Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 271 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3197. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  82-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Құрылуы мен қызметiне орталық депозитарий қатысуға құқылы екендiгi белгiленсiн:
      1) рейтингтiк агенттiктердiң;
      2) ақпараттық-талдау қызметiн көрсететiн ұйымдардың;
      3) орталық депозитарийдiң қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың;
      4) клиринг және есеп айырысу ұйымдарының;
      5) сауда-саттықты ұйымдастырушылардың;
      6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 105   қаулысымен .
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi:
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерi мен орталық депозитарийге жiберсiн.
      4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады