N 1492 тiркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2990. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы  N 434  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.
______________________

      Бухгалтерлiк есеп және аудиттiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша ұйымдардың жыл сайынғы аудитiн тиiмдi жүргiзу мақсатында бұйырамын:
      1. "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдары нормативтiк құқықтық актiлерiнiң  бюллетенiнде жарияланған, 2001 жыл, N 25, "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396  бұйрығымен  өзгерiстер енгiзiлген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген аудиторлық ұйымдардың тiзiмiнде:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "6. "BDO Қазақстан аудит"    Алматы қаласы лицензиясының
          жауапкершiлiгi шектеулi  сериясы МФЮ N 0000276".
          серiктестiгi
      2. Бухгалтерлiк есеп және аудит департаментi:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiмде осы бұйрықтың ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық pecми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады