Павлодар облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы" N 242/11 қаулысына толықтыру енгізу туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі N 266/10 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 27 қыркүйекте N 3073 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Павлодар облысының сумен қамту, жылумен және электр қуатымен жабдықтау жүйелерiнiң iркiлiссiз қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру нұсқаулығын бекiту туралы" N 242/11 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы N 242/11 қаулысымен бекiтiлген коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру Нұсқаулығының 5-тармағы мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Сумен қамту, жылумен және электр қуатымен жабдықтау объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға тапсыру монополияға қарсы уәкiлеттi орган бекiткен тарифтiк сметада көзделген шығындар сомасы мен көрсетiлген объектiлерге амортизациялық аударымдар шегiнде Пайда алушының мүддесiндегi жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау шартында жүргiзiледi."

      2. Осы қаулы аумақтық әдiлет органында мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады