Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 743 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2533 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркелімінде N 2608 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 269-НҚ бұйрығымен өзгеріс енгізілген) бұйрығына :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулыққа:
8-тармақтың 16) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инвестициялық бағдарламалар (жобалар), олар болған жағдайда;";
2) Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы