Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 қаулысымен бекітілген "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ағы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі туралы Уақытша Ереженің" 3-бабына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ағысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195 шешіміне мына өзгерістер енгізілсін: