Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01 N 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
30-бабына сәйкес бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2004 жылы 6 маусымдағы N 520
бұйрығымен
енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2383 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылы N 23-24, 860-бетте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өтініштерді қабылдау 15 маусымнан 15 тамызға дейін, түсу емтихандары тамыздың 16-нан 30-на дейін";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Магистранттар қатарына қабылдауды қыркүйектің 10-на дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.".
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министр