Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2547. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 141 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. ..:
      1) ..;
      2) ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы  2 қазандағы N 141
қаулысына қосымша     

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық
актілер тізбесі

      1. Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2547 тіркелген).
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. ...

      -----------------------------

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
     1. Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті, қосымша және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енеді.
     3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Сақтандыру ұйымдарының -   
Сақтандыру төлемдеріне    
кепілдік беру қоры      
қатысушыларының міндетті,  
қосымша жарналар мен шартты  
міндеттемелердің ставкасын  
есептеу әдістемесі, міндетті 
және төтенше жарналар төлеу 
тәртібімен мерзімдері, шартты
міндеттемелерді қалыптастыру
және есебін жүргізу туралы  
ережені бекіту туралы"     
2003 жылғы 24 қыркүйектегі  
N 346 қаулысымен бекітілген

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.  

Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті, қосымша жарналар
мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі,
міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен
мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және
есебін жүргізу туралы ереже

     Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалды және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары - қатысушылар) міндетті, қосымша жарналардың, шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесін, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

1-тарау. Міндетті жарналар мен шартты
міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі,
оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері

     1. Міндетті жарналар ставкасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі - Қор) жыл сайын барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылар үшін міндетті сақтандырудың түрлері бойынша өткен қаржы жылындағы орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері негізінде айқындайды.

     2. Ағымдағы қаржы жылының міндетті жарна ставкасы Қорға міндетті қатысу көзделген Қазақстан Республикасының заң актілерінде міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша (бұдан әрі - міндетті сақтандырудың түрлері) мынадай формулада айқындалады.  
     Ставка (процентпен) = ((СТЖМ/12)*5/ССЕЖМ)*100,
     мұнда:
     СТЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір сақтандыру ұйымы - қатысушы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
     ССЕЖМ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылар есептеген сақтандыру сыйлық ақыларының жиынтық мөлшері.

     3. Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақылырының жалпы сомасының 0,5 процентінен төмен және 2 процентінен жоғары болмайды.

     4. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпаратты береді.
     Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

     5. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде міндетті жарна ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жібереді.
     Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор міндетті жарна ставкасына түзету жасайды. Мұндайда, міндетті жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары - қатысушылар артық төлеген сомаларды ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді. Міндетті жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде толық есептелген сомаларды төлейді.
     Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

     6. Міндетті жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына міндетті жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.
     Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен , 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 394 қаулысымен , 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен .

     7. Міндетті жарналар төлеуді сақтандыру ұйымдары - қатысушылар әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей дербес жүргізеді.

1-1-тарау. Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі және мерзімдері

      Ескерту: 1-1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       7-1. Қосымша жарналар ставкасы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жыл сайын өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылары бойынша көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша орташа айлық сақтандыру төлемдерінің барынша жоғары мөлшері негізінде белгілейді.
      7-2. Ағымдағы қаржы жылына көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша қосымша жарнаның ставкасы мынадай формулада айқындалады:
      Ставка (пайызбен) = ((САЖМ/12)*2,5/ССЕЖМ)*100,
      мұнда:
      САЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының - қатысушыларының ішіндегі көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша бір сақтандыру ұйымы - қатысушы өткен қаржы жылына есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      ССЕЖМ - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылары бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері.
      7-3. Осы Ереженің 7-2-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарна ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 пайызынан төмен және 3 пайызынан жоғары болмайды.
      7-4. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін Қорға осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат береді.
      7-5. Осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде қосымша жарналардың ставкасын есептейді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жазбаша түрде жібереді.
      Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы шынайы емес (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор қосымша жарна ставкасына түзету жасайды. Қосымша жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары - қатысушыларының артық төлеген сомалары ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне тараптардың келісімі бойынша есептейді немесе артық төлеген сомаларды сақтандыру ұйымдарына қайтарады. Қосымша жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген толық есептелген сомаларды төлейді.
      7-6. Қосымша жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті сақтандырудың көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына қосымша жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімнен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.
      7-7. Қосымша жарна төлеуді сақтандыру ұйымдары - қатысушылар осы Ереженің 7-тармағына сәйкес іске асырады.

2-тарау. Шартты міндеттемелердің ставкасын
есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және
есебін жүргізу тәртібі

     8. Сақтандыру ұйымдары - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары өздерінің Қор алдындағы шартты міндеттемелерін қалыптастырады және есебін жүргізеді.

     9. Шартты міндеттемелер ставкасын Қор жыл сайын өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - Қордың қатысушылары жөніндегі міндетті сақтандырудың түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы мөлшері негізінде белгілейді.

     10. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің ставкасы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формулада айқындалады:
     Ставка (процентпен) = ((САЖМ/12)*6/ССЕЖМ)*100,
     мұнда:
     САЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін бір сақтандыру ұйымы - қатысушы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
     ССЕЖМ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылар есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері.

     11. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкес айқындалатын шартты міндеттемелер ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 процентінен төмен және 4 процентінен жоғары болмайды.

     12. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты барлық сақтандыру ұйымдарынан - қатысушылардан алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шартты міндеттемелер ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жібереді.
     Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат берген фактілер анықталған жағдайда, Қор шартты міндеттемелер ставкасына түзету жасайды.
     Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

     13. Шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандыру ұйымы - қатысушы есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына шартты міндеттемелер ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.
     Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен , 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 394 қаулысымен , 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен .

     14. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы сақтандыру ұйымының - қатысушының қаржылық есебінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарына сәйкес ескеріледі және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнінің жағдайы бойынша көрсетіледі.
     Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

     15. Сақтандыру ұйымының - қатысушының қалыптасқан шартты міндеттемелерінің сомасы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда (қайта сақтандыру) сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) өткен қаржы жылындағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша осы ұйымның есептеген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асқан жағдайда есептелмейді.
     Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен , 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 394 қаулысымен , 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен .

     16. <*>
     Ескерту: 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

3-тарау. Төтенше жарналар
төлеудің тәртібі мен мерзімдері

     17. Сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлеуге міндетті.

     18. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қордан төтенше жарналар төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Қорға төтенше жарналар төлейді. Төтенше жарналар төлеу туралы хабарламада сақтандыру ұйымы - қатысушы төлеуге тиіс төтенше жарна мөлшері жазылады.

     19. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу мүмкіндігін белгілеуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандырушы ұйым - қатысушы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді.

     20. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға төтенше жарналар төлеген жағдайда, осы сақтандыру ұйымының - қатысушының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналар сомасына азайтылады.

     21. Қатысу шарты тараптарының келісімі бойынша сақтандыру ұйымының - қатысушының шартты міндеттемелері еріксіз таратылатын сақтандыру ұйымының - қатысушының сақтанушымен міндетті сақтандыру шарты жасалған жағдайда, еріксіз таратылатын сақтандыру ұйымы - қатысушымен жасалған міндетті сақтандыру шартының өткен қолданылу кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылады. Мұндай жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдарына - қатысушыларға қабылданған сақтандыру шарттары үшін өтемақы төлемейді.

4-тарау. Қорытынды ереже

     22. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Об утверждении Правил о методике расчета ставки обязательных, дополнительных взносов и условных обязательств, порядке и сроках уплаты обязательных, дополнительных и чрезвычайных взносов, формирования и учета условных обязательств страховыми организациями - участниками Фонда гарантирования страховых выплат

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года N 346. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2003 г. N 2547. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 2 октября 2008 года N 141

       Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 02.10.2008 N 141 (порядок введения в действие см. п. 3 ).

       Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25.06.2007 N 180 (вводится в действие с 01.10.2008).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О Фонде гарантирования страховых выплат" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

       1. Утвердить прилагаемые Правила о методике расчета ставки обязательных, дополнительных взносов и условных обязательств, порядке и сроках уплаты обязательных, дополнительных и чрезвычайных взносов, формирования и учета условных обязательств страховыми организациями - участниками Фонда гарантирования страховых выплат.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25.06.2007 N 180 (вводится в действие с 01.10.2008).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и страховых (перестраховочных) организаций.

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

         Председатель
      Национального Банка

       Утверждены                    
      постановлением Правления           
      Национального Банка Республики Казахстан   
      от 24 сентября 2003 года N 346        
      "Об утверждении Правил о методике       
      расчета ставки обязательных, дополнительных
       взносов и условных обязательств, порядке и сроках
       уплаты обязательных, дополнительных и   
      чрезвычайных взносов,           
      формирования и учета условных обязательств  
      страховыми организациями - участниками Фонда 
      гарантирования страховых выплат"

       Сноска. Правый верхний угол и заголовок Правил с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25.06.2007 N 180 (вводится в действие с 01.10.2008).        

                                Правила
                 о методике расчета ставки обязательных ,
                  дополнительных взносов и условных обязательств,
                   порядке и сроках уплаты обязательных,
                        дополнительных и чрезвычайных
                  взносов, формирования и учета условных
                 обязательств страховыми организациями -
             участниками Фонда гарантирования страховых выплат

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О Фонде гарантирования страховых выплат" и определяют методику расчета ставки обязательных, дополнительных взносов, условных обязательств, порядок и сроки уплаты обязательных, дополнительных и чрезвычайных взносов, а также порядок формирования и учета условных обязательств страховыми организациями, заключившими с Фондом гарантирования страховых выплат договор участия, (далее - страховые организации - участники).
       Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25.06.2007 N 180 (вводится в действие с 01.10.2008).    

           Глава 1. Методика расчета ставки обязательных
               взносов, порядок и сроки их уплаты

      1. Ставка обязательных взносов определяется Фондом гарантирования страховых выплат (далее - Фонд) ежегодно на основании максимального по всем страховым организациям - участникам размера среднемесячных страховых выплат по обязательным видам страхования за истекший финансовый год.
      2. Ставка обязательного взноса на текущий финансовый год определяется по каждому виду обязательного страхования, по которому законодательными актами Республики Казахстан предусмотрено обязательное участие в Фонде (далее - обязательные виды страхования), по следующей формуле:

      Ставка (в процентах) = ((МРСВ/12)*5/ОРНСП)*100,
      где:
      МРСВ - максимальный среди всех страховых организаций - участников совокупный размер страховых выплат, начисленный одной страховой организацией - участником за истекший финансовый год по каждому виду обязательного страхования;
      ОРНСП - совокупный размер страховых премий за истекший финансовый год по каждому виду обязательного страхования, начисленный всеми страховыми организациями - участниками.

      3. Ставка обязательного взноса, определяемая в соответствии с пунктом 2 настоящих Правил, рассчитывается Фондом и не может составлять менее 0,5 процентов и более 2 процентов от общей суммы начисленных страховых премий по каждому обязательному виду страхования за истекший финансовый год.
      4. Страховые организации - участники в течение 30 календарных дней после завершения финансового года представляют в Фонд информацию о количестве заключенных договоров страхования, общей начисленной сумме страховых премий и страховых выплат за истекший финансовый год по каждому виду обязательного страхования.
      Сноска. Пункт 4 в новой редакции - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 75 .
      5. После получения информации, предусмотренной пунктом 4 настоящих Правил, Фонд в течение 30 календарных дней рассчитывает, утверждает ставку обязательных взносов и доводит ее до сведения страховых организаций - участников.
      В случаях установления фактов представления страховыми организациями - участниками недостоверной (неполной) информации о количестве заключенных договоров страхования, общей начисленной сумме страховых премий и страховых выплат Фонд производит корректировку ставки обязательных взносов. При этом, в случае уменьшения ставки обязательных взносов, Фонд зачисляет излишне уплаченные страховыми организациями - участниками суммы в счет уплаты ими будущих взносов за текущий финансовый год. В случае увеличения ставки обязательных взносов страховые организации - участники уплачивают Фонду доначисленные суммы в срок, предусмотренный пунктом 7 настоящих Правил. <*>
      Сноска. Пункт 5 в новой редакции - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 75 .
      6. Расчет суммы обязательного взноса производится страховой организацией - участником самостоятельно ежеквартально путем умножения ставки обязательного взноса на сумму начисленных в течение отчетного квартала страховых премий (за минусом возвращенных (подлежащих возврату) страховых премий страхователям (перестрахователям) в случае досрочного расторжения договора страхования (перестрахования) и страховых премий, начисленных по договорам перестрахования страховым (перестраховочным) организациям - резидентам Республики Казахстан) по каждому виду обязательного страхования, по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным кварталом.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15.03.2004 N 75 ; в редакции - от 27.12.2004 N 394 ; от 28.05.2005 N 159 (порядок введения в действие см. п.3).
      7. Уплата обязательных взносов производится страховыми организациями - участниками самостоятельно на счет Фонда в Национальном Банке Республике Казахстан по итогам каждого квартала не позднее пятнадцатого числа месяца, следующего за отчетным кварталом.
      
       Глава 1-1. Методика расчета ставки дополнительных взносов,                        порядок и сроки их уплаты
      
      7-1. Ставка дополнительных взносов определяется Фондом гарантирования страховых выплат ежегодно на основании максимального по всем страховым организациям - участникам размера среднемесячных страховых выплат по виду обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств за истекший финансовый год.
      7-2. Ставка дополнительного взноса на текущий финансовый год определяется по виду обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств по следующей формуле:
      Ставка (в процентах) = ((МРСВ/12)*2,5/СРСВ)*100,
      где:
      МРСВ - максимальный среди всех страховых организаций - участников совокупный размер страховых выплат, начисленный одной страховой организацией - участником за истекший финансовый год по виду обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств;
      СРСВ - совокупный размер страховых выплат за истекший финансовый год по виду обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, по всем страховым организациям - участникам.
      7-3. Ставка дополнительного взноса, определяемая в соответствии с пунктом 7-2 настоящих Правил, рассчитывается Фондом и не может составлять менее 1 процента и более 3 процентов от общей суммы начисленных страховых премий по виду обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств страхования за истекший финансовый год.
      7-4. Страховые организации - участники после завершения финансового года представляют в Фонд информацию в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил.
      7-5. После получения информации, предусмотренной пунктом 4 настоящих Правил, Фонд в течение 30 календарных дней рассчитывает, утверждает ставку дополнительных взносов и доводит ее до сведения страховых организаций - участников в письменном виде.
      В случаях установления фактов представления страховыми организациями - участниками недостоверной (неполной) информации о количестве заключенных договоров страхования, общей начисленной сумме страховых премий и страховых выплат Фонд производит корректировку ставки дополнительных взносов. В случае уменьшения ставки дополнительных взносов Фонд, по соглашению сторон, зачисляет излишне уплаченные страховыми организациями - участниками суммы в счет уплаты ими будущих взносов за текущий финансовый год или возвращает излишне уплаченные суммы в страховые организации. В случае увеличения ставки дополнительных взносов страховые организации - участники уплачивают Фонду доначисленные суммы в срок, предусмотренный пунктом 7 настоящих Правил.
      7-6. Расчет суммы дополнительного взноса производится страховой организацией - участником самостоятельно ежеквартально путем умножения ставки дополнительного взноса на сумму начисленных в течение отчетного квартала страховых премий (за минусом возвращенных (подлежащих возврату) страховых премий страхователям (перестрахователям) в случае досрочного расторжения договора страхования (перестрахования) и страховых премий, начисленных по договорам перестрахования страховым (перестраховочным) организациям - резидентам Республики Казахстан) по виду обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным кварталом.
      7-7. Уплата дополнительных взносов производится страховыми организациями - участниками в соответствии с пунктом 7 настоящих Правил.
       Сноска. Правила дополнены главой 1-1 в соответствии с
постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25.06.2007 N 180 (вводится в действие с 01.10.2008).    

            Глава 2. Методика расчета ставок условных
          обязательств, порядок их формирования и учета

      8. Страховые организации участники Фонда гарантирования страховых выплат формируют и ведут учет своих условных обязательств перед Фондом.
      9. Ставка условных обязательств определяется Фондом ежегодно на основании максимального размера месячных страховых премий по обязательным видам страхования по всем страховым организациям - участникам Фонда за истекший финансовый год.
      10. Ставка условных обязательств на текущий финансовый год определяется по каждому виду обязательного страхования, по следующей формуле:

      Ставка (в процентах)=((МРСП/12)*6/ОРНСП)*100,
      Где:
      МРСП - максимальный среди всех страховых организаций - участников совокупный размер страховых премий, начисленный одной страховой организацией - участником за истекший финансовый год по каждому виду обязательного страхования;
      ОРНСП - совокупный размер страховых премий за истекший финансовый год по каждому виду обязательного страхования, начисленный всеми страховыми организациями - участниками.
      11. Ставка условных обязательств, определяемая в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил, рассчитывается Фондом и не может составлять менее 1 процентов и более 4 процентов от общей суммы начисленных страховых премий по каждому обязательному виду страхования за истекший финансовый год.
      12. Фонд в течение 30 календарных дней с момента получения от всех страховых организаций - участников информации, предусмотренной пунктом 4 настоящих Правил, рассчитывает, утверждает ставку условных обязательств и доводит ее до сведения страховых организаций - участников.
      В случаях установления фактов предоставления страховыми организациями - участниками недостоверной (неполной) информации о количестве заключенных договоров страхования, общей начисленной сумме страховых премий и страховых выплат, Фонд производит корректировку ставки условных обязательств.
      Сноска. Пункт 12 в новой редакции - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 75 .
      13. Расчет размера условных обязательств производится страховой организацией - участником самостоятельно ежеквартально путем умножения ставки условных обязательств на сумму начисленных в течение отчетного квартала страховых премий (за минусом возвращенных (подлежащих возврату) страховых премий страхователям (перестрахователям) в случае досрочного расторжения договора страхования (перестрахования) и страховых премий, начисленных по договорам перестрахования страховым (перестраховочным) организациям - резидентам Республики Казахстан) по каждому виду обязательного страхования, по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным кварталом.
      Сноска. Пункт 13 в редакции - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 декабря 2004 года N 394 ; от 28 мая 2005 г. N 159 (порядок введения в действие см. п.3).
      14. Начисленная сумма условных обязательств учитывается в финансовой отчетности страховой организации - участника в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и отражается ежеквартально, по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным кварталом.
      Сноска. Пункт 14 в новой редакции - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 75 .
      15. Условные обязательства не начисляются в случае, если сумма сформированных условных обязательств страховой организации - участника превысит сумму начисленных страховых премий (за минусом возвращенных (подлежащих возврату) страховых премий страхователям (перестрахователям) в случае досрочного расторжения договора страхования (перестрахования) и страховых премий, начисленных по договорам перестрахования страховым (перестраховочным) организациям - резидентам Республики Казахстан) этой организации за истекший финансовый год по каждому виду обязательного страхования.
      Сноска. Пункт 15 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 75 ; в редакции - от 27 декабря 2004 года N 394 ; от 28 мая 2005 г. N 159 (порядок введения в действие см. п.3).
      16. (Пункт исключен - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 75 ).

    Глава 3. Порядок и сроки уплаты чрезвычайных взносов

      17. Страховая организация - участник обязана уплачивать чрезвычайные взносы в случаях и размере, установленном законодательными актами Республики Казахстан.
      18. Уплата чрезвычайных взносов производится страховыми организациями - участниками Фонда в течение пятнадцати календарных дней со дня получения ими уведомления от Фонда об уплате чрезвычайных взносов. Уведомление об уплате чрезвычайных взносов должно содержать размер чрезвычайного взноса, который необходимо уплатить страховой организации - участнику.
      19. Фондом может быть установлена возможность уплаты чрезвычайных взносов в виде периодических платежей. В данном случае страховая организация - участник уплачивает чрезвычайные взносы в сроки, установленные Фондом.
      20. При уплате страховой организацией - участником чрезвычайных взносов в Фонд условные обязательства этой страховой организации - участника уменьшаются на сумму уплаченных ею чрезвычайных взносов.
      21. По соглашению сторон договора участия условные обязательства страховой организации - участника уменьшаются в случае заключения договора обязательного страхования со страхователем принудительно ликвидируемой страховой организации - участника на сумму страховых премий за неистекший период действия договора обязательного страхования, заключенного с принудительно ликвидируемой страховой организацией - участником. В этом случае Фонд не осуществляет компенсационные выплаты страховым организациям - участникам за принятие договоров страхования.

                         Глава 4. Заключительные положения

      22. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.