"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығына N 3 өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2094. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      34. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 (тіркелген N 2094) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 3 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3  бұйрығына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      осы бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджеттiк шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      "Қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы" бағанындағы 006 "Мемлекеттiк мекемелер кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" кiшi бағдарламасы бойынша 010 "Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" бағдарламасындағы 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" бағдарлама әкiмшiсi бойынша 5 "Қосымша кәсiби бiлiм бepу" кiшi функциясында 4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында "01.01.02" деген сандар алынып тасталсын;
      13 "Өзгелер" функционалдық тобында 3 "Кәсіпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестiктi қорғау" кiшi функциясында 233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" бағдарлама әкiмшiсi мынадай мазмұндағы 083 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "083 "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ несие ресурстарын толықтыру".

      2. Бюджет саясаты және жоспарлау департаментi (Б.T.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы департаментiмен (Е.Е.Исаев) бiрге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады