-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
41. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62 (тіркелген N 2263) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 10 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
бұйырамын:
1. N 2012 нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3
бұйрығына
(2002 жылғы 1 қазандағы
N 5
- N 2013 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 17 қазандағы
N 10
- N 2018 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 25 қарашадағы
N 27
- N 2094 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 6 желтоқсандағы
N 37
- N 2101 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 43
- N 2086 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 6 қаңтардағы
N 52
- N 2119 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 21 қаңтардағы
N 10
- N 2170 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 27 қаңтардағы
N 15
- N 2184 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 11 наурыздағы
N 41
- N 2223 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
бюджет шығыстарының сыныптамасында:
3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобында 1 "Құқық қорғау қызметi" кіші функциясында 251 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша 036 "Елді мекендердегі жол қозғалысын реттеуші жабдықтар мен құралдарды пайдалану" бағдарламасы бойынша "Аяқталу мерзімі" бағаны "01.06.03" цифрларымен толықтырылсын;
6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобында 1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" кіші функциясында 258 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша 032 "Жергілікті деңгейде интернат тұрпатындағы мекемелер арқылы көрсетілетін әлеуметтік қамсыздандыру" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 035 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"035 Мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын мекемелер".
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ол мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр