Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды аттестациялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 8 мамырдағы N 153. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1885. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 158 (V042954) қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау мен аттестациялау жүйесін жетілдіру және бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды аттестациялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
      3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлау жөніндегі курстардың тыңдаушыларын аттестациялау туралы ереже" 1996 жылғы 2 ақпандағы  N 15  және "Аттестациялау ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 23 ақпандағы  N 26  қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 
      4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына және заңды тұлғалардың "Оқу орталықтарының қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы бірлестігіне жіберсін. 
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 8 мамырдағы  
N 153 қаулысымен   
бекітілген      

Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды
аттестациялау ережесі

      Осы Нұсқаулық " Бағалы қағаздар рыногы туралы " 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және: 
      біліктілік куәлігін алуға үміттенген жеке тұлғаларды және біліктілігін растау мақсатында біліктілік куәлігін иеленушілерді аттестациялауға жіберу; 
      біліктілік куәлігін алуға үміттенген жеке тұлғаларды және біліктілігін растау мақсатында біліктілік куәлігін иеленушілерді аттестациялау; 
      аттестациядан өткен жеке тұлғаларға біліктілік куәліктерін беру; 
      біліктілік куәліктерін иеленушілерді қайта аттестациялау; 
      біліктілік куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртібін белгілейді. 

1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Осы Ережеде қолданылған ұғымдар мыналарды білдіреді: 
      1) аттестация - біліктілік куәліктерін алуға үміттенген жеке тұлғаларға тест өткізу немесе біліктілік куәлігінің тиісті санаты бойынша білім деңгейін және кәсіби дайындығын анықтау мақсатында тест және ауызша емтихан өткізу; 
      2) біліктілік куәлігі - жеке тұлғаның осы Нұсқаулыққа сәйкес аттестациядан өткенін куәландыратын және оған санатқа (аттестация санатына) сәйкес жұмысты орындауға рұқсат беретін құжат; 
      3) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган; 
      4) басшы - заңды тұлғаның алқалық атқарушы органының басшысы немесе заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға; 
      5) қайта аттестациялау - біліктілік куәлігін иеленуші бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруды реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі басқаратын ұйымдарының ережелерін бұзған жағдайда уәкілетті органның Директорлар кеңесінің шешімі бойынша оның екінші рет және одан кейін де аттестациядан өтуі; 
      6) үміткер - аттестациядан өткісі келетін және тиісті санат бойынша біліктілік куәлігін алғысы келетін жеке тұлға; 
      7) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі бөлімше - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесі; 
      8) өзін-өзі басқаратын ұйым - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі басқаратын ұйымы; 
      9) Директорлар кеңесі - уәкілетті органның Директорлар кеңесі; 
      10) оқу орталығы - бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты бар заңды тұлға; 
      11) заң бөлімшесі - уәкілетті органның заң бөлімшесі. 
      2. Үміткерлердің біліктілігін растау және оларды қайта аттестациялау мақсатында біліктілік куәліктерін иеленушілерді аттестациялау, тест өткізу тиісті және жеткілікті кәсіби жарамдылығы жоқ тұлғалардың бағалы қағаздармен жұмыс істеуіне жол бермеу арқылы бағалы қағаздар рыногына қатысушы субъектілерге тәуекелдердің ықпалын азайту мақсатында жүзеге асырылады. 
      3. Үміткерлерді аттестациялауға оқу орталықтары даярлайды. 
      4. Үміткерлерге мынадай санаттар бойынша аттестация жүргізіледі: 
      1) бірінші санат бойынша, ол бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі жұмысты орындауға рұқсат етіледі; 
      2) екінші санат бойынша, ол бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмысты орындауға рұқсат етіледі; 
      3) үшінші санат бойынша, ол бойынша аттестациядан өткен тұлғаға бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмысты орындауға рұқсат етіледі. 
      5. Аттестациядан өткен үміткерлерге тиісті санаттардағы біліктілік куәліктері беріледі. 
      6. Біліктілік куәліктерінің мерзімі болмайды. Біліктілік куәлігін иеленуші біліктілікті растау мақсатында осы Ережеге сәйкес үш жылда бір рет аттестациядан өтуге міндетті.

