Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру Нұсқаулығын бекiту туралы

Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 қарашадағы N 242/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 желтоқсанда N 2136 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

            Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiмi), облыс әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға беру Ережелерiн бекiту туралы" N 48/5 қаулысына сәйкес, коммуналдық меншiктi пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстарды реттеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру Нұсқаулығы (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      2. Нұсқаулықтың сақталуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары  В.З. Бочинге жүктелсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң      
2003 жылғы 25 қарашадағы   
"Коммуналдық меншiк объектiлерiн
кейiннен өтеуiн төлеп алу  
құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға
беру қағидасын бекiту туралы"
N 242/11 қаулысымен бекiтiлген

Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру нұсқаулығы <*>

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .

      Осы коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру нұсқаулығы (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiмi) сәйкес, коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстарды реттеу мақсатында әзiрленген және коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға берудiң тәртiптерiн анықтайды. <*>
      Ескерту. Преамбулаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Нұсқаулықта мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
      1) "баланс ұстаушы" балансында сенiмгерлiк басқаруға берiлген Мүлiгi бар коммуналдық заңды тұлға (бұдан әрi Баланс ұстаушы);
      2) "пайда алушы" - Шартта көрсетiлген тұлға, Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушының (бұдан әрi Пайда алушы) мүддесiне қарай жүзеге асырады;
      3) "шарт" - Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты (бұдан әрi - Шарт);
      4) "мүлiк" коммуналдық меншiк объектiлерi (бұдан әрi - Мүлiк);
      5) "комиссия" - құрылтайшы құрған тендер комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия);
      6) "басқарушы" Шарт бойынша сенiмгер басқарушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрi - Басқарушы);
      7) "қатысушы" - тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi және Комиссия белгiлеген тиiстi құжаттарды уақытында ұсынған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - қатысушы);
      8) "құрылтайшы" облыс қаржы департаментi - Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге уәкiлеттi және Шарт бойынша құрылтайшы болып табылатын мемлекеттiк орган;
      9) "уәкiлеттi орган" - коммуналдық заңды тұлғаларға қатысы бойынша коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган);
      10) "мемлекеттiк басқару органы" - облыстық бюджеттен қаржыландырылатын әкiм уәкiлеттiлiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - Мемлекеттiк басқару органы). <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      2. Құрылтайшы Мүлiктi кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдi Уәкiлеттi органның немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттiк басқару органының қолдау хаты негiзiнде қабылдайды.
      Өтiнiште:
      1) Пайда алушы туралы түсiнiктер;
      2) пайданың сипаты;
      3) Мүлiктi беру негiзi;
      4) Шарттың елеулi жағдайлары болуы керек. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      2-1. Құрылтайшы облыс қаржы департаментi алқа шешiмiнiң негiзiнде сенiмгерлiк басқарушыға қосымша құқықтар беру туралы шешiм қабылдайды. <*>
      Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қаралмаған болса, кез келген тұлға Басқарушы бола алады. Басқарушыны тағайындау тек оның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.

2. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға берудiң тәртiбi

      4. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру екi әдiстеме арқылы:
      1) мақсатты пайдалану бойынша;
      2) тендер негiзiнде жүзеге асырылады:
      4-1. Құрылтайшы беру тәсiлi туралы шешiм қабылдайды. <*>
      Ескерту. 4-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      5. Мүлiк, соның iшiнде тарихи, мәдениет және сәулет ескерткiш-ғимараттарын сенiмгерлiк басқаруға беру осы Мүлiк үшiн ең төмен жалдау төлемiнiң сомасына Пайда алушының мүддесiнде жұмыстарды (қызметтердi) орындау шартында жеке және заңды тұлғаларға берiледi. <*>
      Сумен қамту, жылумен және электр қуатымен жабдықтау объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға тапсыру монополияға қарсы уәкiлеттi орган бекiткен тарифтiк сметада көзделген шығындар сомасы мен көрсетiлген объектiлерге амортизациялық аударымдар шегiнде Пайда алушының мүддесiндегi жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау шартында жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      Ескерту. 5-тармаққа толықтыру енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 266/10 қаулысымен .
      5-1. Күрделi ауру түрлерiмен ауыратын ересек және балалардың мәселелерiн шешуге бағытталған жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге, қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ өз қызметiн әлеуметтiк бағыттағы мемлекеттiк бағдарламалардың  шеңберiнде iске асыратын қоғамдық бiрлестiктерге Мүлiктi мақсатты, қаржылық пайдасыз, сенiмге берiлген Мүлiктi ұстау және сақтау шарты бойынша тапсыруға болады. <*>
      Ескерту. 5-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      6. Барлық жеке және заңды тұлғаларға Мүлiктi беру тендерлiк негiзде жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      7. Тендердi өткiзу үшiн құрылтайшы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары өкiлдерiнiң (келiсiм бойынша) және орталық атқарушы органдары аумақтық бөлiмшелерiнiң қатысуымен Комиссия қалыптастырады.
      Комиссияның төрағасы құрылтайшының өкiлi, жұмысшы органы - құрылтайшы болып табылады.
      8. Комиссия:
      1) тендер шарттарын бекiтедi;
      2) тендер өтiнiмдерiнiң шарттарын қарайды және жеңiмпаздарды анықтайды.
      3) белгiленген тәртiпте тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарды жариялауды ұйымдастырады.
      4) өз жұмыстарының тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) қажет болған кезде тәуелсiз сарапшыларды немесе кеңесшi фирмаларды (келiсiм бойынша) тартады;
      6) тендерге қатысуға Комиссияға ұсыну үшiн белгiлеген нысанда өтiнiштердi және басқа да құжаттарды қабылдауды, тiркеудi ұйымдастырады, қатысушыларға ұсынған құжаттардағы кемшiлiктердi қысқа мерзiмде жою керектiгiн хабарлайды (басқа қалалардың қатысушылары үшiн тендерге қатысуға өтiнiштердiң тiркелген күнi өтiнiштердi жiберген уақыты туралы пошталық белгiсi болып есептелiнедi);
      7) қатысушылардың тендердi өткiзу тәртiбiмен, Шарттың жобасымен танысуын қамтамасыз етедi;
      8) тендер жеңiмпазын анықтайды;
      9) тендер нәтижесi туралы хаттамаға қол қояды.
      9. Тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткiзетiн күнге дейiн 15 күннен кешiктiрмей республикалық ресми баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      9.1. Тендерге өтiнiмдердiң болмаған жағдайында құрылтайшы объектiнi пайдалану жөнiнде басқа шешiм қабылдайды. <*>
      Ескерту. 9-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      10. Тендерге өтінімдерін және басқа да Комиссиямен бекітілген қажетті құжаттарын уақытында өткізген жеке және заңды тұлғалар қатысуға жіберіледі.
      11. Кепiлдiк жарна қатысушылардың мынадай мiндеттердi орындауын:
      1) жеңiмпаз атанған кезде тендер нәтижесiне қол қоюын;
      2) хаттама негiзiнде Шарт жасауын қамтамасыз етедi.
      Кепiлдiк жарнаны Комиссия тендердi ұйымдастыру, оны дайындау және өткiзу шығындарын жабу мөлшерiнде белгiлейдi.
      12. Тендерге қатысу үшiн Комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Комиссия белгiлеген нысан бойынша тендерге қатысуға өтiнiш;
      2) енгiзiлген кепiлдiк жарнаны растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi:
      3) жеке конвертте жабылған тендер шарттары туралы жазбаша түрдегi ұсыныстар;
      4) алынып тасталды
      Ескерту. 12-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      Заңды тұлғалар қосымша нотариалды расталған құрылтайшылық құжаттардың, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органда олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      13. Тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi қабылдау оны өткiзуге 3 күн (72 сағат) қалғанда аяқталады. Белгiленген мерзiм өткенде өтiнiштердi және құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
      14. Тендерге қатысушы өзiнiң ұсынысын жазбаша түрде тендердi өткiзуге кем дегенде 3 күн (72 сағат) қалғанда қайтарып алуға құқылы.
      15. Комиссия жеңiмпаздарды анықтауға қойылған талапқа (талаптарға) сәйкес қатысушылардың ұсыныстарын қарайды. Комиссия жобаларға тәуелсiз сараптамалар жасауға құқылы. қатысушылардың өтiнiмдерiн сарапшы топтарының қарау мерзiмi 15 күнмен шектеледi.
      Тендерге бiр өтiнiм берiлген жағдайда объект өтiнiм берушiге мақсатты бағытта тапсырылады. <*>
      Ескерту. 15-тармақ толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      16. Комиссия шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауыс беруiмен қабылданады.
      Дауыс берушiлер тең болған жағдайда шешушi дауыс төрағанiкi болып табылады.
      17. Комиссия шешiмi Комиссия мүшелерi және төраға, сондай-ақ тендер жеңiмпазы атанған қатысушының қолдары қойылған хаттамамен ресiмделiнедi.
      18.Тендерге қатысуға кем дегенде 3 күн (72 сағат) қалғанда бас тартқандардан басқа, жеңiмпаз болмаған қалған қатысушыларға тендер жеңiмпазы жарияланған күннен бастап 10 банкiлiк күн iшiнде кепiлдiк жарна қайтарылады, тендерде жеңген қатысушыға кепiлдiк жарна қайтарылмайды. Қайтарылмаған кепiлдiк жарна жергiлiктi бюджет кiрiсiне аударылады.
      19. Тендердiң нәтижесiн жеңiмпазды жариялаған уақыттан бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде құрылтайшы бекiтедi. Тендер нәтижесi бекiтiлмеген, тендерге қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпаздың бекiтiлмегенi туралы Комиссия шешiм қабылдаған кезде құрылтайшы Комиссияға оның шарттарын өзгертудi мәлiмдеп, жаңа тендер жариялауға құқылы.
      20. Тараптар тендер нәтижесiн құрылтайшы бекiткеннен кейiн кем дегенде 10 күн iшiнде Шартқа қол қоюға тиiстi. Сенiмгерлiк басқаруға берiлген, қолдары қойылған қабылдау-тапсыру актiсi Шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылады.
      21. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруде беру кейiннен төлеп алу құқығынсыз және иемденуiне беру басқа негiздер бойынша жүзеге асырылады.
      Шарттың мерзiмi аяқталған немесе оның iс-қимылы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде борыштары мен мiндеттемелерi жоқ сенiм бiлдiрген Мүлiк сол құрамымен жағдайында Басқарушыға қайтарылуы тиiс.
      22. Басқарушы Шарт негiзiнде Пайда алушының мүддесiне Мүлiктi басқаруды жүзеге асырады.
      23. Шартта:
      1) Шарттың мәнi және мерзiмi;
      2) сенiмгерлiк басқаруға берiлген Мүлiктiң құрамы;
      3) Пайда алушы туралы нұсқаулық;
      4) Басқарушы есебiнiң мерзiмi мен нысаны;
      5) Шарттың iс әрекетi тоқтатылған жағдайда, сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi алған тұлға туралы нұсқаулық;
      6) Сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктiң және Басқарушы өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде сатып алған және (немесе) алған мүлiктiң құрамына құқығын қосуға нұсқаулық;
      7) егер өзгесi Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмесе, сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi ұстау, өз есебiнен оған жөндеу жүргiзу жөнiндегi Басқарушының мiндетi;
      8) Басқарушының Шарттағы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген шараларды бұзбау жауапкершiлiгi қаралады;
      Шартта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшылық келтiрмейтiн өзге де шарттар қаралуы мүмкiн.
      9) сенiмгерлi мүлiктiң жүргiзiлген жөндеуiне сараптау өткiзуге тиiстi қызметтердi тарту жөнiндегi Басқарушының мiндеттерi. <*>
       Ескерту. 23-тармақ 9) тармақшамен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      24. Басқарушы сенiмгерлiк басқаруға берiлген Мүлiктi басқаруды, егер шартта қаралмаған болса өзi жүргiзедi.
      25. Шартта тараптар мiндеттерiн тоқтататын жалпы негiздерiмен қатар:
      1) азамат Басқарушының қайтыс болуына, оның қайтыс болуы жарияланумен немесе iс әрекетке қабiлетсiздiгi шектелуiне, хабарсыз жоғалуына;
      Басқарушы-заңды тұлғаның таратылуына;
      2) Басқарушының немесе құрылтайшының сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi басқаруға жүзеге асыруға жеке мүмкiндiгi болмауына;
      3) егер Шартта Басқарушыға келтiрiлген залалдарды және сыйақыларды төлеу шаралары қаралған болса Шарттың мiндетiн орындаудан құрылтайшының бас тартуына;
      4) Мүлiк кепiлдiгi ауыртпалығын өтеген басқармаға сыйақы төлеумен оған беру туралы хабарламаған жағдайда, егер бұл шартта қаралған болса, Басқарушының бас тартуына байланысты тоқтатылады.
      26. Сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi иемдену құқығына берiлуi, Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға берудi тоқтатпайды.
      27. Шартты тоқтатқан жағдайда, сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiк Шартта көрсетiлген тұлғаға берiледi.
      28. Мемлекеттiк кәсiпорын банкротқа ұшыраған жағдайда, жарғы капиталына кiретiн Мүлiк, сенiмгерлiк басқаруға берiледi, Мүлiктi сенiмгерлiк басқару тоқтатылады және сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiк конкурстық жиынға берiледi.

3. Дауларды шешу

      29. Осы Нұсқаулықта реттелмеген барлық мәселелер бойынша Шарттың тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормасын басшылыққа алады. <*>
      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысымен .
      30. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға берген кезде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе сот арқылы қаралады.

Об утверждении Инструкции по передачи объектов коммунальной собственности в доверительное управление без права последующего выкупа

Постановление Акимата Павлодарской области от 25 ноября 2003 года N 242/11. Зарегистрировано Управлением юстиции Павлодарской области 8 декабря 2003 года за N 2136. Утратило силу - постановлением акимата Павлодарской области от 2 апреля 2008 года N 70/4.

       Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Павлодарской области от 2 апреля 2008 года N 70/4.

           Сноска: В заголовок внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (особенная часть), постановлением акимата области от 7 августа 2001 года N 48/5 "Об утверждении Правил передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении коммунальных государственных предприятий", в целях упорядочения работ, направленных на повышение эффективности использования коммунальной собственности акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Утвердить прилагаемую инструкцию по передаче объектов коммунальной собственности в доверительное управление без права последующего выкупа (далее - Инструкция). <*>
     Сноска: В пункт 1 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     2. Контроль за соблюдением Инструкции возложить на заместителя акима области Бочина В.З. <*>
     Сноска: В пункт 2 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.

     Аким области К. Нурпеисов

Утверждены          
постановлением акимата области
от 25 ноября 2003 года N 242/11
"Об утверждении Правил передачи
объектов коммунальной собственности
в доверительное управление  
без права последующего выкупа"

Инструкция по
передачи объектов коммунальной собственности
в доверительное управление без права
последующего выкупа <*>

     Сноска: В заголовок внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.

     Настоящая инструкция по передаче объектов коммунальной собственности в доверительное управление без права последующего выкупа (далее - Инструкция) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (особенная часть), в целях упорядочения работ, направленных на повышение эффективности использования объектов коммунальной собственности, и определяют порядок передачи объектов коммунальной собственности в доверительное управление без права последующего выкупа. <*>
     Сноска: В преамбулу внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
 

1. Общие положения

     1. В Инструкции используются следующие основные понятия:
     1) "балансодержатель" коммунальное юридическое лицо, на балансе которого находится передаваемое в доверительное управление Имущество (далее Балансодержатель);
     2) "выгодоприобретатель" указанное в Договоре лицо, в интересах которого осуществляется доверительное управление Имуществом (далее - Выгодоприобретатель);
     3) "договор" договор доверительного управления Имуществом (далее Договор);
     4) "имущество" объекты коммунальной собственности (далее Имущество);
     5) "комиссия" тендерная комиссия, сформированная Учредителем (далее Комиссия);
     6) "управляющий" физическое либо юридическое лицо, являющееся доверительным управляющим по Договору (далее - Управляющий);
     7) "участник" - физические и юридические лица, своевременно представившие заявку и другие установленные Комиссией необходимые документы для участия в тендере (далее Участник);
     8) "учредитель" департамент финансов области - государственный орган, уполномоченный на передачу Имущества в доверительное управление и выступающий учредителем Договора (далее Учредитель);
     9) "уполномоченный орган" - орган, осуществляющий функции субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам (далее - Уполномоченный орган);
     10) "орган государственного управления" - уполномоченный акимом исполнительный орган, финансируемый из областного бюджета (далее - Орган государственного управления). <*>
     Сноска: В пункт 1 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     2. Решение о передаче Имущества в доверительное управление без права последующего выкупа принимается Учредителем на основании ходатайства Уполномоченного органа или Органа государственного управления, финансируемых из областного бюджета. <*>
     В ходатайстве должно содержаться:
     1) указание о Выгодоприобретателе;
     2) характер выгоды;
     3) обоснование передачи Имущества;
     4) существенные условия Договора.
     2-1. Решение о передаче дополнительных прав доверительному управляющему принимается Учредителем на основании решения коллегии департамента финансов области. <*>
     Сноска: В пункт 2 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     3. Управляющим может быть любое лицо, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан. Назначение Управляющим может быть произведено только с его согласия.
 

2. Порядок передачи Имущества в доверительное управление

     4. Передача Имущества в доверительное управление осуществляется двумя способами:
     1) по целевому назначению;
     2) на тендерной основе.
     4-1. Решение о способе передачи принимается Учредителем. <*>
     Сноска: В пункт 4 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     5. Передача Имущества в доверительное управление, в том числе, зданий-памятников истории, культуры и архитектуры производится физическим и юридическим лицам при условии выполнения ими работ (услуг) в интересах Выгодоприобретателя на сумму не менее размера минимальной арендной платы за это Имущество. <*>
     Передача объектов водоснабжения, теплоснабжения, электроснабжения в доверительное управление производится при условии выполнения работ (услуг) в интересах Выгодоприобретателя в пределах амортизационных отчислений на указанные объекты и сумм затрат, предусмотренных тарифной сметой, утвержденной уполномоченным антимонопольным органом. <*>
     Сноска: В пункт 5 внесены дополнения - постановлением акимата Павлодарской области от 27 сентября 2006 года N 266/10.
     5-1. Государственным учреждениям, финансируемым из местных бюджетов, коммунальным государственным казенным предприятиям, общественным объединениям, занимающимся благотворительной деятельностью, направленной на решение проблем взрослого и детского населения с тяжелыми формами заболеваний, а также общественным объединениям, осуществляющим свою деятельность в рамках государственных программ, имеющих социальную направленность, передачу Имущества возможно производить по целевому назначению, без финансовой выгоды, на условиях содержания и сохранности доверенного Имущества. <*>
     Сноска: В пункт 5 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     6. Передача Имущества на тендерной основе осуществляется всем юридическим и физическим лицам. <*>
     Сноска: В пункт 6 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     7. Для проведения тендера Учредитель формирует Комиссию с участием (по согласованию) представителей исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов, а также территориальных подразделений центральных исполнительных органов.
     Председателем Комиссии является представитель Учредителя, рабочим органом Учредитель.
     8. Комиссия:
     1) утверждает условия тендера;
     2) определяет критерии рассмотрения тендерных заявок и определения победителя;
     3) организует в установленном порядке публикацию информационного сообщения о проведении тендера;
     4) разрабатывает и утверждает регламент своей работы;
     5) привлекает при необходимости независимых экспертов или консультационные фирмы (по согласованию);
     6) организует прием, регистрацию заявок на участие в тендере и других документов, необходимых для представления в Комиссию, по утвержденной ею форме, оповещение Участников о необходимости в кратчайшие сроки устранить недостатки в представленной документации (для иногородних Участников датой регистрации заявки на участие в тендере считается почтовая отметка о времени отправления заявки);
     7) обеспечивает ознакомление Участников с порядком проведения тендера, проектом Договора;
     8) определяет победителя тендера;
     9) подписывает протокол о результатах тендера.
     9. Информационное сообщение о проведении тендера подлежит опубликованию в областных официальных средствах массовой информации на государственном и русском языках не менее, чем за 15 дней до проведения тендера.
     9-1. В случае отсутствия заявок на тендер Учредитель принимает иное решение по использованию объекта. <*>
     Сноска: В пункт 9 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     10. К участию в тендере допускаются физические и юридические лица, своевременно представившие заявку и другие установленные Комиссией необходимые документы.
     11. Гарантийный взнос обеспечивает выполнение Участником следующих обязательств:
     1) подписать протокол о результатах тендера в случае признания победителем;
     2) заключить на основании протокола Договор.
     Гарантийный взнос устанавливается Комиссией в размере, покрывающем расходы организатора тендера на его подготовку и проведение.
     12. Для участия в тендере необходимо представить на рассмотрение Комиссии следующие документы:
     1) заявку на участие в тендере по утвержденной Комиссией форме;
     2) копию платежного поручения, подтверждающего внесение гарантийного взноса;
     3) предложения по условиям тендера в письменной форме, запечатанные в отдельном конверте;
     4) (исключен)
     Сноска: В пункт 12 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     Юридические лица дополнительно представляют нотариально заверенные копии учредительных документов, а также копии документов, подтверждающих прохождение ими государственной регистрации в соответствующем государственном органе.
     13. Прием заявок на участие в тендере заканчивается за 3 дня (72 часа) до его проведения. По истечении установленного срока прием заявок и документов прекращается.
     14. Участник тендера имеет право отозвать свое предложение, сообщив об этом письменно не менее чем за 3 дня (72 часа) до проведения тендера.
     15. Комиссия рассматривает предложения Участников, исходя из критерия (критериев) выявления победителя. Комиссия вправе провести независимую экспертизу проектов. Срок рассмотрения экспертной группой заявок Участников ограничивается 15 днями.
     В случае подачи одной заявки на тендер объект передается по целевому назначению заявителю. <*>
     Сноска: В пункт 15 внесены дополнения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     16. Решение Комиссии принимается простым большинством голосов ее членов. При равенстве голосов решающим является голос председателя.
     17. Решение Комиссии оформляется протоколом, который подписывается членами Комиссии, ее председателем, а также Участником, выигравшим тендер. Член Комиссии имеет право письменно изложить свое особое мнение и приложить его к протоколу, о чем в последнем делается отметка.
     18. Участникам тендера, не ставшим победителями, за исключением отказавшихся от участия в тендере менее чем за 3 дня (72 часа) до его проведения, гарантийный взнос возвращается в течение 10 банковских дней со дня объявления победителя тендера. Участнику, выигравшему тендер, гарантийный взнос не возвращается. Невозвращенные гарантийные взносы перечисляются в доход местного бюджета.
     19. Результаты тендера должны быть утверждены Учредителем в течение пяти календарных дней с момента объявления победителя. В случае неутверждения результатов тендера, отсутствия заявок на участие в тендере или принятия Комиссией решения о неустановлении победителя Учредитель вправе объявить новый тендер, рекомендовав Комиссии изменить его условия.
     20. Договор должен быть подписан сторонами не позднее 10 дней после утверждения Учредителем результатов тендера. Акт приема-передачи Имущества, переданного в доверительное управление, подписанный сторонами, является неотъемлемой частью Договора.
     21. Передача в доверительное управление Имущества осуществляется без права последующего выкупа и передачи в собственность по другим основаниям. Доверенное Имущество подлежит возврату Управляющим в том же составе и состоянии, свободным от долгов и обязательств по окончании срока либо в случае досрочного прекращения действия Договора.
     22. Управляющий осуществляет на основании Договора управление Имуществом в интересах Выгодоприобретателя.
     23. Договор должен предусматривать:
     1) предмет и срок Договора;
     2) состав Имущества, передаваемого в доверительное управление;
     3) указание о Выгодоприобретателе;
     4) сроки и форму отчетности Управляющего;
     5) указание на лицо, получающее доверенное Имущество в случае прекращения действия Договора;
     6) указание на включение в состав доверенного Имущества прав и имущества, приобретенного и (или) полученного Управляющим в процессе осуществления возложенных на него обязанностей;
     7) обязательства Управляющего по содержанию доверенного Имущества, проведению его ремонта за счет собственных средств, если иное не предусмотрено действующим законодательством Республики Казахстан;
     8) ответственность Управляющего за нарушение им условий Договора и установленных действующим законодательством Республики Казахстан ограничений.
     Договором могут быть предусмотрены и иные существенные условия, не противоречащие действующему законодательству Республики Казахстан
     9) обязательства Управляющего по привлечению соответствующих служб для проведения экспертизы произведенного ремонта доверенного имущества. <*>
     Сноска: В пункт 23 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     24. Управляющий осуществляет доверительное управление Имуществом лично, если иное не предусмотрено Договором.
     25. Договор, наряду с общими основаниями прекращения обязательств сторон, прекращается в связи:
     1) со смертью гражданина - Управляющего, объявлением его умершим, признанием его недееспособным или ограниченно дееспособным, безвестно отсутствующим; с ликвидацией юридического лица - Управляющего;
     2) с отказом Управляющего или Учредителя из-за невозможности лично осуществлять управление доверенным Имуществом;
     3) с отказом Учредителя от исполнения Договора, при условии выплаты Управляющему убытков и вознаграждения, если оно предусматривалось Договором;
     4) с отказом Управляющего в случае несообщения ему о передаче в управление обремененного залогом Имущества с выплатой ему вознаграждения, если оно предусматривалось Договором.
     26. Переход права собственности на доверенное Имущество не прекращает доверительное управление Имуществом.
     27. В случае прекращения Договора доверенное Имущество передается лицу, которое указано в Договоре.
     28. При банкротстве государственного предприятия, Имущество которого, входящее в уставной капитал, передано в доверительное управление, доверительное управление Имуществом прекращается и доверенное Имущество передается в конкурсную массу.
 

3. Разрешение споров

     29. По всем неурегулированным Инструкцией вопросам стороны Договора руководствуются нормами действующего законодательства Республики Казахстан. <*>
     Сноска: В пункт 29 внесены изменения - постановлением акимата Павлодарской области от 16 мая 2005 года N 177/4.
     30. Споры, возникающие при передаче Имущества в доверительное управление, рассматриваются по взаимному согласию сторон или в судебном порядке.