Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4489 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 490 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.13 № 490 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1492 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 25, 439-құжат);

      2) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2580 тіркелген);

      3) "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2990 тіркелген).

      3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының (бұдан әрі - біліктілік талаптары) 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.01.09. N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

Министр



      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығы мен қаржы

      ұйымдарын реттеу және

      қадағалау агенттігі төрағасы

      2006 жылғы 13 қараша

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 3 қарашадағы
N 434 бұйрығымен бекітілген

Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық
ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптар (бұдан әрі - Біліктілік талаптар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдарға, оның ішінде қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

2-тарау. Біліктілік талаптар

      2. Ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы;

      2) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгiнің болуы;

      3) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымда мүшелігін растайтын құжаттың болуы;

      4) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.

      3. Ұлттық компаниялардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификатталған кемінде 2 (екі) маманның болуы;

      2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес аудиттелген ұйымдардың болуы кемінде: бір ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап; үш ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бес ұйым 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, он ұйым 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап;

      3) алынып тасталды - 2008.01.09. N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрықпен.
      4) алынып тасталды - 2008.01.09. N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрықпен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.01.09. N 12 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Қаржылық ұйымдардың міндетті аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына қосымша мынадай біліктілік талаптарға сәйкес келеді:

      1) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімі 3 (үш) жылдан кем емес;

      2) "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi және соңғы 2 (екі) жыл ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) қызметкерінің болуы;

      3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес кемінде 10 (он) аудиттелген ұйымның болуы.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      5. Осы Біліктілік талаптарымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады