----------- Қаулыдан үзінді ------------
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мыналардың:
1) "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 158 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2954 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, N 15, 2005 жылғы маусым, 106-құжат);
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
...
Төраға
----------------------------
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
3-бабы
2-тармағының 18)-тармақшасын және
48-бабы
3-тармағын іске асыру, және бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандарды дайындау және аттестациядан өткізу жүйесін жетілдіру, бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесі туралы қоса беріліп отырған ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 8 мамырдағы N 153
қаулысының
күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1885 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2002 жылы шілдеде жарияланған, N 7).
3-1. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген қолданыстағы біліктілік куәліктер Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тіліндегі біліктілік куәліктерін берумен ауыстырылуы тиіс.
Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына және "Оқу орталықтары қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
"Бағалы қағаздар рыногындағы
жұмыс үшін жеке тұлғаларды
аттестациядан өткізу,
біліктілік куәліктерін беру,
сонымен қатар біліктілік
куәліктерінің қолданысын
тоқтата тұру немесе қайтарып
алу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 12 маусымдағы
N 158 қаулысымен бекітілді
Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын біліктілік куәліктерін иеленушілер бұзған жағдайда бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртібін белгілейді.
1. Біліктілік куәліктерін алуға үміткерлерге мынадай санаттар бойынша аттестация жүргізіледі:
1) бірінші санат бойынша, ол бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі жұмысты орындауға рұқсат етіледі;
2) екінші санат бойынша, ол бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмысты орындауға рұқсат етіледі;
3) үшінші санат бойынша, ол бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмысты орындауға рұқсат етіледі.
3. Біліктілік куәліктерінің мерзімі болмайды.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
2-тарау. Аттестациялық комиссия
4. Аттестацияға байланысты мәселелерді шешу үшін бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы уәкілетті мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) Аттестациялық комиссия құрылады, оның құрамына уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді және оны Аттестациялық комиссияның төрағасы басқарады (немесе, ол жоқ кезде, Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары). Аттестациялық комиссияның іс қағаздарын жүргізуді функцияны оның мүшелерінің біреуі жүзеге асыра алатын оның хатшысы жүзеге асырады. Аттестациялық комиссияның дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Аттестациялық комиссияның функциясына мыналар кіреді:
1) аттестацияларды өткізу;
2) уәкілетті органның бірінші басшысына:
біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы;
біліктілік куәлігінің қолданылуын қайта жаңғырту туралы, қайтадан аттестациядан өту үшін мерзімін белгілеуімен;
біліктілік куәлігін қайтарып алу туралы ұсыныстар беру.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
6. Егер Аттестациялық комиссияның мәжілісіне оның мүшелерінің үштен екі бөлігі, оған қоса Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қатысса, ол заңды болып танылады. Аттестациялық комиссияның мүшесі - уәкілетті органның қызметкері Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатыса алмаған жағдайда, Аттестациялық комиссияның осы мүшесі жұмыс істейтін уәкілетті орган бөлімшесінің басқа мүшесімен ауыстырылып, Аттестациялық комиссия мәжілісінің хаттамасына тиісті жазбалар жасалады. Аттестациялық комиссия мүшелерінің - уәкілетті орган қызметкерлерінің орнын ауыстыру схемасы уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы тұлғаның бұйрығымен белгіленеді.
7. Аттестациялық комиссияның шешімі Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатысушы мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Аттестациялық комиссия төрағасының (немесе ол жоқ кезде Аттестациялық комиссия төрағасы орынбасарының) дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Аттестациялық комиссияның барлық мүшелеріне оның хатшысы ауызша хабарлайды.
8. Біліктілік куәлігін иеленушіге осы Ереженің 7-тарауында көзделген санкциялардың бірін қолдану жөнінде ұсыныс қабылдаған жағдайда, ол түсініктеме және жауап беруі үшін Аттестациялық комиссияның осындай мәжілісіне шақырылады.
Егер тиісті біліктілік куәлігін иеленуші Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатыса алмаса және осы мәселені өзі болмаса да қарауды жазбаша өтінсе (бұл мәселенің оның қатысуынсыз қаралуына келіссе), не ол Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатысудан жалтарса, Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған кезде, төрағаның орынбасары біліктілік куәлігін иеленуші қатыспай-ақ осы мәселені қарау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Егер біліктілік куәлігін иеленуші Аттестациялық комиссияның осындай мәжілісіне қатысса, комиссияның шешімі жөнінде осы мәжіліс барысында немесе ол аяқталғаннан кейін тез арада куәлікті иеленушіге хабар беріледі.
Аттестациялық комиссияның мәжілісі өткеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатыспаған біліктілік куәлігін иеленушіге (оған қатысты мәселе оның қатысуынсыз қаралған) тиісті шешімі бар хаттаманың көшірмесі жіберіледі.
9. Аттестациялық комиссия мәжілісінің қабылдаған шешімдері бар хаттама ол мәжіліс өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және осы мәжіліске қатысқан барлық Аттестациялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ Аттестациялық комиссия хатшысының қолдары қойылады. Егер Аттестациялық комиссияның мүшесі (Аттестациялық комиссия мүшесінің орнындағы адам) Аттестациялық комиссияның шешіміне қарсы болса немесе өзінің жеке пікірін білдірсе, хаттамаға тиісті жазбалар жасалуға тиіс.
3-тарау. Аттестациядан өту үшін берілетін құжаттар
10. Аттестацияға рұқсат алу үшін үміткер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) үміткердің білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін (не үміткердің білімін растайтын басқа да ықтимал құжатты);
3) үміткердің (біліктілік куәлігін иеленушінің) экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотта өтелмеген ісі немесе мұндай істің одан алынғаны туралы анықтамасын (көрсетілген анықтамадағы күн өтініш берген күннің алдында 3 (үш) айдан астам болмауы керек);
4) арнайы орта білімі бар үміткерлер үшін - қаржы рыногындағы үміткердің кемінде үш жыл еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (жұмыс стажын белгілеген кезде жұмыстағы үзілістің ұзақтығы үш айдан аспайтын жағдайлар ғана назарға алынады) беруі тиіс.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
11. Аттестацияға қайтадан рұқсат алу үшін біліктілік куәлігін иеленуші осы Ереженің 10-тармағының 1), 3)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға береді.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
12. Аттестацияға мынадай:
1) аттестацияға жіберу туралы өтініш берудің алдындағы екі жылдың ішінде біліктілік куәлігі қайтарып алынған;
2) экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотта өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған сотта ісі бар;
3) осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көрсетілген құжаттары жоқ немесе тиісті түрде ресімделмеген үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) жіберілмейді.
4-тарау. Аттестациялауды өткізу
13. Үміткерлерден (біліктілік куәлігін иеленушілерден) түскен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша, Аттестациялық комиссияның төрағасы не ол болмаған жағдайда Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары аттестацияны өткізудің тағайындалған күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бекітетін үміткерлерді немесе біліктілік куәліктерінің иеленушілерін аттестациялауға жіберу жөніндегі хаттаманы жауапты бөлімше дайындайды.
Аттестациялық комиссияның хатшысы үміткерлерге немесе біліктілік куәліктерінің иеленушілеріне аттестациядан өткізу күні, уақыты мен орны туралы ауызша хабарлайды.
15. Үміткер немесе біліктілік куәлігін иеленуші аттестациялаудан жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін өтеді.
16. Үміткерлерді біліктілік куәліктерін алуға аттестациялау және бірінші немесе екінші санаттағы біліктілік куәліктерінің иеленушілерін қайта аттестациялау компьютерлік тест әдісімен өткізіледі. Бірінші және екінші санат бойынша тестідегі сұрақтар саны елуден кем болмауы тиіс.
Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
17. Үміткерлерді үшінші санат бойынша аттестациялау екі кезеңмен өткізіледі:
1) бірінші кезең - компьютерлік тестілеу;
2) екінші кезең - тапсырмалар нысанындағы жазбаша тестілеу.
Компьютерлік тестідегі сұрақтар саны отыздан кем болмауы, жазбаша тестіде - бестен кем болмауы тиіс.
Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
18. Тестілеуге арналған сұрақтарды уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары бекітеді.
Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
19. Бірінші немесе екінші санат бойынша біліктілік куәлігін алу үшін сұрақтардың жалпы санының жетпіс не одан астам процентін құрайтын сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер аттестацияланған деп танылады.
20. Үміткердің бірінші немесе екінші санат бойынша тест сұрақтарына жауаптарының дұрыстығын компьютер автоматты түрде тексереді. Компьютерлік тестілеудің нәтижесі қағазға басып шығару негізінде ресімделеді және оған үміткер немесе біліктілік куәлігін иеленуші, Аттестациялық комиссияның бір мүшесі және оның хатшысы қол қояды.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
21. Үшінші санат бойынша біліктілік куәліктерін алу үшін үміткерлерді жазбаша тестілеуді жазбаша нысанда үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асырады.
Ескерту: 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
22. Жазбаша мәтінінің жауаптарының дұрыстығын Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі тексереді.
Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
23. Үшінші санат бойынша жазбаша тестілеуге тест сұрақтарының жалпы санының жетпіс не одан астам процентін құрайтын компьютерлік тестідегі сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) жіберіледі.
Компьютерлік тест нәтижелері бойынша жазбаша тестілеуге жіберілмеген үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) аттестацияланбаған деп танылады.
Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
24. Үшінші санат бойынша біліктілік куәліктерін алу үшін тапсырмалардың жалпы санының жетпіс не одан астам процентін құрайтын тапсырмаларды дұрыс шешкен үміткер аттестацияланды деп танылады.
Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
25. Үміткерлерді бірінші немесе екінші санаттар бойынша біліктілік куәліктерін алуға аттестациялау барысында жалпы уақыт бір сұраққа - бір минут есебінен есептеледі. Үміткерлерді үшінші санат бойынша аттестациялау барысында компьютерлік тестіге берілетін бір сұраққа - бір минут есебінен есептеледі, жазбаша тестілеуге елу минуттан аспауы тиіс.
Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
26. Аттестация барысында үміткерлердің оқу, анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиеттерді, сондай-ақ қандай да болмасын жазбаларды (оның ішінде электронды түрде) пайдалануға тыйым салынады. Осы талапты бұзған жағдайда үміткер аттестацияланбаған деп танылады.
Аттестациялау барысында үміткерлерге калькуляторлар (оның ішінде қаржылық есептеулерді жүзеге асыруға арналған калькуляторларды) пайдалануға рұқсат етіледі.
27. Аттестациялық комиссияның үміткерлерді аттестацияланған немесе аттестацияланбаған деп тану туралы шешімі аттестациялаудың хаттамасы арқылы ресімделеді. Аттестациялаудың хаттамасына аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі және оның хатшысы қол қояды.
Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
28. Аттестацияланбады деп танылған үміткер өзі аттестацияланбады деп танылған нәтижелер бойынша аттестация өткізілген күннен бастап кемінде бір айдан кейін қайтадан аттестациядан өте алады, бірақ жылына үш реттен аспауы тиіс.
Аттестациядан қайталап өтуге рұқсат беру туралы өтініш еркін нысанда жазылып, нәтижесінде үміткер аттестацияланбады деп танылған аттестация өткізілген күнді міндетті түрде көрсете отырып Аттестациялық комиссия төрағасының немесе оның орынбасарының атына беріледі.
Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
29-32. <*>
Ескерту: 29-32-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
5-тарау. Апелляциялық комиссия
33. Үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) аттестацияның нәтижелерімен келіспейтін жағдайда тест сұрақтарының және жауаптарының түзу және дұрыс қойылуына қатысты ғана апелляцияға береді.
34. Апелляцияны құрамына уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметкерлері кіретін және төраға, төрағаның орынбасары және Апелляциялық комиссия мүшелерінен тұратын Апелляциялық комиссия қарайды. Аттестациялық комиссия мүшелері және осы Ереженің 6-тармағына сәйкес олардың орнына қалу құқығы бар адамдар Апелляциялық комиссия мүшелері ретінде тағайындала алмайды. Апелляциялық комиссияның дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы адамның бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссияның іс қағаздарын Апелляциялық комиссия мүшелерінің ішінен уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған хатшысы жүргізеді.
35. Апелляциялық комиссия апелляцияны алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде апелляцияны қарауы тиіс. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Аттестациялық комиссияның төрағасы және (немесе) оның орынбасары дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы.
37. Егер Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Апелляциялық комиссияның төрағасы немесе оның орынбасарымен қоса оның кемінде үш мүшесі қатысатын болса, онда ол заңды деп танылады. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Апелляциялық комиссия мүшесінің қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, Апелляциялық комиссия мәжілісінің хаттамасына тиісті жазбалар енгізе отырып, оны Апелляциялық комиссияның осы мүшесі жұмыс істейтін уәкілетті орган бөлімшесінің қызметкерімен ауыстырады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің ауыстыру схемасы уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы адамның бұйрығымен белгіленеді. Апелляциялық комиссия мүшелерін ауыстыруға құқығы бар тұлға ретінде ол Апелляциялық комиссияның мүшесі болып тағайындала алмайды.
38. Апелляциялық комиссияның әр мүшесі бір дауысқа ие. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляциялық комиссияның мәжілісіне қатысушы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Апелляциялық комиссия төрағасының не ол болмағанда, Апелляциялық комиссия төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
39. Апелляциялық комиссия мәжілісінің қабылдаған шешімі бар хаттамасы мәжілістен кейінгі үш жұмыс күнінің ішінде екі дана етіп ресімделеді және оған осы мәжіліске қатысқан Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Егер Апелляциялық комиссияның мүшесі Апелляциялық комиссияның шешіміне қарсы болса немесе ерекше пікір айтса, хаттамаға тиісті жазбалар жасалуы тиіс. Апелляциялық комиссияның мәжілісі хаттамасының екінші данасы осы хаттамаға қол қоюға тиісті барлық тұлғалар қол қойған күннен кешіктірмей Аттестациялық комиссияға беріледі.
40. Апелляциялық комиссия алынған апелляцияны қарау нәтижелері бойынша мынадай үш шешімнің біреуін қабылдауға құқылы:
1) Аттестациялық комиссияның шешімін өзгеріссіз қалдыру, ал апелляцияны қанағаттандырмау;
2) Үміткердің немесе біліктілік куәлігін иеленушінің апелляциясын қанағаттандыру және оны қайтадан аттестацияға жіберу. Бұл жағдайда аттестация үш жұмыс күні ішінде қайталап өткізіледі.
41. Аттестациядан өтті деп танылған үміткерге осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанмен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған біліктілік куәлігі беріледі.
42. Аттестациялық комиссияның хатшысы берілген біліктілік куәліктері журналын жүргізеді, сондай-ақ қолданылу мерзімі тоқтатылған біліктілік куәліктерінің және қайтарып алынған біліктілік куәліктерінің есебін жүргізеді.
7-тарау. Біліктілік куәлігінің қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу
43. Біліктілік куәлігінің қолданылуы Аттестациялық комиссияның ұсынуы арқылы уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы адамның бұйрығымен осы куәлікті иеленушінің қайта аттестациялаудан өту талаптарын белгілей отырып, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің жүзеге асырылуын реттеуші Қазақстан Республикасының заң нормаларын осы куәлікті иеленушінің бұзу деректері анықталған жағдайда белгіленген мерзімде тоқтатылуы мүмкін.
Ескерту: 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
44. Осы Ереженің 43-тармағымен белгіленген негіздер бойынша тоқтатылған біліктілік куәлігінің қолданылуын жаңарту Аттестациялық комиссияның ұсынуы бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы адамның бұйрығымен жүзеге асырылады.
45. Біліктілік куәлігі Аттестациялық комиссияның ұсынуы бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы адамның бұйрығымен қайтарып алынуы мүмкін:
1) осы біліктілік куәлігін иеленуші қайта аттестациялау нәтижесінде аттестацияланбаған деп танылғанда;
2) осы біліктілік куәлігін иеленушінің уәкілетті органның бірінші басшысының, не оның орнын ауыстырушы адамның көрсетілген мерзім ішінде қайтадан аттестациядан өтуге оны жіберу туралы шешімдерін орындамағанда;
3) осы біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтату үшін негіздемелер қайта туындаған жағдайда;
4) Аттестациялық комиссияның осы біліктілік куәлігін иеленушінің осы біліктілік куәлігіне сәйкес рұқсат етілген жұмысты орындау үшін біліктілігі жеткіліксіз екендігі туралы шешім қабылдағанда (осы біліктілік куәлігін иеленушінің бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруды реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын бұзуға әкеліп соқтырған заң бұзу фактілері айқындалған жағдайда);
5) осы біліктілік куәлігін иеленуші экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны үшін сотталған жағдайда.
46. Біліктілік куәлігінің қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы аталған біліктілік куәлігін иеленуші жұмыс істейтін ұйымға хабарлама жібереді және уәкілетті орган бұл туралы бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне уәкілетті органның немесе бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің Интернет желісіндегі ресми сайтына ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.
47. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.
Бағалы қағаздар рыногындағы
жұмыс үшін жеке тұлғаларды
аттестациядан өткізу, біліктілік
куәліктерін беру, сонымен қатар
біліктілік куәліктерінің қолданысын
тоқтата тұру немесе қайтарып алу
ережесіне 1-қосымша
Өтініш берушінің
Суреті
Өтініш
Мені ___________________________________________санаты бойынша
аттестацияның санаты (санмен және жазумен)
аттестациялаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мыналарды хабарлаймын:
1. _______________________________________________________________
(Өтініш берушінің аты-жөні)
2. _______________________________________________________________
(Өтініш берушінің туған күні және жылы)
3. _______________________________________________________________
(Өтініш берушінің білімі (жоғары, арнайы орта))
4. _______________________________________________________________
(Өтініш беруші оқыған оқу орнының атауы)
5. _______________________________________________________________
(Өтініш берушінің жоғары оқу орнын аяқтаған жылы)
6. _______________________________________________________________
(алған мамандығының атауы (дипломға немесе өтініш берушінің
арнайы орта білімін растайтын басқа да құжатқа сәйкес)).
7. _______________________________________________________________
(Өтініш берушінің жалпы жұмыс стажы және Бағалы қағаздар
рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу,
біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік
куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу
ережесінің 10-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес есептелген жұмыс
стажы)
8. _______________________________________________________________
(Осы өтінішті берген кездегі ұйымның - өтініш берушінің жұмыс
берушіге ұйымның атауы)
9. _______________________________________________________________
(Осы өтінішті берген кездегі өтініш беруші атқаратын лауазымның
атауы)
10. ______________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс телефонының номері)
11. ______________________________________________________________
(Осындай құжаттың деректемелерін көрсете отырып, өтініш
берушінің жеке басын растайтын куәландыратын құжаттың атауы)
12. ______________________________________________________________
(Өтініш берушінің тұрғылықты мекен-жайы)
13. ______________________________________________________________
(үй немесе ұялы телефонның, пейджер немесе басқа жеке
байланыс құралының номері)
Осы өтінішке қоса берілетіндер:
______________________ ______________________
(қолы) (толтырылған күні)
Бағалы қағаздар рыногындағы
жұмыс үшін жеке тұлғаларды
аттестациядан өткізу, біліктілік
куәліктерін беру, сонымен қатар
біліктілік куәліктерінің қолданысын
тоқтата тұру немесе қайтарып алу
ережесіне 2-қосымша
Уәкілетті орган
емтихан ведомосі
Аттестация өткізілетін күн: 200_ "__"________
Аттестациялық комиссия мүшесінің аты-жөні _________________
___________________________________________________________________
р/с|Үміткер| Тест | Билет | 1- | 2- | 3- |Қосымша | Нәтижесі
N | |нәтижесі| номері|сұрақ|сұрақ|сұрақ|сұрақтар|("сынақтан
N | | (%) | | | | | | өтті"/
| | | | | | | |"сынақтан
| | | | | | | |өткен жоқ")
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Аттестациялық комиссияның мүшесі
Бағалы қағаздар рыногындағы
жұмыс үшін жеке тұлғаларды
аттестациядан өткізу,
біліктілік куәліктерін беру,
сонымен қатар біліктілік
куәліктерінің қолданысын
тоқтата тұру немесе қайтарып
алу ережесіне 3-қосымша
Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы N 158
қаулысымен
.
________________ санатты
(жазумен)
N _____
БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ
Осы куәлік ______________________________________________ берілген,
(аттестациядан өткен тұлғаның барыс септігіндегі аты-жөні)
оған уәкілетті орган Аттестациялық комиссияның 200____ жылғы
"____"__________ шешімімен _________________________________ бағалы
қағаздармен мәмілелер жасау немесе бағалы қағаздармен жасалған
мәмілелерді орындау және тіркеу немесе бағалы қағаздар портфелін
басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат берілді.
Біліктілік куәлігі мерзімсіз болып табылады.
Аттестациялық
комиссияның төрағасы (қолы) (аты-жөні)
(Уәкілетті органның мөр таңбасы) Алматы қаласы.