N 2383 тіркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2929. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Магистрлерді даярлаудың сапасын одан әрі арттыру мақсатында Бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2383 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында, 2003 ж., 23-24, 860-бет жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерінде:
      2-тармақтағы "жоғары базалық және арнайы жоғары" деген сөздер "кәсіптік жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "даярлау бағыты" деген сөздері "мамандықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы:
      2-абзацтағы "даярлау бағыттарының" сөздері "мамандықтар" сөзімен ауыстырылсын;
      3-абзацтағы "даярлау бағыттары" сөздері "мамандық" сөзімен ауыстырылсын;
      4-абзацтағы "даярлау бағытына" сөздері "мамандыққа" сөзімен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтініштерді қабылдау 15-ші шілдеден 1-і тамызға дейін, түсу емтихандары тамыздың 16-нан 25-не дейін";
      12-тармақтағы "студенттерді" деген сөз "магистранттарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақ алынып тасталсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Магистратураға түсушілер шет тілінен және арнайы пәннен емтихан тапсырады.
      Шет тілі бойынша түсу емтихандарын білім беру саласындағы орталық атқарушы органдар құрған орталықтарда тестілеу нысанында тапсырады.
      Арнайы пән бойынша емтихан кәсіптік жоғары білімнің әрекеттегі деңгейінің оқу бағдарламалары көлемінде жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен өткізіледі.
      Емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.";
      17-тармақ алынып тасталсын;
      18-тармақ алынып тасталсын;
      23-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Шет тілінен және арнайы пәннен түсу емтихандарының қорытындылары бойынша 8-ден төмен балл жинаған (бес баллдық шкала бойынша) азаматтар магистранттар қатарына қабылдауға жіберілмейді.
      Балдары бірдей болған жағдайда кәсіптік жоғары білімі туралы үздік дипломы бар азаматтарға айрықша құқық беріледі.";
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Магистранттар қатарына қабылдау тамыздың 26-нан 30-на дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен жүргізіледі.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3.  

Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

       Министрдің міндетін
      атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады