Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Агенттiк Басқармасының "Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 3197 тiркелген, "Финансовый вестник" N 12 (12) 2004 жылғы журналында жарияланған) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақта:
5) тармақшада "." деген тыныс белгiсi ";" деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгіне және орталық депозитарийге жiберсiн.
4. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға