Павлодар облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" N 242/11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 16 мамырдағы N 177/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 26 мамырда N 3027 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы мен 2-тармағына, Павлодар облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" N 26 шешiмiне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы"      N 242/11 қаулысына (облыс әдiлет департаментiнде 2003 жылғы 8 желтоқсанда N 2136 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 20 қаңтардағы 8-нөмiрiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы "Қағидасы" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармағындағы:
      "қоса берiлiп отырған беру Қағидасы" деген сөздер "қоса берiлiп отырған беру нұсқаулығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(бұдан әрi - қағида)" деген сөздер "(бұдан әрi - Нұсқаулық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "қағиданың" деген сөз "Нұсқаулықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру Қағидасындағы:
      тақырыбындағы "беру Қағидасы" деген сөздер "беру нұсқаулығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      преамбуладағы:
      "осы беру қағидалары" деген сөздер "осы беру нұсқаулығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(бұдан әрi - қағидалар)" деген сөздер "(бұдан әрi - Нұсқаулық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "қағидада" деген сөз "Нұсқаулықта" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 8)-тармақшасындағы "облыс коммуналдық меншiк департаментi" деген сөздер "облыс қаржы департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мына мазмұндағы 9) және 10)-тармақшаларымен толықтырылсын:
      "9) "уәкiлеттi орган" - коммуналдық заңды тұлғаларға қатысы бойынша коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган)";
      "10) "мемлекеттiк басқару органы" - облыстық бюджеттен қаржыландырылатын әкiм уәкiлеттiлiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - Мемлекеттiк басқару органы)";
      2-тармақтағы бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құрылтайшы Мүлiктi кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдi Уәкiлеттi органның немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттiк басқару органының қолдау хаты негiзiнде қабылдайды";
      мына мазмұндағы 2-1 тармағымен толықтырылсын:
      "2-1. Құрылтайшы облыс қаржы департаментi алқа шешiмiнiң негiзiнде сенiмгерлiк басқарушыға қосымша құқықтар беру туралы шешiм қабылдайды";
      мына мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
      "4-1. Құрылтайшы беру тәсiлi туралы шешiм қабылдайды";
      5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "5. Мүлiк, соның iшiнде тарихи, мәдениет және сәулет ескерткiш-ғимараттарын сенiмгерлiк басқаруға беру осы Мүлiк үшiн ең төмен жалдау төлемiнiң сомасына Пайда алушының мүддесiнде жұмыстарды (қызметтердi) орындау шартында жеке және заңды тұлғаларға берiледi";
      мына мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
      "5-1. Күрделi ауру түрлерiмен ауыратын ересек және балалардың мәселелерiн шешуге бағытталған жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге, қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ өз қызметiн әлеуметтiк бағыттағы мемлекеттiк бағдарламалардың  шеңберiнде iске асыратын қоғамдық бiрлестiктерге Мүлiктi мақсатты, қаржылық пайдасыз, сенiмге берiлген Мүлiктi ұстау және сақтау шарты бойынша тапсыруға болады";
      6-тармақтағы "осы қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген тұлғалардан басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақтағы екiншi абзац алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
      "9.1. Тендерге өтiнiмдердiң болмаған жағдайында құрылтайшы объектiнi пайдалану жөнiнде басқа шешiм қабылдайды";
      12-тармақтың 4)-тармақшасы алынып тасталсын;
      15-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тендерге бiр өтiнiм берiлген жағдайда объект өтiнiм берушiге мақсатты бағытта тапсырылады";
      23-тармақ мына мазмұндағы 9)-тармақшамен толықтырылсын:
      "9) сенiмгерлi мүлiктiң жүргiзiлген жөндеуiне сараптау өткiзуге тиiстi қызметтердi тарту жөнiндегi Басқарушының мiндеттерi";
      29-тармақтағы "осы қаулыда" деген сөздер "Нұсқаулықта" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады