Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2012.03.15 № 65 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстық әкiмият қаулы етеді:
1. "А" вирусты гепатитке қарсы жыл сайын жоспарлы алдын ала егiлуге жататын адамдар құрамының тiзбесi бекiтiлсiн (1-қосымша).
2. Тұмауға қарсы жыл сайын жоспарлы алдын ала егiлуге жататын адамдар құрамының тiзбесi бекiтiлсiн (2-қосымша).
3. Атырау облыстық қаржы басқармасы жыл сайын облыс бюджетiнде тұрғындардың "А" вирусты гепатитке және тұмауға қарсы егуге қажеттi вакциналарды сатып алуға қаржы қарастырып, Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына бөлсiн.
4. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес тұрғындарды жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткiштерге орай вакцинациялауды;
2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын тұрғындарды вакцинациялау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
5. Атырау облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мемлекеттiк сатып алу сұранымды, санитарлық талаптарға сәйкес вакциналарды сақтауды, тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.І. Мұрсәлиеваға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмиятының
2003 жылғы 26 тамыздағы
№ 179 қаулысына 1-қосымша
"А" вирусты гепатитке қарсы жылма-жыл жоспарлы алдын-ала
егiлуге тиiстi адамдар құрамының тiзбесi
Егiлетiн адамдар тобы |
Егiлуге тиiстi адамдар саны |
2 жастағы балалар |
8500 |
Облыс әкiмиятының
2003 жылғы 26 тамыздағы
179 қаулысына 2-қосымша
Тұмауға қарсы жылма-жыл жоспарлы алдын-ала
егiлуге тиiстi адамдар құрамының тiзбесi
Егiлетiн топ |
Егiлуге тиiстi |
Балалар үйi тәрбиеленушiлерi мен |
84 |
Жетiм және әке-шеше қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат |
279 |
"Ақбота" балалар үйi тәрбиеленушiлерi |
238 |
Қарттар үйi |
78 |
Ойлау қабiлетi төмен балаларға арналған |
298 |
Жиi ауыратын балалар |
4523 |
Медицина қызметкерлерi |
4500 |
Барлығы |
10000 |