Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2295 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығын және "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.22. N 40 Қаулысымен.
1. Мыналар:
1) оларға қарсы алдын ала егулер жүргiзiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi;
2) жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс халықтың топтары;
3) алдын ала егулер жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес халықты вакциналауды;
2) медициналық мекемелерi жоқ елдi мекендерде тұратын халықты вакциналау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс iстеуiн;
3) 14 жасқа дейінгі балаларды егу паспорттарымен қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 23 мамырдағы
N 488 қаулысымен
бекiтiлген
Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізiлетiн жұқпалы және паразиттiк аурулардың тiзбесi
1. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi:
құтырма
іш сүзегi
"В" вирусты гепатитi
көктемгi-жазғы кене энцефалитi
дифтерия
көкжөтел
қызылша
полиомиелит
сiреспе
туберкулез
оба
эпидемиялық паротит
b типті гемофилдік жұқпа
2. Мынадай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жергiлiктi бюджеттердің қаражатты есебiнен жүргiзiледi:
"А" вирусты гепатитi
тұмау
күйдiргi
туляремия
қызамық; <*>
Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.09. N 1250 , өзгерту енгізілді - 2008.01.22. N 40 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
N 488 қаулысымен
бекiтілген
Жоспарлы алдын ала егiлуге тиiс адамдардың топтары
Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауға мынадай халық топтары жатады:
1) алдын ала егулер жүргiзу тәртiбi мен мерзiмдерiне сәйкес жасы бойынша (туберкулез, iш сүзегi, көкжөтел, қызылша, полиомиелит, сiреспе, эпидемиялық паротит, "В" вирусты гепатитi), қызамық, b типті гемофилдік жұқпа;
2) аса қауiптi жұқпалы аурулардың (көктемгi-жазғы кене энцефалитi, күйдiргi, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн халық;
3) өзiнiң кәсiби қызметiнiң түрi бойынша қатер топтарына жататын адамдар, соның iшiнде:
медицина қызметкерлерi ("В" вирусты гепатитi, тұмау);
кәрiз және тазалау құрылыстарының қызметкерлерi (iш сүзегi);
4) өз денсаулығының жағдайы мен эпидемиологиялық айғақтар бойынша қатер топтарға жататын адамдар:
қанын алмастырғандар ("В" вирусты гепатитi);
иммунитетi әлсiреген (жиi ауыратын және әлсiреген балалар), балалар үйлерiнiң, сәбилер үйлерiнiң балалары, қарттар үйлерiнiң контингенттерi (тұмау);
кез келген жануар тiстегендер, түкiргендер (құтырма);
терi қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылуынан жарақаттанғандар жараланғандар (сiреспе);
5) эпидемиологиялық айғақтар бойынша "A" вирусты гепатитiне қарсы балаларды вакциналау аурушаңдығы жоғары өңiрлерде жүргiзiледi ("A" вирусты гепатитi).
Ескерту. 1) тармақша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.09. N 1250 , өзгерту енгізілді - 2008.01.22. N 40 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 23 мамырдағы
N 488 қаулысымен
бекiтiлген
Алдын ала егулерді жүргiзу ережесi
1. Халықты алдын ала егудi медициналық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған кезде меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалар жүргiзедi.
2. Халықты вакциналау қосымшаға сәйкес мерзiмдерде жүргізіледi.
3. Егулердi жүргiзуге рұқсаты бар жоғары және орта медициналық бiлiмдi адамдарға алдын ала егулердi жүргiзуге рұқсат етiледi. Рұқсатты жыл сайын арнайы құрылған комиссия бередi.
4. Егулердi ұйымдастыру, алдын ала егулердi жүргiзетiн мамандарды даярлау үшiн жауапкершiлiк егулердi жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
5. Егулер арнайы жабдықталған егу кабинетiнде жүргiзiледi. Үйде және егуге уақытша жабдықталған үй-жайларда егулердi жүргiзуге ерекше жағдайларда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығымен рұқсат етіледi.
6. Елдi мекенде иммундауды жүргiзу үшiн жағдай болмағанда (медициналық ұйымның, медицина қызметкерінің немесе вакциналарды сақтау үшiн жағдайдың болмауы) егулердi жылжымалы егу бригадасы жүргiзедi. Жылжымалы бригадалардың жұмыс iстеу peжимiн аумақтық денсаулық сақтау органдары айқындайды.
7. Халықты вакциналау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен тiркелген препараттарды пайдалануға рұқсат етiледi.
8. Вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және қолдану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Халықты вакциналау үшiн бiр реттік шприцтер ғана пайдаланылады.
10. Егулердi жүргiзу алдында егiлетiн адамның медициналық құжатына егуге рұқсатты ресiмдей отырып, егiлетiн адамды міндеттi түрде дәрiгер, ал ол болмаған кезде - фельдшер қарайды. Дәрiгер немесе фельдшер қараған кезде егiлетiндермен немесе балалардың ата-аналарымен вакцинаға әдеттен тыс әсер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы түсiндiру жұмысын жүргiзедi.
11. Егулердi жүргiзу алдында медицина қызметкерi вакцинаның сапасын, оның таңбалануын, ампуланың (сауыттың) бүтіндігін, вакцинаның ерiтiндiге және препаратқа қоса берiлген нұсқаулыққа сәйкестiгiн мұқият тексередi.
12. Егiлген адамдар егiлгеннен кейінгі әсерлер пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшiн өздерi егу алған медициналық ұйымда 30 минут бойы қадағалауда болуға тиiс. Вакциналауды жылжымалы егу бригадасы жүргiзген жағдайда, егiлген адамдар егудi жүргiзген медицина қызметкерінің қадағалауында болуға тиiс.
Алдын ала егулерді жүргізу ережесіне
қосымша
Алдын ала егулерді жүргізу мерзімдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.01.22.
N 40 Қаулысымен.
Егілетіндер |
Оларға қарсы алдын ала жүргізілетін жұқпалы аурулар |
|||||||||
Ту- |
Поли- |
"В" |
Көкжө- |
b тип- |
Дифте- |
Дифте- |
Дифте- |
Қызыл- |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
1) жасы |
||||||||||
1-4 күн |
+ |
+ |
||||||||
2 ай |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||
3 ай |
+ |
+ |
+ |
|||||||
4 ай |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||
12-15 ай |
+ |
+ |
||||||||
18 ай |
+ |
+ |
||||||||
6 жас (1 |
+ |
+ |
+ |
|||||||
12 жас |
+ |
|||||||||
15 жас |
||||||||||
16 жас |
+ |
|||||||||
әрбір 10 жылдан |
+ |
|||||||||
жа- |
2) аса |
|||||||||
3) өзі- |
||||||||||
медицина |
+ |
|||||||||
кәріз |
||||||||||
4) өз |
||||||||||
қан |
+ |
|||||||||
иммуни- |
||||||||||
кез кел- |
||||||||||
тері қа- |
+ |
|||||||||
5) эпи- |
(кестенің жалғасы)
Егілетін- |
Оларға қарсы алдын ала жүргізілетін жұқпалы аурулар |
|||||||||
Қыза- |
Көк- |
Оба |
Күй- |
Туля- |
Іш |
Құтыр- |
"А" |
Тұмау |
||
1 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
|
1) жасы |
||||||||||
1-4 ай |
||||||||||
2 ай |
||||||||||
3 ай |
||||||||||
4 ай |
||||||||||
12-15 ай |
||||||||||
18 ай |
||||||||||
6 жас (1 сынып) |
||||||||||
12 жас |
||||||||||
15 жас |
+ |
|||||||||
16 жас |
||||||||||
әрбір 10 жылдан |
||||||||||
жа- |
2 )аса |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||||
3) өзі- |
||||||||||
медицина |
+ |
|||||||||
кәріз |
+ |
|||||||||
4) өз |
||||||||||
қан |
||||||||||
имму- |
+ |
|||||||||
кез кел- |
+ |
|||||||||
тері қа- |
||||||||||
5) эпи- |
+ |