"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына N 4 толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2101. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      35. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 (тіркелген N 2101) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 4 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы  N 1715  және 2002 жылғы 26 қаңтардағы  N 122  қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қарашадағы  N 1247  қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3  бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджеттік шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кіші функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бағдарлама әкімшісі бойынша 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 061-кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "061 Шымкент-Түркістан участкесінде Самара-Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту".
      2. Бюджеттік саясаты және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 25 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады