Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ережені бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2448. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 287 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.06.15 N 287 Бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне , "Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бақылауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 779  қаулысына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту: Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .
      1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледі.

       Министрдiң мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрiнiң    
2003 жылғы 30 шілдедегі 
N 289 бұйрығымен    
бекiтiлген       

  Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi
жасау және беру тәртiбi туралы ереже

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді;
      атауында, мәтінде, қосымшада "барысы" деген сөз алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне , "Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бақылауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 779  қаулысына сәйкес әзiрлендi және бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру тәртібін анықтайды.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

      2. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есеп бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiк мониторингiн қамтамасыз ету, iске асырылуын бағалау және бақылау, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында жасалады.

      3. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті:
      бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жеке бюджеттік бағдарлама бойынша;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес үлестірмелі бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі жасайды және береді.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 қазандағы N 354   бұйрығымен .

      4. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы мерзімді есеп жыл басына бастап өспелі жиынмен бірінші, екінші, үшінші тоқсандар қорытындысы және қаржы жылының қорытындысы бойынша беріледі. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп оның тиімділігін бағалауды ескеріп беріледі.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

      5. Есептердегi барлық құн көрсеткiштерi мың теңгемен берiлуi тиіс.

  2. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
туралы есептi жасау

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы ағымдағы қаржы жылының бірінші, екінші және үшінші тоқсандарына арналған есеп 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
       Ескерту: 6-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

      7. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау кезiнде мыналарды ескерген жөн:
      1) 1-бағанда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды толтырылсын;
      2) 2-бағанда бюджеттiк бағдарламаның коды көрсетiлсiн;
      3) 3-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламаның коды көрсетiлсiн;
      4) 4-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламаның атауы көрсетiлсiн;
      5) 5 бағанда:
      мыналар:
      жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - бюджеттік бағдарлама паспорты бойынша есепті кезеңге жоспарланған;
      бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген іс-шараларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді көрсеткен;
      осы құжаттарда сандық көрсеткіштер бар болған кезде оларды көрсеткен жөн;
      6) 6 бағанда:
      жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың орындалатын жоспары бойынша есепті кезеңге жоспарланған соманы;
      бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген соманы көрсету керек;
      7) 7-бағанда iс жүзiндегi сандық көрсеткiштерi көрсетiлiп, есептi кезеңде орындалған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер жазылсын;
      8) 8-бағанда бюджеттi атқару туралы есепке сәйкес есептi кезеңде жұмсалған сома (кассалық атқарылу) көрсетiлсiн;
      9) 9-бағанда орындалған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер жоспарланғанға, сондай-ақ жүргiзiлген шығыстар жоспарланғанға сәйкес келмеген жағдайда түсiндiрулер келтiрiлсiн, есептi кезеңге жоспарланған орындалмаған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер, сондай-ақ оларды орындамау себептерi және бюджет қаражатын жете игермеу көрсетiлсiн;
      10) 10-бөлiмде "Қол жеткен нәтижелер" бөлiмiнде есептi кезеңде бюджеттiк бағдарламаның орындалу нәтижелерi көрсетiлсiн. Нәтижелер сандық және сапалық көрсеткiште берiлуi тиiс. Бағдарламаны орындау деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер қол жетiмдi, дұрыс және тексерiлетiн болуы тиiс.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен 2005 жылғы 4 қазандағы N 354   бұйрығымен .

      7-1. Тиімділігін бағалауды ескеріп бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды өткізеді.
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

      8. Әкiмшiлiк жүргiзiлетiн бюджеттiк бағдарламаның әрқайсысын iске асыру туралы есепке бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы және қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi оған осындай мiндеттердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес жауапты тұлға қол қояды.

  3. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру
туралы есептi беру

      9. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
      тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бередi.

      10. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы тоқсан сайынғы есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бередi. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп тиімділігін бағалауды ескеріп, есептi жылдан кейiнгi 1 ақпанға дейін берiледi.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен .

      11. Тоқсандық және жылдық есептер бойынша деректер қағаз және магниттi түрде берiледi. Қағаз түрiнде көрсетiлген есептi деректер магниттi түрдегi деректерге толық сәйкес келуi тиiс.

                           Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру  
                             туралы есепті жасау және беру   
                               жөніндегі ережеге қосымша   

         Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы
                      ЕСЕП

       Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен ,
2005 жылғы 4 қазандағы N 354   бұйрығымен .

Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi _____________________________
Бюджеттiк бағдарламаның атауы ________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның паспорты бекiтiлген немесе бөлінетін
бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлу көзделген
нормативтiк құқықтық акт _____________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның құны _________________________________
Ағымдағы бюджеттiк, бюджеттiк даму бағдарламасы/инвестициялық
жоба _________________________________________________________
Есептi кезең _________________________________________________

____________________________________________________________________
Әкім.|Бағ.|Кіші|Кіші |Есепті  |Есепті |Есепті |Есепті  |Есептік|Ес.
шінің|дар.|бағ.|бағ. |кезеңге |кезеңге|кезеңде|кезеңде |кезең. |кер.
коды |ла. |дар.|дарла|көздел. |көздел.|орын.  |жұмсал. |дегі   |ту
     |ма. |ла. |маның|ген     |ген    |далған |ған сома|бюджет |
     |ның |ма. |атауы|іс-шара |сома,  |іс-шара|(касса. |қаражат|
     |коды|ның |     |лар, жұ.|мың    |лар, жұ|лық ат. |тарының|
     |    |коды|     |мыстар, |теңге  |мыстар,|қарылу),|игеріл.|
     |    |    |     |қызмет. |       |қызмет.|  мың   |меген  |
     |    |    |     |тер     |       |тер    | теңге  |сомасы |
     |    |    |     |        |       |       |        |(8-бағ.|
     |    |    |     |        |       |       |        |-6-бағ)|
____________________________________________________________________
  1  | 2  | 3  |  4  |    5   |   6   |    7  |   8    |  9    |10
____________________________________________________________________

Қол жеткен нәтижелер _____________________________________

Бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң басшысы ___________________  _____________________
                            М.О.         (қолды таратып жазу)

Қаржы қызметiнiң басшысы ______________  _____________________
                                         (қолды таратып жазу)

                                        Қазақстан Республикасы    
                                           Қаржы министрінің
                                      2004 жылғы 12 қазандағы N 366
                                           бұйрығына қосымша
                                       Бюджеттiк бағдарламаны iске
                                        асыру туралы есептi жасау
                                       және беру жөнiндегi ережеге
                                                 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366   бұйрығымен ,
2005 жылғы 4 қазандағы N 354   бұйрығымен .               

Тиімділігін бағалауды ескеріп бюджеттік
бағдарламаны іске асыру туралы жылдық есеп

Бағдарламаның әкімшісі _________________________________________

Бюджеттік бағдарламаның атауы __________________________________

Бюджеттік бағдарламаның паспорты
бекітілген немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат
бөлу көзделген нормативтік құқықтық акті ________________________

Бюджеттік бағдарламаның құны ___________________________________

Ағымдағы бюджеттік, бюджеттік даму
бағдарламасы/инвестициялық жоба ________________________________

Есептік кезең __________________________________________________

Өлшем бірлігі мың теңге

1. Бюджеттік бағдарламаны басқарудың тиімділігін бағалау ________

____________________________________________________________________
Әкім.|Бағ.|Кіші|Кіші |Есептік|Есеп.|Есептік|Есептік|Есептік|Көздел.
шінің|дар.|бағ.|бағ. |жылға  |тік  |жылда  |жылда  |жылда  |ген
коды |ла. |дар.|дар. |көздел.|жылға|орын.  |жұмсал.|атқа.  |іс-шара.
     |ма. |ла. |лама.|ген    |көз. |далған |ған    |рылған |лардың
     |ның |ма. |ның  |іс-ша. |дел. |іс-ша. |сома   |жоспар.|орындал.
     |коды|ның |атауы|ралар, |ген  |ралар, |(касса.|дың со.|мау және
     |    |коды|     |жұмыс. |сома |жұмыс. |лық ат.|масының|бюджет.
     |    |    |     |тар,   |     |тар,   |қару)  |касса. |тік
     |    |    |     |қызмет |     |қызмет |       |лық ат.|қаражат.
     |    |    |     |көрсе. |     |көрсе. |       |қарудың|тардың
     |    |    |     |лер    |     |тулер  |       |ауытқуы|игеріл.
     |    |    |     |       |     |       |       |(+/-)  |меу
     |    |    |     |       |     |       |       |(8-бағ.|себеп.
     |    |    |     |       |     |       |       |-6-бағ.)тері
_____|____|____|_____|_______|_____|_______|_______|_______|________
  1  |  2 |  3 |  4  |   5   |  6  |   7   |   8   |   9   |   10
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

2. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың
экономикалық тиімділігін бағалау   _______________________________

3. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың
сапасын бағалау __________________________________________________

4. Бюджеттік бағдарламаның нәтижелілігін
бағалау __________________________________________________________

5. Бюджеттік бағдарламаның тиімділігін
бағалаудың қосымша көрсеткіштері _________________________________

     Бюджеттік бағдарламалардың _________  ______________________
     әкімшісінің басшысы         (қолы)      (қолды таратып жазу)

                              М.О.

     Қаржылық қызмет басшысы ____________  ______________________
                                 (қолы)      (қолды таратып жазу)      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады