Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Құрылуы мен қызметiне орталық депозитарий қатысуға құқылы екендiгi белгiленсiн:
1) рейтингтiк агенттiктердiң;
2) ақпараттық-талдау қызметiн көрсететiн ұйымдардың;
3) орталық депозитарийдiң қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың;
4) клиринг және есеп айырысу ұйымдарының;
5) сауда-саттықты ұйымдастырушылардың;
6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 105 қаулысымен .
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi:
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерi мен орталық депозитарийге жiберсiн.
4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға