Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.06.15 N 287 Бұйрығымен.
Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне , "Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бақылауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 779 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Ескерту: Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледі.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2003 жылғы 30 шілдедегі
N 289 бұйрығымен
бекiтiлген
Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi
жасау және беру тәртiбi туралы ереже
Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді;
атауында, мәтінде, қосымшада "барысы" деген сөз алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне , "Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бақылауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 779 қаулысына сәйкес әзiрлендi және бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру тәртібін анықтайды.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
2. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есеп бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiк мониторингiн қамтамасыз ету, iске асырылуын бағалау және бақылау, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында жасалады.
3. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті:
бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жеке бюджеттік бағдарлама бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес үлестірмелі бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі жасайды және береді.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 қазандағы N 354 бұйрығымен .
4. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы мерзімді есеп жыл басына бастап өспелі жиынмен бірінші, екінші, үшінші тоқсандар қорытындысы және қаржы жылының қорытындысы бойынша беріледі. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп оның тиімділігін бағалауды ескеріп беріледі.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
5. Есептердегi барлық құн көрсеткiштерi мың теңгемен берiлуi тиіс.
2. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
туралы есептi жасау
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы ағымдағы қаржы жылының бірінші, екінші және үшінші тоқсандарына арналған есеп 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Ескерту: 6-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
7. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау кезiнде мыналарды ескерген жөн:
1) 1-бағанда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды толтырылсын;
2) 2-бағанда бюджеттiк бағдарламаның коды көрсетiлсiн;
3) 3-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламаның коды көрсетiлсiн;
4) 4-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламаның атауы көрсетiлсiн;
5) 5 бағанда:
мыналар:
жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - бюджеттік бағдарлама паспорты бойынша есепті кезеңге жоспарланған;
бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген іс-шараларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді көрсеткен;
осы құжаттарда сандық көрсеткіштер бар болған кезде оларды көрсеткен жөн;
6) 6 бағанда:
жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың орындалатын жоспары бойынша есепті кезеңге жоспарланған соманы;
бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген соманы көрсету керек;
7) 7-бағанда iс жүзiндегi сандық көрсеткiштерi көрсетiлiп, есептi кезеңде орындалған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер жазылсын;
8) 8-бағанда бюджеттi атқару туралы есепке сәйкес есептi кезеңде жұмсалған сома (кассалық атқарылу) көрсетiлсiн;
9) 9-бағанда орындалған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер жоспарланғанға, сондай-ақ жүргiзiлген шығыстар жоспарланғанға сәйкес келмеген жағдайда түсiндiрулер келтiрiлсiн, есептi кезеңге жоспарланған орындалмаған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер, сондай-ақ оларды орындамау себептерi және бюджет қаражатын жете игермеу көрсетiлсiн;
10) 10-бөлiмде "Қол жеткен нәтижелер" бөлiмiнде есептi кезеңде бюджеттiк бағдарламаның орындалу нәтижелерi көрсетiлсiн. Нәтижелер сандық және сапалық көрсеткiште берiлуi тиiс. Бағдарламаны орындау деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер қол жетiмдi, дұрыс және тексерiлетiн болуы тиiс.
Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен , 2005 жылғы 4 қазандағы N 354 бұйрығымен .
7-1. Тиімділігін бағалауды ескеріп бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды өткізеді.
Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
8. Әкiмшiлiк жүргiзiлетiн бюджеттiк бағдарламаның әрқайсысын iске асыру туралы есепке бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы және қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi оған осындай мiндеттердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес жауапты тұлға қол қояды.
3. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
туралы есептi беру
9. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бередi.
10. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы тоқсан сайынғы есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бередi. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп тиімділігін бағалауды ескеріп, есептi жылдан кейiнгi 1 ақпанға дейін берiледi.
Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен .
11. Тоқсандық және жылдық есептер бойынша деректер қағаз және магниттi түрде берiледi. Қағаз түрiнде көрсетiлген есептi деректер магниттi түрдегi деректерге толық сәйкес келуi тиiс.
Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
туралы есепті жасау және беру
жөніндегі ережеге қосымша
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы
ЕСЕП
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен ,
2005 жылғы 4 қазандағы N 354 бұйрығымен .
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi _____________________________
Бюджеттiк бағдарламаның атауы ________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның паспорты бекiтiлген немесе бөлінетін
бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлу көзделген
нормативтiк құқықтық акт _____________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның құны _________________________________
Ағымдағы бюджеттiк, бюджеттiк даму бағдарламасы/инвестициялық
жоба _________________________________________________________
Есептi кезең _________________________________________________
____________________________________________________________________
Әкім.|Бағ.|Кіші|Кіші |Есепті |Есепті |Есепті |Есепті |Есептік|Ес.
шінің|дар.|бағ.|бағ. |кезеңге |кезеңге|кезеңде|кезеңде |кезең. |кер.
коды |ла. |дар.|дарла|көздел. |көздел.|орын. |жұмсал. |дегі |ту
|ма. |ла. |маның|ген |ген |далған |ған сома|бюджет |
|ның |ма. |атауы|іс-шара |сома, |іс-шара|(касса. |қаражат|
|коды|ның | |лар, жұ.|мың |лар, жұ|лық ат. |тарының|
| |коды| |мыстар, |теңге |мыстар,|қарылу),|игеріл.|
| | | |қызмет. | |қызмет.| мың |меген |
| | | |тер | |тер | теңге |сомасы |
| | | | | | | |(8-бағ.|
| | | | | | | |-6-бағ)|
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |10
____________________________________________________________________
Қол жеткен нәтижелер _____________________________________
Бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң басшысы ___________________ _____________________
М.О. (қолды таратып жазу)
Қаржы қызметiнiң басшысы ______________ _____________________
(қолды таратып жазу)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 12 қазандағы N 366
бұйрығына қосымша
Бюджеттiк бағдарламаны iске
асыру туралы есептi жасау
және беру жөнiндегi ережеге
2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен ,
2005 жылғы 4 қазандағы N 354 бұйрығымен .
Тиімділігін бағалауды ескеріп бюджеттік
бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп
Бағдарламаның әкімшісі _________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның атауы __________________________________
Бюджеттік бағдарламаның паспорты
бекітілген немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат
бөлу көзделген нормативтік құқықтық акті ________________________
Бюджеттік бағдарламаның құны ___________________________________
Ағымдағы бюджеттік, бюджеттік даму
бағдарламасы/инвестициялық жоба ________________________________
Есептік кезең __________________________________________________
Өлшем бірлігі мың теңге
1. Бюджеттік бағдарламаны басқарудың тиімділігін бағалау ________
____________________________________________________________________
Әкім.|Бағ.|Кіші|Кіші |Есептік|Есеп.|Есептік|Есептік|Есептік|Көздел.
шінің|дар.|бағ.|бағ. |жылға |тік |жылда |жылда |жылда |ген
коды |ла. |дар.|дар. |көздел.|жылға|орын. |жұмсал.|атқа. |іс-шара.
|ма. |ла. |лама.|ген |көз. |далған |ған |рылған |лардың
|ның |ма. |ның |іс-ша. |дел. |іс-ша. |сома |жоспар.|орындал.
|коды|ның |атауы|ралар, |ген |ралар, |(касса.|дың со.|мау және
| |коды| |жұмыс. |сома |жұмыс. |лық ат.|масының|бюджет.
| | | |тар, | |тар, |қару) |касса. |тік
| | | |қызмет | |қызмет | |лық ат.|қаражат.
| | | |көрсе. | |көрсе. | |қарудың|тардың
| | | |лер | |тулер | |ауытқуы|игеріл.
| | | | | | | |(+/-) |меу
| | | | | | | |(8-бағ.|себеп.
| | | | | | | |-6-бағ.)тері
_____|____|____|_____|_______|_____|_______|_______|_______|________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың
экономикалық тиімділігін бағалау _______________________________
3. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың
сапасын бағалау __________________________________________________
4. Бюджеттік бағдарламаның нәтижелілігін
бағалау __________________________________________________________
5. Бюджеттік бағдарламаның тиімділігін
бағалаудың қосымша көрсеткіштері _________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың _________ ______________________
әкімшісінің басшысы (қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржылық қызмет басшысы ____________ ______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)