Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3716. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2007.04.30. N 124 қаулысымен.

  ----------- Қаулыдан үзінді ------------

 

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       Мыналардың:
      ...
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3716 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған, N 169) күші жойылды деп танылсын;
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ...

      Төраға

----------------------------

      Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандарды дайындау және аттестациядан өткізу жүйесін жетілдіру, бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 158  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2954 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" журналында N 8 басылымында 2004 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген қолданыстағы біліктілік куәліктер Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тіліндегі біліктілік куәліктерін берумен ауыстырылуы тиіс.";
      Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар көрсетілген қаулысында бекітілген мамандардың біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесінде:

      3-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы ", қайтадан аттестациядан өту үшін мерзімін белгілеуімен" деген сөздермен толықтырылсын;";

      10-тармақтың 3) тармақшасы "(көрсетілген анықтамадағы күн өтініш берген күннің алдында 3 (үш) айдан астам болмауы керек)" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтағы "және біліктілігін растау мақсатында аттестациядан өту" деген сөздер алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бірінші және екінші санат бойынша тестідегі сұрақтар саны елуден кем болмауы тиіс";

      17-тармақта:
      1) тармақшадағы "жазбаша тестілеу" деген сөздер "компьютерлік тестілеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "ауызша емтихан" деген сөздер "тапсырмалар нысанындағы жазбаша тестілеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Компьютерлік тестідегі сұрақтар саны отыздан кем болмауы, жазбаша тестіде - бестен кем болмауы тиіс.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Тестілеуге арналған сұрақтарды уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары бекітеді.";

      20-тармақтың үшінші және төртінші сөйлемдері алып тасталсын;

      21-24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Үшінші санат бойынша біліктілік куәліктерін алу үшін үміткерлерді жазбаша тестілеуді жазбаша нысанда үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асырады.

      22. Жазбаша мәтінінің жауаптарының дұрыстығын Аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі тексереді.

      23. Үшінші санат бойынша жазбаша тестілеуге тест сұрақтарының жалпы санының жетпіс не одан астам процентін құрайтын компьютерлік тестідегі сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) жіберіледі.
      Компьютерлік тест нәтижелері бойынша жазбаша тестілеуге жіберілмеген үміткер (біліктілік куәлігін иеленуші) аттестацияланбаған деп танылады.

      24. Үшінші санат бойынша біліктілік куәліктерін алу үшін тапсырмалардың жалпы санының жетпіс не одан астам процентін құрайтын тапсырмаларды дұрыс шешкен үміткер аттестацияланды деп танылады.";

      25-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үміткерлерді үшінші санат бойынша аттестациялау барысында компьютерлік тестіге берілетін бір сұраққа - бір минут есебінен есептеледі, жазбаша тестілеуге елу минуттан аспауы тиіс.

      27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Аттестациялаудың хаттамасына аттестациялық комиссияның кемінде үш мүшесі және оның хатшысы қол қояды.";

      28-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай  редакцияда жазылсын:
      "28. Аттестацияланбады деп танылған үміткер өзі аттестацияланбады деп танылған нәтижелер бойынша аттестация өткізілген күннен бастап кемінде бір айдан кейін қайтадан аттестациядан өте алады, бірақ жылына үш реттен аспауы тиіс";

      29, 30, 31, 32-тармақтар алып тасталсын;

      43-тармақ "белгіленген мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

                                      "Бағалы қағаздар рыногындағы
                                       жұмыс үшін жеке тұлғаларды
                                          аттестациядан өткізу,
                                       біліктілік куәліктерін беру,
                                         сонымен қатар біліктілік
                                         куәліктерінің қолданысын
                                       тоқтата тұру немесе қайтарып
                                         алу ережесіне 3-қосымша

                     ________________ санатты
                          (жазумен)

                             N _____

                        БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ

Осы куәлік ______________________________________________ берілген,
      (аттестациядан өткен тұлғаның барыс септігіндегі аты-жөні)

оған уәкілетті орган Аттестациялық комиссияның 200____ жылғы
"____"__________ шешімімен _________________________________ бағалы
қағаздармен мәмілелер жасау немесе бағалы қағаздармен жасалған
мәмілелерді орындау және тіркеу немесе бағалы қағаздар портфелін
басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат берілді.

      Біліктілік куәлігі мерзімсіз болып табылады.

      Аттестациялық
      комиссияның төрағасы                     (қолы) (аты-жөні)

      (Уәкілетті органның мөр таңбасы)         Алматы қаласы.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Оқу орталығының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады