Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының»Сақтандыру ұйымдарының - "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 180 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4849 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 141 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. ..:
      1) ..;
      2) ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы  2 қазандағы N 141
қаулысына қосымша     

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық
актілер тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру ұйымдарының - "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 180 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4849 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылдың 29 тамыздағы N 132 (1161) жарияланған).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 17-4-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2547 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2547 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2805 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде 2004 жылғы, N 37-40, 1007 - құжатта жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналармен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібімен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 394 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3403 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3699 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:

      атауы, 1-тармағы "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзімен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережеде :

      оң жақ жоғарғы бұрышы, атауы және кіріспесі "міндетті" деген сөзден кейін ", қосымша" деген сөзімен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

" 1-1-тарау. Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі және мерзімдері

      7-1. Қосымша жарналар ставкасы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жыл сайын өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылары бойынша көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша орташа айлық сақтандыру төлемдерінің барынша жоғары мөлшері негізінде белгілейді.
      7-2. Ағымдағы қаржы жылына көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша қосымша жарнаның ставкасы мынадай формулада айқындалады:
      Ставка (пайызбен) = ((САЖМ/12)*2,5/ССЕЖМ)*100,
      мұнда:
      САЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының - қатысушыларының ішіндегі көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандырудың түрі бойынша бір сақтандыру ұйымы - қатысушы өткен қаржы жылына есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      ССЕЖМ - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылары бойынша сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері.
      7-3. Осы Ереженің 7-2-тармағына сәйкес айқындалатын қосымша жарна ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 пайызынан төмен және 3 пайызынан жоғары болмайды.
      7-4. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін Қорға осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат береді.
      7-5. Осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде қосымша жарналардың ставкасын есептейді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жазбаша түрде жібереді.
      Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы шынайы емес (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор қосымша жарна ставкасына түзету жасайды. Қосымша жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары - қатысушыларының артық төлеген сомалары ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне тараптардың келісімі бойынша есептейді немесе артық төлеген сомаларды сақтандыру ұйымдарына қайтарады. Қосымша жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген толық есептелген сомаларды төлейді.
      7-6. Қосымша жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті сақтандырудың көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына қосымша жарна ставкасын көбейту арқылы (сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімнен бұрын бұзылған жағдайда сақтанушыларға (қайта сақтанушыларға) нақты қайтарылған (қайтаруға тиісті) сақтандыру сыйлықақыларын және Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.
      7-7. Қосымша жарна төлеуді сақтандыру ұйымдары - қатысушылар осы Ереженің 7-тармағына сәйкес іске асырады.".

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н.Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады