Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2010.05.17 N 10 Қаулысымен.
Осы уақытта Қазақстан Республикасында шуыл, діріл және электромагниттік сәулелендіру сияқты зиянды физикалық факторлардың халық денсаулығына теріс әсер етудің өсу үрдісі байқалады. Қоршаған табиғи және өндірістік орта факторларының кешенді әсері барлық науқастану жағдайының 75% дейінін, өлім жағдайларының 50% астамын, дененің кенжелеп даму жағдайларының 60% жуығын қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар, шаруашылық жүргізу субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының физикалық факторлардың адам денсаулығы мен тіршілік ету ортасына зиянды әсер етуіне жол бермеу бөлігінде сақталуын толығымен қамтамасыз етпейді. Дірілді-акустикалық және электромагниттік параметрлерді көрсетпей жабдықты, машиналарды, механизмдерді өндіру мен импорттау күнделікті тәжірибе болып отыр.
Өндіріс жағдайларында, сол сияқты тұрмыста да жиілігі жоғары және жоғары жиіліктен тыс электромагниттік сәулелендіру көздерінің мөлшері мен қуаттылығы өсуде. Халықтың негізгі контингенті олардың көздері радиотехникалық объектілердің базалық станциялары, жоғары вольтты электр тарату желісі, тұрмыстық электр аспаптары болып табылатын, спектрі күрделі электромагниттік өрісінің еріксіз сәуле шығару аймақтарында орналасқан.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып және "Қазақстан Республикасындағы қоршаған орта гигиенасы жөніндегі Іс-қимылдардың ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы N 878 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау және 2004-2005 жылдар кезеңінде физикалық факторлардың қолайсыз әсер етуін төмендету, қолайлы еңбек ету, тұрмыстық және оқыту жағдайларын жасау мақсатында қаулы етемін :
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
1) міндетті түрде көрсетілген физикалық факторлардың әсер ету деңгейін зерттеуді жүргізе отырып, барлық ұйымдарда шуылды, дірілді, электромагниттік сәулелендіруді шығаратын жабдықтар мен механизмдерді есепке алуды жүргізсін. Физикалық факторлардың параметрлерін өлшеу үшін оған лицензиясы бар зертханаларды тартсын;
2) ғылым мен техника жетістіктерін ескере келе, қазіргі заманғы қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, жұмыс істеушілерді физикалық факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлесін.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі барлық білім беру ұйымдарында:
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарымен бірлесіп, жұмыс және оқу орындарын есепке алуды, жалпы білім беру, жоғары және орта оқу орындарында оқыту жағдайларын, сондай-ақ компьютерлермен жарақтандырылған жұмыс орындарындағы еңбек ету жағдайын зерделеуді жүргізсін;
2) ғылым мен техника жетістіктерін ескере келе, қазіргі заманғы қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, дербес компьютерлерді пайдаланушылар қорғанышын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жоғары вольтті желістерге жақын тұрғын үй жерлеріндегі және жақын орналасқан тұрғын үй үй-жайлары аумақтарындағы өндірістік жиіліктің (50 Гц) ауыспалы тоғының жоғары вольтті электр тарату желісінің электромагниттік өріс кернеуінің деңгейін зерттеуді жүргізсін. Электромагниттік өріс кернеуін өлшеуді жүргізу үшін оған тиісті органдардан рұқсат алған зертханаларды тартсын.
4. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі жеке және заңды тұлғаларға радиоэлектрлік құралдарды пайдалану мен бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға арналған рұқсатты беру кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген санитарлық паспорттардың болуын талап етсін.
5. Меншік нысанына қарамастан, өз аумақтарында радиотехникалық объектілер бар жеке және заңды тұлғалар:
1) кейіннен оларды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісе отырып, халыққа электромагниттік сәулелендіру әсер ететін аймақты есепке ала отырып, санитарлық паспорттарды жасасын. Аумақта орналасқан барлық радиотехникалық объектілер шығаратын электромагниттік өрістерді жиынтық бағалауды қамтамасыз етсін;
2) дербес компьютерлерді пайдаланушыларды қазіргі заманғы қорғаныш құралдарымен қорғауды қамтамасыз етсін.
6. Мұнай және газ шығару, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша жұмыс істейтін ұйымдар мен консорциумдар:
1) вахта әдістерімен еңбек ету жағдайын, соның ішінде физикалық факторлардың теріс әсер етуі мен кешенді бағалауды талдай отырып, жұмыс орындарын аттестаттауды қамтамасыз етсін;
2) кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек ету жағдайын жасауды қамтамасыз етсін;
3) ғылым мен жаңа технологияның жетістіктерін ескере келе, қазіргі заманғы қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, жұмыс істейтіндер мен тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлесін.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті, Емдеу-алдын алу ісі департаменті:
1) шуыл, діріл және электромагниттік сәулелендіру сияқты зиянды физикалық факторлардың халық денсаулығына қолайсыз әсер етуіне байланысты халықтың науқастану жағдайын тереңірек талдауды жүргізсін және оның негізінде халықты қолайсыз әсер етуден қорғау жөніндегі тиімді шаралар кешенін әзірлесін;
2) халықаралық деңгейде өндірістік, сол сияқты тұрмыстық салада физикалық факторлардың (шуыл, діріл және электромагниттік сәулелендіру) қолайсыз әсер етуінен қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға қойылатын талаптарды зерделеу мен тәжірибе тарату жөнінде семинар-кеңестер ұйымдастырсын және өткізсін.
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары, департаменттері диагностикалық, физиотерапиялық және өзге де емшараларды өткеру кезінде пациенттерге, сондай-ақ осы жабдықпен жұмыс істейтін адамдарға физикалық факторлар (шуыл, діріл, электромагниттік және ультракүлгін сәулелендіру, электростатистикалық өріс) зиянды әсер етуінің алдын алу жөніндегі шараларды қабылдасын.
9. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары:
1) оларды сапалы бағалау үшін қазіргі заманғы аппаратуралар мен аспаптарды қолдана отырып, физикалық факторлар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындарын жалпы білім беру мектептеріндегі, жоғары және орта оқу орындарындағы оқыту жағдайларын есептеуге тікелей қатыссын;
2) алынған материалдардың негізінде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ескере келе, қазіргі заманғы қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, физикалық факторлардың әсерінен қорғау іс-шараларының кешенін әзірлесін;
3) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қарауына халық денсаулығын қолайсыз физикалық факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі мәселені қойсын және халықты олардың теріс әсер етуіне қорғау жөніндегі проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдасын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Бас дәрігер
Келісілген
Энергетика және минералды
ресурстар вице-министрі
2003 жылғы 4 желтоқсан
Келісілген
Көлік және коммуникациялар
Бірінші вице-министрі
2003 жылғы 5 желтоқсан
Келісілген
Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары
2003 жылғы 5 желтоқсан
Келісілген
Білім және ғылым
вице-министрі
2003 жылғы 4 желтоқсан