Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережесін бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2383. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Магистратураға қабылдау мәселелерiн реттеу мақсатында және  "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтiк ережесi бекiтiлсiн.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм департаментi (Б.С.Әбдiрәсiлов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр Ғ.М. Мұтановқа жүктелсiн.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2003 жылғы 29 мамырдағы   
N 354 бұйрығымен      
бекітілген         

  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың осы типтік ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзiрленген.

      2. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына кәсіптік жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      3. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар қаражаты  есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Шетел азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдері жоғары ғылыми-педагогикалық білімді Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей алуға құқылы.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда, белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен жасалған келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең білім алу  құқығын пайдалана алады.
      Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарының магистратурасына Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісімдер және келісім шарттар негізінде қабылданады.

      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ведомстволық қарасты жоғары оқу орындарының магистратурасына азаматтарды қабылдау білім беру саласындағы орталық атқарушы органның келісімімен жекелеген нормативтік құжаттармен реттеледі.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 646   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

      6. Жоғары оқу орны магистратураға мамандықтар бойынша оқыту үшін тек тиісті лицензиясы болғанда ғана қабылдауды жариялайды.<*>
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      7. Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жоғары оқу орындарының магистратурасына оқу үшін қабылданатын азаматтар саны білім беру саласындағы орталық атқарушы органымен конкурстық негізде жыл сайын орналастырылатын мемлекеттік тапсырыстың шегінде анықталады.

      8. Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды немесе жеке тұлғаларды шарт негізінде белгіленген жоспардан тыс ақылы оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.

      9. Магистратураға түсу емтихандарын өткізу және қабылдау кезеңінде жоғары оқу орындарында құрамы мен өкілеттілігін жоғары оқу орындарының ректорлары бекітетін қабылдау, пәндік емтихандық және аппеляциялық комиссия құрылады. Жоғары оқу орындарының ректорлары қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.

      10. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы құжат қабылдауға дейін:
      - жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдау ережесін;
      - лицензияға сәйкес қабылдау жариялаған жоғары оқу орындарының мамандықтар тізбесін;
      - әрбір мамандыққа бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылатын орын санын;
      - әрбір мамандыққа түсу емтихандарының тізбесін, олардың бағдарламасын, өткізу ережесін, сондай-ақ түсушілердің   білімін бағалау жүйесін;
      - бюджеттен қаржыландырылатын орындарға қабылдауды ұйымдастыруды;
      - шарт негізінде ақылы оқытуға арналған орындарға қабылдауды ұйымдастыруды;
      -  түсу емтихандарының нәтижелері бойынша шағым-арыздарды беру және тексеру ережесі;
      - жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі;
      - ақылы оқуға түсушілерге арналған шарттың үлгілерін анықтайды және хабарлайды.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      11. Өтініштерді қабылдау 15 маусымнан 15 тамызға дейін, түсу емтихандары тамыздың 16-нан 30-на дейін. Медициналық мамандықтар бойынша өтініштерді қабылдау 15 қыркүйектен 5 қазанға дейін, түсу емтихандары 16-29 қазанда жүргізіледі.
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен 2004 жылғы 13 тамыздағы N 683   бұйрығымен  2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 646   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

  2. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      12. Алдыңғы сатыдағы барлық оқу мерзімі бойынша жалпы рейтингтік балы 4,0-ден төмен азаматтар (5 баллдық жүйе бойынша) мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын магистранттар қатарына қабылдауға жіберілмейді.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      13. <*>
       Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .
      14. Жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына азаматтар магистратураға қабылдау туралы өтінішімен қоса кәсіптік жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа); 3х4 өлшемді 6 фотосурет; 086-У нысанды дәрігерлік анықтамасын ұсынады.

      15. Магистратураға түсушілер шет тілінен және арнайы пәннен емтихан тапсырады.
      Шет тілі бойынша түсу емтихандарын білім беру саласындағы орталық атқарушы органдар құрған орталықтарда тестілеу нысанында тапсырады.
      Арнайы пән бойынша емтихан кәсіптік жоғары білімнің әрекеттегі деңгейінің оқу бағдарламалары көлемінде жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен өткізіледі.
      Емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
       Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      16. Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары базалық және арнайы пәндер бойынша типтік бағдарламалардың негізінде жоғары оқу орындары қалыптастырады.

      17. <*>
       Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      18. <*>
       Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      19. Қабылдау комиссиясының шешімімен келіспеген оқуға түсуші жазбаша шағым арыз беруге құқығы бар.

      20. Аппеляциялық комиссияға тәуелсіз сарапшылар ретінде білім басқармалары органдарының өкілдерін, басқа да білім беру мен ғылыми ұйымдардың ғылым докторлары мен кандидаттарын кіргізуге болады.

      21. Аппеляция қаралғаннан кейін емтихан жұмысын бағалау туралы аппеляциялық комиссияның шешімі шығарылады (оны көтеру, не төмендету жағдайында да).

      22. Аппеляциялық комиссияда қойылған бағаға қатысты келіспеушіліктер туындаған кезде, дауыс беру өткізіледі, ең көп дауыс алған баға бекітіледі.

  3. Магистратураға қабылдау тәртібі

      23. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға магистрлер қатарына қабылдау түсу емтихандарының нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстың нәтижесін шығару кезінде магистрлік білім беру бағдарламаларын игеруге қабілетті және дайын азаматтарды қабылдау қамтамасыз етілуі керек.
      Шет тілінен және арнайы пәннен түсу емтихандарының қорытындылары бойынша 8-ден төмен балл жинаған (бес баллдық шкала бойынша) азаматтар магистранттар қатарына қабылдауға жіберілмейді.
      Баллдары бірдей болған жағдайда кәсіптік жоғары білімі туралы үздік дипломы бар азаматтарға айрықша құқық беріледі.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен .

      24. Магистранттар қатарына қабылдауды қыркүйектің 10-на дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау 1 қарашаға дейін.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520   бұйрығымен 2004 жылғы 13 тамыздағы N 683   бұйрығымен 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 646   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).

      25. Жоғары оқу орындары меншік түріне қарамастан білім беру саласындағы орталық атқару органдарына белгіленген үлгі және мерзім бойынша қабылдауды жүргізгеннен кейін 10 күн уақыт ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жазбаша есеп мәліметін, сондай-ақ магистранттарды тіркеу туралы бұйрықтардың көшірмесін тапсырады.
      26. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өз бетінше шешеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады