Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 19 шілдедегі N 322-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3011. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.      

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 743 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

      1.  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2533 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2608 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 269-НҚ бұйрығымен өзгеріс енгізілген) бұйрығына :

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту  жөніндегі нұсқаулыққа:

      8-тармақтың 16) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "инвестициялық бағдарламалар (жобалар), олар болған жағдайда;";

      2) Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттерінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

О внесении изменения и дополнения в некоторые приказы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции

Приказ И.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 июля 2004 года N 322-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2004 года N 3011. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 19 июля 2013 года № 215-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.07.2013 № 215-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 11 и подпунктом 1) пункта 20  Положения  об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2004 года N 743,  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции следующие изменение и дополнение:

      1) в  приказ  Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года N 82-ОД "Об утверждении Инструкции по утверждению тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2256, опубликованный в "Официальной газете" от 17 мая 2003 года N 20, внесены изменения приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 9 октября 2003 года  N 253-ОД , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2533, приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 14 ноября 2003 года  N 269-ОД , зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2608):
      в Инструкции по утверждению тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий, утвержденной указанным приказом:
      абзац третий подпункта 16) пункта 8 изложить в следующей редакции:
      "инвестиционные программы (проекты), в случае их наличия;";
      2) утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 08.05.2013 № 142-ОД.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 08.05.2013 № 142-ОД.

      2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере электро- и теплоэнергетики Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции (Токубаева Д.Х.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административной и территориальной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции (Токарева М.А.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      И.о. Председателя