Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 болып тіркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2580. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы  N 434  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.
______________________

      "Артур Андерсен" ЖАҚ 1999 жылғы 21 қазандағы МФЮ сериялы N0000002 лицензиясының күшін тоқтату туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 272 бұйрығын орындау үшін бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы N 25 санында жарияланған "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген аудиторлық ұйымдардың тізімінде 1-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады