N 2383 тіркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 683 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3049. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2004 жылы 6 маусымдағы N 520  бұйрығымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 2383 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылы N 23-24, 860-бетте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерінде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Өтініштерді қабылдау 15 маусымнан 15 тамызға дейін, түсу емтихандары тамыздың 16-нан 30-на дейін";
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Магистранттар қатарына қабылдауды қыркүйектің 10-на дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.".
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады