Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 4) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес, Бұйырамын:
1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 29 сәуiрде N 2256 тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 15 мамырдағы N 20 жарияланған, Агенттiктiң 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ бұйрығымен толықтыру енгiзiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 20 қазанда N 2533 тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 8 қарашада N 45 жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту туралы нұсқаулықтағы:
1) 2-тармақтың 4) тармақшасындағы "4" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;
2) 9-тармақтағы "11), 13)," деген сандар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөнiндегi департаментi (С.П.Григорьева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк және аумақтық жұмыстар департаментi (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
1) оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
5. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның мiндетiн атқарушы