Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2547 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2805. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 141 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 141 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. ..:
      1) ..;
      2) ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен     
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы  2 қазандағы N 141
қаулысына қосымша     

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық
актілер тізбесі

      1. ...
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2547 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2805 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1007 бет).
      3. ...
      4. ...
      5. ...

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2547 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 20 қазанда - 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереженің:
      4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпаратты береді.

      5. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде міндетті жарна ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жібереді.
      Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор міндетті жарна ставкасына түзету жасайды. Мұндайда, міндетті жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары - қатысушылар артық төлеген сомаларды ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді. Міндетті жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде толық есептелген сомаларды төлейді.";

      6-тармақтағы "сақтандыру сыйлықақыларының" деген сөздерден кейін "(Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты барлық сақтандыру ұйымдарынан - қатысушылардан алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шартты міндеттемелер ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жібереді.
      Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат берген фактілер анықталған жағдайда, Қор шартты міндеттемелер ставкасына түзету жасайды.";

      13-тармақтағы "сақтандыру сыйлықақыларының" деген сөздерден кейін "(Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы сақтандыру ұйымының - қатысушының қаржылық есебінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарына сәйкес ескеріледі және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнінің жағдайы бойынша көрсетіледі.";

      15-тармақтағы "сақтандыру сыйлықақыларының" деген сөздерден кейін "(Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып)" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады