"Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/28 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 желтоқсанда N 1562 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 қаулысымен  бекітілген "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ағы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі туралы Уақытша Ереженің"  3-бабына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:

      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ағысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 14 мамырдағы N 19/195 шешіміне  мына өзгерістер енгізілсін:

      6 тармақтың 1 бөліміндегі "баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеттермен келісе отырып қалалар мен аудандардың әкімдері белгілейді" деген сөздер "облыс әкімі белгілейді" сөздермен алмастырылсын.

      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағалық етуші,
      облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады