-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
44. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 109 (тіркелген N 2408) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 13 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3
бұйрығына
(N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы
N 5
, N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы
N 10
, N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы
N 27
, N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы
N 37
, N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 43
, N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы
N 52
, N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы
N 10
, N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы
N 41
, N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі
N 62
, N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы
N 78
) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
1) бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер" функционалдық тобында:
102 "Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы" әкімшісі бойынша 1 "Мемлекеттік басқарудың өкілдік, атқарушы және жалпы функцияларын орындайтын басқа да органдар" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 200-бағдарламасымен толықтырылсын:
"200 Депутаттардың қызметтік тұрғын үйі үшін жиһаз сатып алу";
619 "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі" әкімшісі бойынша 2 "Қаржы қызметі" кіші функциясында:
301 "Кеден бекеттерін салу және қайта жөндеу" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекетінің аяқталу мерзімі" бағанындағы "01.01.03" сандары алынып тасталсын;
301 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"301 Кеден бекеттерін және кеден инфрақұрылымының объектілерін салу";
9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызмет көрсетулер" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 710 бағдарламасы бар 217 әкімшісімен толықтырылсын:
"217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі";
"710 Сәтпаев қаласының бюджетін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру";
308 "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" әкімшісі бойынша 2 "Қорғаныс" функционалдық тобындағы 2 "төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" кіші функциясында:
032 "Селден қорғау объектілерін пайдалану" бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 032 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"032 Селден қорғау объектілерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын және іс-шараларын жүргізу";
3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобында:
1 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясында:
201 "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" әкімшісі бойынша 206 "Тергеу изоляторларын медициналық жабдықпен жарақтандыру" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"206 Тергеу изоляторларын жабдықпен, байланыс құралдарымен және автокөлікпен жарақтандыру";
251 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істердің атқарушы органы" әкімшісі бойынша 036 "Елді мекендердегі жол қозғалысын реттеу жөніндегі жабдық пен құралдарды пайдалану" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекеттің аяқталу күні" бағанындағы "01.06.03" сандары "01.01.04" сандарымен ауыстырылсын;
618 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі" әкімшісі бойынша 001 "Әкімшілік шығындары" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 030 кіші бағдарламасымен толықтырылсын;
"030 Өткен жылдардың берешегін өтеу";
221 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" әкімшісі бойынша 2 "Құқықтық қызмет" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 044 бағдарламасымен толықтырылсын:
"044 Жылжымалы мүлікке және олармен мәмілелерге жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу";
502 "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы" әкімшісі бойынша 4 "Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет" кіші функциясында 600 "Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттық жүйесін құру" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"600 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараттық жүйесін құру";
4 "Білім беру" функционалдық тобында:
225 "Қазақстан Республикасының Білім министрлігі" әкімшісі бойынша 2 "бастапқы білім, негізгі орта, жалпы орта білім" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 404 және 405 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"404 Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылындағы салынып бітпеген балабақшаны мектепке лайықтап қайта жөндеуге Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне мақсатты инвестициялық трансферттер";
"405 Павлодар ауданының Мичурин орта мектебі үшін 198 орынға арналған оқу корпусын салуға Павлодар облысының бюджетіне мақсатты инвестициялық трансферттер";
618 "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі" әкімшісі бойынша 6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім" кіші функциясында 009 "Жоғары оқу орындарындағы кадрларды дайындау" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 031 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"031 Өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу";
9 "білім беру саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 306 бағдарламасы бар 694 әкімшісімен толықтырылсын:
"694 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы";
"306 Қазақ ұлттық музыка академиясын концерт залымен бірге оқу корпусының құрылысын аяқтау";
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық тобында:
226 "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 405 бағдарламасымен толықтырылсын:
"405 Онкологиялық диспансерді қайта көшіру жөніндегі құрылыс жұмыстарын жүргізуге Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне мақсатты тансферттер";
254 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 060 бағдарламасымен толықтырылсын:
"060 Солтүстік Қазақстан облысындағы онкологиялық диспансерді қайта көшіру жөніндегі құрылыс жұмыстарын жүргізу";
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша 9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясы 030 кіші бағдарламасы бар 06 бағдарламасымен және 208 бағдарламасымен толықтырылсын;
"006 Өткен жылдардың міндеттемелерін орындау";
"030 Астана қаласындағы 240 төсек орынға арналған аурухана кешені" объектісі бойынша кеден және салық төлемдері бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу;
"208 медицина ұйымдарын медициналық жабдықпен орталықтандырылған жарақтандыру";
6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық тобында 9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясында:
605 "Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі" әкімшісі бойынша 400 "Оралмандардың отбасыларына тұрғын үй сатып алуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты трансферттер" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"400 Оралмандар отбасыларына және Түркістан ауылынан қоныс аударушы Қазақстан Республикасының азаматтарына беру үшін тұрғын үйді сатып алуға, салуға, қайта жөндеу мен күрделі жөндеуге облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты трансферттер";
258 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың атқарушы органы" әкімшісі бойынша 053 "оралмандардың отбасыларына тұрғын үй сатып алу" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"053 Оралмандардың отбасыларына және Түркістан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасының азаматтарына беру үшін тұрғын үйді сатып алу, салу, қайта жөндеу және күрделі жөндеу";
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында 2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясы:
217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 446 және 447 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"446 Көкшетау қаласындағы N 2 аудандық қазандықтың үшінші су жылытатын қазан агрегатын салуды бастауға Ақмола облысының бюджетіне мақсатты инвестициялық трансферттер";
"447 Қорғаныс министрлігі берген инженерлік желілер мен объектілер ғимараттарына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін Алматы қаласының бюджетіне мақсатты трансферттер";
105 "Әкім Аппараты" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 086 бағдарламасымен толықтырылсын:
"086 Көкшетау қаласындағы N 2 аудандық қазандықтың үшінші су жылытатын қазан агрегатын салуды бастау";
273 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылым мен құрылыстың атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 045 бағдарламасымен толықтырылсын:
"045 Қорғаныс министрлігі Алматы қаласына берген инженерлік желілер мен объектілер ғимараттарының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары";
230 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" әкімшісі бойынша 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында 1 "Мәдениет саласындағы қызмет" кіші функциясында 050 "Тарихи-мәдени қорықтар мен мұражайларды ұстап тұру" бағдарламасы бойынша 030 "Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы" кіші бағдарламасы бойынша "Іс-әрекетінің аяқталу күні" бағанындағы "01.01.03" сандары алынып тасталсын;
10 "ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында:
212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісі бойынша 1 "ауыл шаруашылығы" кіші функциясында:
032 "Суарылатын жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалау" бағдарламасы бойынша 030 "Жетісу гидромелиоративтік экспедициясы" кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"030 Гидромелиоративтік экспедициялар";
701 "Топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізу және жердің құнарлылығын қалпына келтіру" бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 031 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"031 "Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі үшін өндірістік базаны әзірлеу;
709 "Табиғи сипаттағы стихиялы зардаптардан өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекеттің аяқталу күні" бағаны "01.01.03" сандарымен толықтырылсын;
2 "Су шаруашылығы" кіші функциясында:
212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 417 бағдарламасымен толықтырылсын:
"417 Қаратал суғару жүйесінде магистралдық арналарды және коллекторлық-дренаждық желісін жөндеуге Алматы облысының бюджетіне мақсатты трансферттер";
257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі ауыл шаруашылығының атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 039 бағдарламасымен толықтырылсын:
"039 Қаратал суғару жүйесінде магистралдық арналарды және коллекторлық-дренаждық желісін жөндеу";
12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлігі" кіші функциясында:
215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 029 кіші бағдарламасы бар 404 және 716 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"404 Атырау қаласындағы Жайық өзені арқылы көпір өткелін салуға Атырау облысының бюджетіне мақсатты инвестициялық трансферттер";
"716 Бурабай-Көкшетау-Петропавловск автожолын оңалту";
"029 Ішкі көздер есебінен грантты іске асыру";
274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы мен көліктің атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 069 бағдарламасымен толықтырылсын:
"069 Атырау қаласындағы Жайық өзені арқылы көпір өткелін салу";
13 "Өзгелері" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясында:
217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша 032 бағдарламасымен және мынадай мазмұндағы 030 және 031 кіші бағдарламаларымен 081 "Мемлекеттік кепілдер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы толықтырылсын:
"032 Қазақстанның Инвестициялық қорын құру";
"030 Мемлекеттік кепілдер бойынша міндеттемелерді орындау";
"031 Әлемдік келісімдермен байланысты төлемдер";
мынадай мазмұндағы 040, 041 және 080 бағдарламалары бар 220 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
"220 Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі";
"040 Ұлттық инновациялық қорды құру";
"041 "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын толтыру";
"080 "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның несиелік ресурстарды беруі";
233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 034 және 058 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"034 Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясын құру";
"058 Грозный қаласында тұрғын үй салуға Ресей Федерациясының Үкіметіне қайырымдылық көмек";
617 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 034 бағдарламасымен толықтырылсын:
"034 Жұмылдыру резервін сақтау".
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Д.М.Шаженова) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр