Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналармен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібімен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 394 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3403. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 141 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2547 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 22 басылымдарында 2003 жылғы 20 қазанда - 2 қарашада жарияланған), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2805 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережеде:
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. Міндетті жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына міндетті жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға нақты қайтарылған сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.";
 

     13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "13. Шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандыру ұйымы - қатысушы есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына шартты міндеттемелер ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға нақты қайтарылған сақтандыру сыйлыққақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.";
 

     15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "15. Сақтандыру ұйымының - қатысушының қалыптасқан шартты міндеттемелерінің сомасы (сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға нақты қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) өткен қаржы жылындағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша осы ұйымның есептеген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асқан жағдайда есептелмейді.".
 

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
 

     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
 

     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады