Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы
N 434
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
______________________
Бухгалтерлiк есеп және аудиттiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша ұйымдардың жыл сайынғы аудитiн тиiмдi жүргiзу мақсатында бұйырамын:
1. "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173
бұйрығына
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдары нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2001 жыл, N 25, "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396
бұйрығымен
өзгерiстер енгiзiлген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген аудиторлық ұйымдардың тiзiмiнде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6. "BDO Қазақстан аудит" Алматы қаласы лицензиясының
жауапкершiлiгi шектеулi сериясы МФЮ N 0000276".
серiктестiгi
2. Бухгалтерлiк есеп және аудит департаментi:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiмде осы бұйрықтың ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрық pecми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Министр