтырмаға қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 80-85 о С-да 30 минуттай пастерлегеннен немесе 5 минуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға болады.
24. Құтырма бойынша қолайсыз топтың клиникалық белгі бойынша дені сау малынан алынған жүнді шаруашылықтан ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ол дезинфекциялануға жататыны туралы ветеринариялық куәлікте көрсете отырып, тығыз материалдан жасалған ыдыста қайта өңдейтін кәсіпорынға ғана әкетеді.
25. Құтырма ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттар ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дезинфекцияланады.
26. Шектеуді жергілікті атқарушы органдардың шешімімен (ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы мен ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бірлескен ұсынымы негізінде) жоспарланған алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін алынып тасталады.
4. Эпидемияға қарсы іс-шаралар
27. Құтырмамен ауырған немесе осы ауруға күдікті жануар жарақаттаған немесе түкіріктеген адамдар құтырма вирусын жұқтыру қаупі төнген адамдар деп есептеледі.
28. Құтырма вирусын жұқтыру қаупі төнген адамдарды анықтаған медицина қызметкерлері аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы мен ветеринарлық қызметке олар туралы жедел хабарлауға (шұғыл хабарлама, телефонограмма) міндетті.
29. Аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы әрбір құтырма вирусын жұқтыру қаупі туралы жағдай бойынша хабар түскен әрбір жағдайда:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 ақпандағы "Адамдардың құтырмамен науқастануының алдын алу туралы" N 140 бұйрығына сәйкес зардап шегушіні журналға (060-у нысаны) тіркейді;
2) осындай жағдайларды дереу эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді;
3) зақым келтірген жануарларды оқшаулау және оларды ветеринарлық қадағалауды тағайындау мақсатында ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына зақым келтірген белгілі жануарлар туралы ақпарат береді;
4) құтырма вирусын жұқтыру қаупі төнген және емдеу-алдын ала иммундауды қажет ететін адамдардың топтарын анықтайды және оларды жарақаттану (кабинетіне), ал ол болмаған кезде - хирургиялық кабинетке жібереді.
30. Құтырма вирусын жұқтырған адамдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес емдеу-алдын ала иммундау курсынан өтеді.
31. Құтырмамен ауыратын адамдар жұқпалы аурулар стационарларының жекелеген бокстарына жатқызылады.