2-тарау. Аттестациялық комиссия  

      7. Аттестация және қайта аттестация жүргізу үшін, сондай-ақ аттестацияға және қайта аттестациялауға байланысты мәселелерді шешу үшін уәкілетті органда Аттестациялық комиссия құрылады, оның құрамына бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қызметкерлері кіреді. 
      8. Аттестациялық комиссия тоғыз адамнан тұрады, оған Аттестациялық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Аттестациялық комиссияның төрағасы мен төрағаның орынбасары бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесі басшыларының ішінен тағайындалады. Аттестациялық комиссияның үш мүшесі өзін-өзі басқаратын ұйымдар өкілдерінің ішінен тағайындалады. Аттестациялық комиссияның дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. 
      9. Аттестациялық комиссияның іс қағаздарын жүргізуді уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын хатшы жүзеге асырады. Аттестациялық комиссия хатшысының функциясын дауыс беру құқығы сақтала отырып, оның мүшелерінің бірі атқара алады. 
      10. Аттестациялық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлау бойынша оқу бағдарламаларының үлгілерін әзірлеу және бекіту; 
      2) біліктілік куәліктерін иеленушілердің біліктілігін арттыру бойынша оқу бағдарламаларының үлгілерін әзірлеу және бекіту; 
      3) тестілер мен емтихан билеттерінің сұрақтарын әзірлеу және бекіту; 
      4) үміткерлер мен біліктілік куәліктерін иеленушілерді аттестациядан өткізу және біліктілік куәліктерін иеленушілерді қайта аттестациялау кестесін әзірлеу және бекіту; 
      5) үміткерлер мен біліктілік куәліктерін иеленушілерді аттестацияға жіберу; 
      6) біліктілік куәліктерін иеленушілерді қайта аттестациялауға жіберу; 
      7) аттестация және қайта аттестация өткізу; 
      8) біліктілік куәліктерін толтыру; 
      9) біліктілік куәліктерін беру; 
      10) Директорлар кеңесінің қарауына: 
      біліктілік куәлігін иеленушіні қайта аттестациялау туралы; 
      біліктілік куәлігін иеленушіні оқу орталығындағы бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлау курсынан міндетті түрде алдын ала өткізе отырып, оларды қайта аттестациялау туралы; 
      біліктілік куәлігін иеленушінің біліктілігін растау мақсатында қайта аттестациядан өткенге дейін оның біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы; 
      біліктілік куәлігін иеленуші оқу орталығындағы бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлау курсынан және қайта аттестациядан өткенге дейін оның біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы; 
      біліктілік куәлігін иеленушінің аттестациядан өтті деп танылуына немесе біліктілігінің расталуына байланысты біліктілік куәлігінің қолданылуын қайта жаңғырту туралы; 
      біліктілік куәлігін қайтарып алу туралы ұсыныстар беру. 
      11. Аттестациялық комиссияның мәжілістері қажет болуына қарай өткізіледі, бірақ айына бір реттен кем болмауы керек. Аттестациялық комиссия мәжілісінің өткізілетін күнін, уақытын және орнын Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған кезде, төрағаның орынбасары белгілейді. 
      Егер Аттестациялық комиссияның мәжілісіне оның мүшелерінің үштен екі бөлігі, оған қоса Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қатысса, ол заңды болып танылады. Аттестациялық комиссияның мүшесі - уәкілетті органның қызметкері Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатыса алмаған жағдайда, Аттестациялық комиссияның осы мүшесі жұмыс істейтін уәкілетті орган бөлімшесінің басқа мүшесімен ауыстырылып, Аттестациялық комиссия мәжілісінің хаттамасына тиісті жазбалар жасалады. Аттестациялық комиссия мүшелерінің - уәкілетті орган қызметкерлерінің орнын ауыстыру схемасы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен белгіленеді. 
      Аттестациялық комиссияның шешімі Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатысушы мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Аттестациялық комиссия төрағасының (немесе ол жоқ кезде Аттестациялық комиссия төрағасы орынбасарының) дауысы шешуші дауыс болып табылады. 
      Аттестациялық комиссияның барлық мүшелеріне оның хатшысы ауызша хабарлайды. Аттестациялық комиссияның шешіміне ықпал ету мақсатында оның мәжілісінің өтетін күні, уақыты және өткізілетін орны туралы Аттестациялық комиссияның мүшелеріне таңдаулы түрде хабарлауға жол берілмейді. 
      12. Егер Аттестациялық комиссияның мәжілісінде талқылау нәтижелері бойынша біліктілік куәлігін иеленушіге осы Ереженің 10-тармағының 10) тармақшасының екінші-бесінші және жетінші азатжолында көзделген санкциялардың бірін қолдану жөнінде Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну туралы шешім қабылдануы мүмкін мәселе қаралған жағдайда, осы куәлікті иеленуші түсініктеме және жауап беруі үшін Аттестациялық комиссияның осындай мәжілісіне шақырылады. Егер тиісті біліктілік куәлігін иеленуші Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатыса алмаса және осы мәселені өзі болмаса да қарауды жазбаша өтінсе (бұл мәселенің оның қатысуынсыз қаралуына келіссе), не ол Аттестациялық комиссияның бастапқыдағы осы мәселе қаралған мәжілісіне бұрын қатыспаса, дәлелсіз себептер бойынша (ауру, демалыста немесе іссапарда болу), не ол Аттестациялық комиссияның мәжілісіне қатысудан жалтарса, не Аттестациялық комиссияның осы мәселені қарау негіздемесі құжатпен расталса, Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған кезде, төрағаның орынбасары біліктілік куәлігін иеленуші қатыспай-ақ осы мәселені қарау мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға құқылы. 
      Егер біліктілік куәлігін иеленуші Аттестациялық комиссияның осындай мәжілісіне қатысса, комиссияның шешімі жөнінде осы мәжіліс барысында немесе ол аяқталғаннан кейін тез арада куәлікті иеленушіге хабар беріледі. Аттестациялық комиссияның мәжілісі өткеннен кейін алты жұмыс күнінен кешіктірмей біліктілік куәлігін иеленушіге тиісті шешімі бар хаттаманың көшірмесі жіберіледі. 
      Аттестациялық комиссияның біліктілік куәлігін иеленушіге осы Ереженің 10-тармағының 10) тармақшасының екінші-бесінші және жетінші азатжолында көзделген санкциялардың бірін қолдану туралы ұсынысы жиырма жұмыс күні ішінде Директорлар кеңесіне қарауға беріледі, бірақ Аттестациялық комиссия осындай ұсыныс беру туралы шешім қабылдағаннан кейін он жұмыс күнінен ерте берілмеуі керек. Аттестациялық комиссияның мәжілісі өткізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аталған біліктілік куәлігін иеленуші Аттестациялық комиссияға жаңадан анықталған жағдайлар бойынша оның шешімін қайта қарау туралы өтініш беруге құқылы. Аттестациялық комиссия мұндай өтініш алған жағдайда оны өзінің жақын арада өткізілетін мәжілісінде қарауға міндетті, осыдан кейін мұндай өтініштер екінші рет қарауға жіберілмейді. 
      13. Аттестациялық комиссияның шешімі Аттестациялық комиссия мәжілісінің хаттамасымен ресімделеді, ол мәжіліс өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жасалып, осы мәжіліске қатысқан барлық Аттестациялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ Аттестациялық комиссия хатшысының қолдары қойылуға тиіс. Егер Аттестациялық комиссияның мүшесі (осы Ереженің 11-тармағының екінші азатжолына сәйкес Аттестациялық комиссия мүшесінің орнындағы адам) Аттестациялық комиссияның шешіміне қарсы болса немесе өзінің жеке пікірін білдірсе, хаттамаға тиісті жазбалар жасалуға тиіс.

3-тарау. Үміткерлерге қойылатын талаптар

      14. Аттестацияға: 
      1) жоғары білімі бар; немесе 
      2) орта арнайы экономикалық немесе заң білімі бар және қаржы рыногында кемінде үш жыл жұмыс стажы (осы үміткерді аттестацияға жіберу туралы өтініш берудің алдындағы бес жылдың ішінде) бар; 
      3) оқу орталығында тиісті санат бойынша оқыған үміткер жіберіледі. 
      15. Осы Ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс стажын белгілеген кезде жұмыстағы үзілістің ұзақтығы үш айдан аспайтын жағдайлар ғана назарға алынады. 
      16. Мынадай: 
      1) аттестацияға жіберу туралы өтініш берудің алдындағы екі жылдың ішінде біліктілік куәлігі қайтарып алынған; 
      2) экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотта өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған сотта ісі бар; 
      3) осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттары жоқ немесе тиісті түрде ресімделмеген үміткер аттестацияға жіберілмейді. 

4-тарау. Аттестациядан өту үшін берілетін құжаттар  

      17. Оқу орталығы өткізетін бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар даярлайтын курсқа немесе біліктілігін арттыру курсына оқуға түсу үшін үміткер немесе біліктілік куәлігін иеленуші оқу орталығына мынадай құжаттар беруі тиіс: 
      1) осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (екі дана); 
      2) үміткердің білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі (үміткердің білімін растайтын басқа да ықтимал құжат); 
      3) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының үміткердің немесе біліктілік куәлігін иеленушінің экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотта өтелмеген ісі немесе мұндай істің одан алынғаны туралы анықтамасы (хаты); 
      4) арнайы орта білімі бар үміткерлер үшін - үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. 
      18. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлаудың кезекті курсын немесе біліктілігін арттыру курсын өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын оқу орталығы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс: 
      1) осы Ереженің N 2 қосымшасына сай нысан бойынша хабарлама; 
      2) оқытушылардың аттарын, сондай-ақ өткізу орны мен уақытын көрсете отырып, оқу орталығының басшысы немесе оның орынбасары қол қойған, оқу орталығының мөрі қойылған бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсының немесе тиісті санат бойынша біліктілігін арттыру курсының бағдарламасына сәйкес осы курстың кестесі. 
      19. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсы немесе біліктілігін арттыру курсы аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей оқу орталығы уәкілетті органға мыналарды ұсынуға тиіс: 
      1) аттестациялаудың немесе қайта аттестациялаудың, немесе біліктілігін растау мақсатында тестінің өткізілу күнін, осы курсты өткізудің басталу және аяқталу күндерін және аттестациялау, немесе қайта аттестациялау, немесе біліктілігін растау мақсатында тест санатын көрсете отырып осы курстың тыңдаушыларын аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберу жөнінде еркін нысандағы өтініші; 
      2) оқу орталығының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған, оқу орталығының мөртаңбасы қойылған осы курсты тыңдаған адамдардың аты-жөндері, әкесінің аттары, сондай-ақ жұмыс беруші - ұйымдардың атаулары және атқаратын қызметтері көрсетілген тізімі; 
      3) үміткерлер немесе осы Ереженің 17-тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген біліктілік куәліктерінің иеленушілері өтініштерінің бір данасы; 
      4) үміткерлердің немесе осы Ереженің 17-тармағының 2)-4)-тармақшаларында көрсетілген біліктілік куәліктері иеленушілерінің құжаттары. 
      20. Оқу орталығының бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсының немесе біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларын аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберу жөніндегі өтініші аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберу жөніндегі олардың ұжымдық өтініші ретінде танылады. 

5-тарау. Аттестациялауды өткізу 

      21. Оқу орталығынан осы Ереженің 19-тармағына сәйкес құжаттарды алғаннан кейін Аттестациялық комиссияның төрағасы не ол болмаған жағдайда Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары үміткерлерді немесе біліктілік куәліктерінің иеленушілерін аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберу жөніндегі мәселені қарайды және аттестациялауды және қайта аттестациялауды өткізу күні мен уақытын белгілейді. 
      Аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жататын үміткерлердің немесе біліктілік куәліктері иеленушілерінің саны 15 адамнан асқан жағдайда, Аттестациялық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары бірнеше күн ішінде аттестациялауды және қайта аттестациялауды өткізуге құқылы. 
      22. Оқу орталығы құжаттарды уақтылы бермеген жағдайда немесе оларды тиісті дәрежеде ресімдемеген (осы Ереженің 17 және 19-тармақтарында көрсетілгендей) жағдайда, Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған кезде Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары осы оқу орталығының оқу бітірушілерін аттестациялаудан және қайта аттестациялаудан бас тартуға құқылы. Аттестациялық комиссия төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің бланкісіндегі тиісті хат бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсының немесе біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларын аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберу жөніндегі оқу орталығының өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оқу орталығына жіберілуге тиіс. 
      23. Аттестациялауды, қайта аттестациялауды өткізудің белгіленген күніне дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын: 
      1) Аттестациялық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары біліктілік куәліктерін иеленушілердің және аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберілген үміткерлердің тізімін бекітеді; 
      2) оқу орталығына Аттестациялық комиссия төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған, аттестацияны немесе қайта аттестациялауды өткізу күнін, уақыты мен орнын және осы оқу орталығы өткізген бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсын немесе біліктілігін арттыру курсын тыңдаған және аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберілген адамдардың тізімін көрсете отырып бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің бланкісіне жазылған хат жіберіледі. 
      24. Аттестациялық комиссия аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға байқаушы ретінде қатысу үшін өзін-өзі басқаратын ұйымдардың өкілдерін шақыруға құқылы. 
      25. Оқу орталығы уәкілетті органнан Ереженің 23-тармағының 2)-тармақшасында көрсетілген хатты алған бойда бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсынан немесе біліктілігін арттыру курсынан өткізілген тыңдаушылардың аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жіберілгендігі (жіберуден бас тартқандығы) туралы, сондай-ақ аттестациядан немесе қайта аттестациядан өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарлауға міндетті. 
      26. Аттестация уәкілетті органның үй-жайларында өткізіледі. 
      27. Үміткер немесе біліктілік куәлігін иеленуші аттестациялауға немесе қайта аттестациялауға жеке басын куәландыратын құжатпен келуге тиіс. 
      28. Үміткерлерді біліктілік куәліктерін алуға аттестациялау және бірінші немесе екінші санаттағы біліктілік куәліктерінің иеленушілерін қайта аттестациялау компьютерлік тест әдісімен өткізіледі. 
      29. Үміткерлерді үшінші санат бойынша аттестациялау екі кезеңмен өткізіледі: 
      1) бірінші кезең - жазбаша тестілеу; 
      2) екінші кезең - ауызша емтихан. 
      30. Бірінші немесе екінші санат бойынша тестідегі сұрақтар саны 50-ден кем болмауы тиіс. 
      31. Бірінші немесе екінші санат бойынша біліктілік куәлігін алу үшін сұрақтардың жалпы санының кемінде 80 процентін құрайтын сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер аттестацияланған деп танылады. 
      Бірінші немесе екінші санат бойынша біліктілік куәлігін алу үшін сұрақтардың жалпы санының 80 процентінен кем сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер аттестацияланбаған деп танылады. 
      32. Үміткердің бірінші немесе екінші санат бойынша тест сұрақтарына жауаптарының дұрыстығын компьютер автоматты түрде тексереді. Аттестациялаудың хаттамасы компьютерлік тестілеу нәтижелерін қағазға басып шығару негізінде ресімделіп, оған хатшы және Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі қол қояды. 
      33. Үміткерлерді үшінші санат бойынша біліктілік куәліктерін алуға тестілеу тест сұрақтарына жазбаша жауап беру арқылы жүзеге асырылады. Тестідегі сұрақтардың саны 10-нан кем болмауы тиіс. 
      34. Үшінші санат бойынша біліктілік куәліктерін алу үшін үміткердің тест сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын хатшы және Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі тексереді. 
      35. Үшінші санат бойынша ауызша емтиханға тест сұрақтарының жалпы санының кемінде 80 процентін құрайтын сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер жіберіледі. 
      Тест нәтижелері бойынша ауызша емтиханға жіберілмеген үміткер аттестацияланбаған деп танылады. 
      36. Үшінші санат бойынша ауызша емтихан үміткердің емтихан билетінің үш сұрағына және үшінші санат бойынша бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау жөніндегі үлгі оқыту бағдарламасы шеңберінде Аттестациялық комиссия мүшелерінің қоятын қосымша сұрақтарына ауызша жауабы нысанында өткізіледі. 
      Үміткердің ауызша емтиханын Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі қабылдауға тиіс. 
      Үміткердің ауызша емтиханын қабылдайтын Аттестациялық комиссия мүшелері сұрақтардың жауабын бағалау үшін осы Ереженің N 3 қосымшасына сай нысан бойынша емтихан ведомосі бланкілерін пайдаланады. 
      Ауызша емтихан нәтижелерін бағалау үшін "сынақ" және "сынақтан өтпеді" деген бағалар қолданылады. 
      Ауызша емтихан нәтижелері бойынша "сынақ" бағасын алған үміткер аттестацияланған деп танылады. 
      Ауызша емтихан нәтижелері бойынша "сынақтан өтпеді" бағасын алған үміткер аттестацияланбаған деп танылады. 
      37. Аттестациялық комиссияның үміткерлерді аттестацияланған немесе аттестацияланбаған деп тану туралы шешімі аттестациялаудың хаттамасы арқылы ресімделеді. 
      38. Аттестацияланбады деп танылған үміткер өзі аттестацияланбады деп танылған нәтижелер бойынша аттестация өткізілген күннен бастап кемінде бір айдан кейін кезектілік тәртібімен қайта аттестациядан өтуге құқылы. 
      Аттестациядан қайталап өтуге рұқсат беру туралы өтініш еркін нысанда жазылып, нәтижесінде үміткер аттестацияланбады деп танылған аттестация өткізілген күнді міндетті түрде көрсете отырып Аттестациялық комиссия төрағасының немесе оның орынбасарының атына беріледі. 
      39. Егер үміткер қайталап өткізілген аттестация нәтижесінде тағы да аттестацияланбады деп танылған жағдайда, ол бұдан әрі аттестациялануға Оқу орталықтарының бірінде бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар әзірлеу курсынан қайта өткеннен кейін ғана жіберіледі. 
      40. Үміткерлерді бірінші немесе екінші санаттар бойынша біліктілік куәліктерін алуға аттестациялау барысында жалпы уақыт 1 сұраққа - 1 минут есебінен есептеледі. Үшінші санат бойынша аттестациялау кезінде бір үміткерге тест жүргізуге және ауызша емтиханға даярлануына берілетін жалпы уақыт 120 минуттан, оның ішінде тест жүргізуге - 90 минуттан аспауы тиіс. 
      41. Аттестация барысында үміткерлердің оқу, анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиеттерді, сондай-ақ келтірілген құн кестелерін қоспағанда, қандай да болмасын жазбаларды (оның ішінде электронды түрде) пайдалануға тыйым салынады. Аттестациялау барысында үміткерлерге калькуляторлар (оның ішінде қаржылық есептеулерді жүзеге асыруға арналған калькуляторларды) пайдалануға рұқсат етіледі. 
      Осы талапты бұзған жағдайда үміткер аттестациядан шығарылуы мүмкін. 
      Осы тармақтың екінші азатжолына сәйкес аттестациядан шығарылған үміткер аттестацияланбады деп танылады. 

6-тарау. Апелляциялық комиссия 

      42. Апелляция беруге мыналар құқылы: 
      1) ауызша емтихан нәтижелері бойынша аттестацияланбады деп танылған үміткер, сондай-ақ қайта аттестациялаудан өту кезінде ауызша емтихан нәтижелері бойынша аттестацияланбады деп танылған біліктілік куәлігін иеленуші; 
      2) тест нәтижелері бойынша аттестацияланбады деп танылған үміткер, сондай-ақ қайта аттестациялаудан өту кезінде тест жүргізу нәтижелері бойынша аттестацияланбады деп танылған біліктілік куәлігін иеленуші. 
      43. Тест нәтижелері бойынша аттестацияланбады деп танылған үміткер, сондай-ақ қайта аттестациялаудан өту кезінде тест жүргізу нәтижелері бойынша аттестацияланбады деп танылған біліктілік куәлігін иеленуші тест сұрақтарының түзу және дұрыс қойылуына қатысты ғана апелляцияға беруге құқылы. 
      44. Апелляцияны бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қызметкерлерінен құрылған құрамында төраға, төрағаның орынбасары және Апелляциялық комиссия мүшелері бар бес адамнан тұратын Апелляциялық комиссия қарайды. Аттестациялық комиссия мүшелері және осы Ереженің 11-тармағының екінші азатжолына сәйкес олардың орнына қалу құқығы бар адамдар Апелляциялық комиссия мүшелері ретінде тағайындала алмайды. Апелляциялық комиссияның дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі. 
      Апелляциялық комиссияның іс қағаздарын Апелляциялық комиссия мүшелерінің ішінен уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған хатшысы жүргізеді. 
      45. Үміткердің немесе біліктілік куәлігін иеленушінің Аттестациялық комиссияның оны аттестациядан өтпеді деген шешіміне келіп түскен жазбаша апелляциясы ғана Апелляциялық комиссияның мәжілісін жүргізуге негіздеме болып табылады. 
      46. Апелляциялық комиссия апелляцияны алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде апелляцияны қарауы тиіс. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Аттестациялық комиссияның төрағасы және/немесе оның орынбасары дауыс беру құқығынсыз қатысуға құқылы. 
      47. Апелляциялық комиссия апелляцияны онда жазылған шағым шегінде ғана қарауға құқылы. 
      48. Егер Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Апелляциялық комиссияның төрағасы немесе оның орынбасарымен қоса оның кемінде үш мүшесі қатысатын болса, онда ол заңды деп танылады. Апелляциялық комиссияның мәжілісіне Апелляциялық комиссия мүшесінің қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, Апелляциялық комиссия мәжілісінің хаттамасына тиісті жазбалар енгізе отырып, оны Апелляциялық комиссияның осы мүшесі жұмыс істейтін уәкілетті орган бөлімшесінің қызметкерімен ауыстырады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің ауыстыру схемасы уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен белгіленеді. Апелляциялық комиссия мүшелерін ауыстыруға құқығы бар тұлға ретінде ол Апелляциялық комиссияның мүшесі болып тағайындала алмайды. Апелляциялық комиссия өзін-өзі басқаратын ұйымдардың өкілдерін мәжілістерге шақыруға құқылы. 
      49. Апелляциялық комиссияның әр мүшесі бір дауысқа ие. Апелляциялық комиссияның шешімі Апелляциялық комиссияның мәжілісіне қатысушы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Апелляциялық комиссия төрағасының не ол болмағанда, Апелляциялық комиссия төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады. 
      50. Апелляциялық комиссия мәжілісінің шешіміне ықпал ету мақсатында Апелляциялық комиссияның мүшелеріне мәжілістің өткізілетін күні, уақыты және мекен-жайы туралы таңдап хабарлауға болмайды. 
      51. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, ол мәжілістен кейінгі үш жұмыс күнінің ішінде екі дана етіп жасалып, оған осы мәжіліске қатысқан Апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Егер Апелляциялық комиссияның мүшесі (осы Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес Апелляциялық комиссияның мүшесін ауыстырушы тұлға) Апелляциялық комиссияның шешіміне қарсы болса немесе ерекше пікір айтса, хаттамаға тиісті жазбалар жасалуы тиіс. Апелляциялық комиссияның мәжілісі хаттамасының екінші данасы осы хаттамаға қол қоюға тиісті барлық тұлғалар қол қойған күннен кешіктірмей Аттестациялық комиссияға беріледі. 
      52. Апелляциялық комиссия алынған апелляцияны қарау нәтижелері бойынша мынадай үш шешімнің біреуін қабылдауға құқылы: 
      1) Аттестациялық комиссияның шешімін өзгеріссіз қалдыру, ал апелляцияны қанағаттандырмау; 
      2) Үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны аттестациядан өтті деп тану; 
      3) біліктілік куәлігін иеленушінің апелляциясын қанағаттандыру және оны аттестациядан өтті деп тану. 
      53. Апелляция комиссиясының шешіміне апелляция жасауға жол берілмейді. 

7-тарау. Біліктілік куәлігі  

      54. Аттестациядан өтті деп танылған үміткерге осы Ереженің N 4 қосымшасына сәйкес нысанмен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған біліктілік куәлігі беріледі. 
      55. Аттестация өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде аттестация өткізуге өтініш хат берген Оқу орталығына аттестациялау хаттамасының көшірмесі беріледі. 
      56. Аттестациялық комиссияның хатшысы берілген біліктілік куәліктері журналын жүргізеді және иеленушілері біліктілігін растаған біліктілік куәліктерінің, сондай-ақ қолданылу мерзімі тоқтатылған және қайтарып алынған біліктілік куәліктерінің есебін жүргізеді. 
      57. Біліктілік куәліктерін Оқу орталығы немесе уәкілетті орган береді. Біліктілік куәліктерін Оқу орталығы берген жағдайда оның уәкілетті өкілі куәліктерді алғандығын растау үшін берілген біліктілік куәліктерін тіркеу журналында қол қоюға міндетті. 

8-тарау. Біліктілікті растау мақсатында
аттестация өткізу  

      58. Біліктілік куәлігін иеленуші осы біліктілік куәлігін берген күннен бастап немесе біліктілік соңғы расталған күннен бастап, немесе соңғы қайта аттестациялау өткізілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін біліктілікті растау мақсатында отыз күн ішінде міндетті түрде аттестациядан өтуі тиіс. 
      59. Бірінші немесе екінші санаттар бойынша біліктілікті растау мақсатында аттестация өткізу біліктілік куәлігін иеленушінің тест сұрақтарына компьютерлік тест өткізу әдісімен жауап беру арқылы жүргізіледі. Бірінші және екінші санаттар бойынша тестідегі сұрақтардың саны 50-ден кем болмауы тиіс. 
      Үшінші санат бойынша біліктілікті растау мақсатында аттестация өткізу біліктілік куәлігін иеленушінің тест сұрақтарына жазбаша түрде жауап беруі арқылы жүргізіледі. Үшінші санат бойынша тестідегі сұрақтардың саны 10-нан кем болмауы тиіс. 
      60. Біліктілік куәліктерін иеленушілердің бірінші немесе екінші санаттар бойынша тест сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын тексеру компьютермен автоматты түрде жүргізіледі. Аттестацияға хаттама компьютерлік тест жүргізу нәтижелерін қағазға шығарылып, Аттестациялық комиссияның хатшысы және кемінде үш мүшесі қол қою негізінде ресімделеді. 
      61. Біліктілік куәліктерін иеленушілердің үшінші санаты бойынша тест сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын Аттестациялық комиссияның хатшысы және Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі тексереді. 
      62. Бірінші және екінші санаттар бойынша біліктілігін растау үшін аттестация өткізу барысында тест жүргізуге берілетін жалпы уақыт 1 сұраққа - 1 минут есебінен қабылданады. 
      63. Біліктілік куәліктерін иеленушілердің үшінші санат бойынша біліктілігін растау мақсатында аттестация өткізу барысында тест жүргізуге берілетін жалпы уақыт 90 минуттан аспауы тиіс. 
      64. Сұрақтардың жалпы санының кемінде 50 процентіне дұрыс жауап берген біліктілік куәлігін иеленуші біліктілігі расталған деп танылады. 
      Сұрақтардың жалпы санының 50 процентінен аз сұраққа дұрыс жауап берген біліктілік куәлігін иеленушінің біліктілігі расталмаған деп танылады. 
      65. Біліктілігі расталмады деп танылған біліктілік куәлігін иеленуші бұдан әрі біліктілігін растау мақсатында жүргізілетін аттестацияға Оқу орталықтарының бірінде біліктілігін арттыру курсынан өткеннен кейін ғана жіберілуі мүмкін. 
      66. Біліктілігін растау мақсатында аттестациядан өту үшін біліктілік куәлігін иеленуші уәкілетті органға мыналарды ұсынуы тиіс: 
      1) осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес нысанда жазылған өтініш; 
      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының біліктілік куәлігін иеленушінің экономикалық қызмет саласындағы қылмысы үшін сотталмағанын немесе одан мұндай соттылықтың алынғаны туралы анықтамасы (хаты); 
      3) біліктілік куәлігінің түпнұсқасы; 
      4) біліктілігін растау мақсатында қайталап аттестациядан өткен жағдайда - оқу орталығында біліктілігін арттыру курсынан өткенін растайтын құжат. 
      67. Біліктілігін растау мақсатында үш рет қайталап аттестация өткізу нәтижесінде біліктілік куәлігін иеленуші тағы да біліктілігі расталмаған деп танылған жағдайда бұдан әрі біліктілігін растау мақсатында жүргізілетін аттестацияға Оқу орталықтарының бірінде бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандарды қайта даярлау курсынан өткеннен кейін ғана жіберілуі мүмкін. 
      68. Иеленушісі осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде біліктілігін растау мақсатындағы аттестациядан өтпеген біліктілік куәлігінің қолданылуы осы Ереженің 58-тармағында белгіленген мерзім ішінде Директорлар кеңесінің шешімімен тоқтатылады. 
      69. Иеленушінің біліктілігі расталған біліктілік куәлігінің қолданылуы біліктілік куәлігіне Аттестациялық комиссияның төрағасы қол қойған және уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің мөрімен бекітілген, біліктілік расталған күн туралы арнайы белгі жаза отырып, жаңартылады. 
      70. Біліктілік куәлігін иеленуші аттестация өткізілген немесе қайта аттестациялау жүргізілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ғана біліктілігін растау үшін жүргізілетін аттестациядан өтуге құқылы. 

9-тарау. Біліктілік куәліктерін иеленушілерді
қайта аттестациялау  

      71. Біліктілік куәлігін иеленушінің немесе әрекеті бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруды реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар және бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін өзі басқаратын ұйымдарының ережесін бұзуға әкеліп соқтырған аталған иеленуші жұмыс істейтін бағалы қағаздар рыногы субъектісінің заң бұзу фактілері анықталған жағдайда, Директорлар кеңесі Аттестациялық комиссияның ұсынуы бойынша: 
      1) аталған біліктілік куәлігін иеленушіні қайта аттестациялаудан өтуге міндеттеуге; 
      2) аталған біліктілік куәлігін иеленушіні Оқу орталығында бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау курсынан міндетті түрде өте отырып қайта аттестациялаудан өтуге міндеттеуге; 
      3) иеленуші қайта аттестациялаудан өткенге дейін біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға; 
      4) иеленуші Оқу орталығында бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау курсынан және қайта аттестациялаудан өткенге дейін біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға; 
      5) біліктілік куәлігін қайтарып алуға құқылы. 
      72. Біліктілік куәліктерін иеленушілерді қайта аттестациялау осы Ереженің 21-40-тармақтарына сәйкес жүргізіледі. 
      73. Бұрын берілген біліктілік куәлігін иеленуші қайта аттестациялау нәтижесінде аттестацияланды деп танылса, біліктілік куәлігіне Аттестациялық комиссияның төрағасы қол қойған және уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің мөрімен бекітілген, біліктілік расталған күн туралы арнайы белгі жаза отырып, оның біліктілік куәлігінің қолданылуы жаңартылады. 
      74. Егер қайта аттестациялау нәтижесінде бұрын берілген біліктілік куәлігін иеленуші аттестацияланбады деп танылса, мұндай біліктілік куәлігі қайтарып алынады. 

10-тарау. Біліктілік куәлігінің қолданылуын
тоқтату және қайтарып алу  

      75. Біліктілік куәлігінің қолданылуы Аттестациялық комиссияның ұсынуы арқылы Директорлар кеңесінің шешімімен осы куәлікті иеленушінің мерзімінен бұрын қайта аттестациялаудан өту, Оқу орталығында бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау курсынан және қайта аттестациялаудан өту міндетін белгілей отырып мынадай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін: 
      1) осы біліктілік куәлігін иеленушінің бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу фактілері болғанда; 
      2) осы біліктілік куәлігін иеленушінің немесе әрекеті бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруды реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар және бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін өзі басқаратын ұйымдарының ережесін бұзуға әкеліп соқтырған аталған иеленуші жұмыс істейтін бағалы қағаздар рыногы субъектісінің заң бұзу фактілері анықталған жағдайда; 
      3) осы Ережеде белгіленген мерзімде біліктілігін растау үшін аттестациядан өтпегенде; 
      4) Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленген мерзімде қайта аттестациялаудан өтпеген жағдайда. 
      76. Осы Ереженің 74-тармағымен белгіленген негіздер бойынша тоқтатылған біліктілік куәлігінің қолданылуы Аттестациялық комиссияның ұсынуы бойынша Директорлар кеңесінің шешімімен жаңартылады. 
      77. Біліктілік куәлігі Аттестациялық комиссияның ұсынуы бойынша Директорлар кеңесінің шешімімен мынадай негіздер бойынша қайтарып алынуы мүмкін: 
      1) осы біліктілік куәлігін иеленуші қайта аттестациялау нәтижесінде аттестацияланбаған деп танылғанда; 
      2) осы біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтатуға себепші болған негіздерді Директорлар кеңесінің осындай тоқтату туралы шешімінде белгіленген мерзімде жоймаса; 
      3) осы біліктілік куәлігін иеленушінің Оқу орталығында кейін қайта аттестациялауды қоса алғанда, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау курсынан міндетті түрде өту туралы Директорлар кеңесінің шешімімен жүктелген міндеттерді орындамағанда; 
      4) осы біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтату үшін негіздемелер қайта туындаған жағдайда; 
      5) Аттестациялық комиссияның осы біліктілік куәлігін иеленушінің осы біліктілік куәлігіне сәйкес рұқсат етілген жұмысты орындау үшін біліктілігі жеткіліксіз екендігі туралы шешім қабылдағанда (осы біліктілік куәлігін иеленушінің бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруды реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бекітілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар және бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін өзі басқаратын ұйымдарының ережесін бұзуға әкеліп соқтырған заң бұзу фактілері айқындалған жағдайда); 
      6) осы біліктілік куәлігін иеленуші біліктілігі жеткіліксіз болуына немесе еңбек міндеттерін оның үнемі орындамау салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеу себебіне байланысты жұмыстан шыққанда; 
      7) осы біліктілік куәлігін иеленуші экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны үшін сотталған жағдайда. 
      78. Біліктілік куәлігінің қолданылуы тоқтатылған немесе қайтарып алынған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы аталған біліктілік куәлігін иеленуші жұмыс істейтін ұйымға хабарлама жібереді және уәкілетті орган бұл туралы бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне уәкілетті органның немесе бағалы қағаздар рыногын реттеу бөлімшесінің Интернет желісіндегі ресми сайтына ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды. 
      79. Директорлар кеңесінің біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтату немесе қайтарып алу туралы шешіміне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін. 

11-тарау. Қорытынды ережелер  

      80. Осы Ереже күшіне енгеннен кейін қолданылу мерзімі аяқталатын біліктілік куәліктері мерзімі шектелмеген деп танылады. Осы біліктілік куәліктерінің иеленушілері осы Ереженің 57-69-тармақтарына сәйкес осы біліктілік куәліктері берілген күннен бастап үш жыл өткенде біліктілігін растау мақсатында аттестациядан өтуге міндетті. 
      81. Осы Ереженің 80-тармағына сәйкес біліктілігі расталды деп танылған біліктілік куәліктерін иеленушілерге осы Ереженің N 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік куәліктері беріледі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 8 мамырдағы 
"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс   
істейтін мамандарды аттестациялау  
ережесін бекіту туралы"     
N 153 қаулысымен бекітілген Бағалы 
қағаздар рыногында жұмыс істейтін  
мамандарды аттестациялау ережесіне 
N 1 қосымша              

Өтініш берушінің 
суреті                             _________________________________
                                 (Оқу орталығының барыс септігіндегі
                                             толық атауы)

ӨТІНІШ

     Мені бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды
даярлау курсына немесе ___________________________ санаты бойынша
                 аттестацияның  санаты (санмен және жазумен)
одан әрі аттестациялай немесе қайта аттестациялай отырып,
біліктілігін көтеру курсына қабылдауыңызды сұраймын. 
     Өзім туралы мыналарды хабарлаймын:
1. ____________________________________________________________ 
                    (Өтініш берушінің аты-жөні)
2. ____________________________________________________________ 
             (Өтініш берушінің туған күні және жылы)
3. ____________________________________________________________ 
          (Өтініш берушінің  білімі (жоғары, арнайы орта)
4. ____________________________________________________________ 
              (Өтініш беруші оқыған оқу орнының атауы)
5. ____________________________________________________________ 
          (Өтініш берушінің жоғары оқу орнын аяқтаған жылы)
6._____________________________________________________________ 
  (алған мамандығының атауы (дипломға немесе өтініш берушінің
арнайы орта білімін растайтын басқа да құжатқа сәйкес)
7._____________________________________________________________
(Өтініш берушінің жалпы жұмыс стажы және Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы "___" __________ N ___ 
қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін
мамандарды аттестациялау ережесінің 15-тармағына сәйкес 
есептелген жұмыс стажы)
8. _____________________________________________________________
(Осы өтінішті берген кездегі ұйымның - өтініш берушінің жұмыс
            берушіге ұйымның атауы)
9.______________________________________________________________
     (Осы өтінішті берген кездегі өтініш  беруші атқаратын 
                      лауазымның атауы)
10. ____________________________________________ 
    (өтініш берушінің жұмыс телефонының номері)
11._____________________________________________________________
(Осындай құжаттың деректемелерін көрсете отырып, өтініш берушінің
       жеке басын растайтын куәландыратын құжаттың атауы)
12._____________________________________________________________
              (Өтініш  берушінің тұрғылықты мекен-жайы)
13._____________________________________________________________
 (үй немесе ұялы  телефонның, пейджер немесе басқа жеке байланыс
                        құралының номері)
     Осы өтінішке қоса берілетіндер:
___________________________           __________________________
          (қолы)                           (толтырылған күні)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 8 мамырдағы 
"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс   
істейтін мамандарды аттестациялау  
ережесін бекіту туралы"      
N 153 қаулысымен бекітілген Бағалы 
қағаздар рыногында жұмыс істейтін  
мамандарды аттестациялау ережесіне 
N 2 қосымша             

                                                  Уәкілетті орган 

ХАБАРЛАМА

     Сізге Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды даярлау курсы және/немесе______________________________________
      аттестацияның санаты (санмен  және жазумен)
санаты  бойынша одан әрі аттестациялай немесе қайта аттестациялай отырып,
біліктілікті көтеру курсы өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Курсты өткізу мерзімі:        200__ ж. "____"_______________-дан 
                              200__ ж. "____"______________-ға дейін
Курс тыңдаушыларын 
аттестациялау ұсынылатын күн: 200__ ж. "____"____________________ 
Курс тыңдаушыларының
болжамдалған саны:                  _____________________________
                                          санмен және жазумен
Қосымшасы:__________________________________________________________                                 (курс кестесі)

Оқу орталығының басшысы 

                            Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
Басқармасының 2002 жылғы 8 мамырдағы  
"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс   
істейтін мамандарды аттестациялау  
ережесін бекіту туралы"      
N 153 қаулысымен бекітілген Бағалы 
қағаздар рыногында жұмыс істейтін  
мамандарды аттестациялау ережесіне 
N 3 қосымша           

УӘКІЛЕТТІ ОРГАН 

____________________________________________________________________                             ЕМТИХАН ВЕДОМОСІ

Аттестация өткізілетін күн:         200___"____"__________________
Аттестация жүргізуге өтініш 
берген Оқу орталығының атауы     _________________________________
Аттестациялық комиссия 
мүшесінің аты-жөні               _________________________________
____________________________________________________________________
р/с Үміткер  Тест    Билет   1-сұрақ  2-сұрақ  3-сұрақ Қосымша Нәти.
N N         нәтижесі номері                            сұрақ.  жесі 
            (%)                                        тар    "сынақ
                                                                тан                                                                 өтті"
                                                             /"сынақ
                                                               тан 
                                                               өткен
                                                               жоқ")
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________

     Аттестациялық комиссияның мүшесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
Басқармасының 2002 жылғы 8 мамырдағы  
"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін
мамандарды аттестациялау ережесін    
бекіту туралы" N 153  қаулысымен    
бекітілген Бағалы қағаздар рыногында  
жұмыс істейтін мамандарды аттестациялау
ережесіне               
N 4 қосымша             

________________  санатты
(жазумен)             

N _____
БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ  

 

Осы куәлік __________________________________________________берілген,
(аттестациядан өткен тұлғаның барыс септігіндегі аты-жөні) 
оған уәкілетті орган Аттестациялық комиссияның 200___ жылғы 
"____"__________ шешімімен ______________________________
____________________________________________________________________
бағалы қағаздармен мәмілелер жасау немесе бағалы қағаздармен жасалған
мәмілелерді орындау және тіркеу немесе бағалы қағаздар портфелін
басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат берілді.
     Біліктілік куәлігі аттестациялау күнінен бастап үш жыл аяқталған
соң осы куәлікті иеленушінің біліктілігін растау немесе қайта
аттестациялау міндеттемесімен қоса мерзімсіз болып табылады.  

     Уәкілетті органның 
     Басшысы                                   [қолы] [аты-жөні]

     Аттестациялық
     комиссияның төрағасы                      [қолы] [аты-жөні]

     М.О. [Уәкілеттіорганныңмөртаңбасы]            Алматы қаласы.

  Біліктілігін,    Біліктілігін, қайта   Аттестациялық комиссия
     қайта          аттестациялауды              төрағасы
 аттестациялауды      растау күні       (аты-жөні, мөрмен расталған                                                           қолы)
1._____________         ______________     ________________________
2._____________         ______________     ________________________
3._____________         ______________     ________________________
4._____________         ______________     ________________________
5._____________         ______________     ________________________
6._____________         ______________     ________________________
7._____________         ______________     ________________________
8._____________         ______________     ________________________
9._____________         ______________     ________________________
10.____________         ______________     ________________________
11.____________         ______________     ________________________ 
12.____________         ______________     ________________________
13.____________         ______________     ________________________
14.____________         ______________     ________________________
15.____________         ______________     ________________________ 
16.____________         ______________     ________________________ 
17.____________         ______________     ________________________
18.____________         ______________     ________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады