"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 қазандағы N 354 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3912. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 287 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.06.15 N 287 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет  кодексінің 34 және  122-баптарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2448 болып тіркелді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3201 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы  N 366 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті:
      бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жеке бюджеттік бағдарлама бойынша;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес үлестірмелі бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі жасайды және береді.";

      7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) 5 бағанда:
      мыналар:
      жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - бюджеттік бағдарлама паспорты бойынша есепті кезеңге жоспарланған;
      бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген іс-шараларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді көрсеткен;
      осы құжаттарда сандық көрсеткіштер бар болған кезде оларды көрсеткен жөн;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) 6 бағанда:
      жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың орындалатын жоспары бойынша есепті кезеңге жоспарланған соманы;
      бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген соманы көрсету керек;";

      көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшаларда:
      "Бюджеттік бағдарламаның паспорты бекітілген нормативтік құқықтық акті" деген жолда "бекітілген" деген сөзден кейін "немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлу көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      5 және 6 бағандарда "жоспарланған" деген сөз "көзделген" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады