Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 477-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3278. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы N 54-НҚ бұйрығымен.

       Ескерту:   Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы  N 54-НҚ  (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
______________________________

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  13-бабының 4) тармақшасына және Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044  қаулысының  3-тармағына сәйкес, сондай-ақ энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттар енгізген табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу мен бекітудің бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .
      1. Қоса беріліп отырған Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А. Токарева) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Қосымша қуаттарды қосқаны үшін 
тұтынушылардың шығындарын өтеу  
тәртібін көздейтін электр және  
(немесе) жылу энергиясын беру   
жөніндегі қызметтерге тарифтер  
(бағалар, алым ставкаларын)    
бекіту ережесін бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы Табиғи   
монополияларды реттеу агенттігі 
төрағасының 2004 жылғы      
8 желтоқсандағы N 477-НҚ    
бұйрығымен бекітілген      

  Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың
шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе)
жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер
(бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаражаттар енгізген табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылары үшін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) есептеу мен бекітудің (бұдан әрі - тарифтер) бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан, электр және (немесе) жылу энергиясын беруді және (немесе) бөлуді жүзеге асыратын барлық табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қолданылады.

      3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Осы Ережеде пайдаланылып отырған өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

  2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың
шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе)
жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер
бекіту тәртібі

      4. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізген тұтынушы үшін тарифті Субъект есептейді. Тарифті бекіту туралы Субъектінің шешімі тарифтің қолданылуы мерзімі көрсетілген Субъектінің бірінші басшысының бұйрығы түрінде қабылданады. Тарифті бекіту туралы бұйрықты Субъект қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізгенін растайтын, есептер мен негіздеуші құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойылған күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде келісу үшін уәкілетті органға жібереді.
      Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф қолданысының мерзімін қайта қараған жағдайда, Субъект тарифті бекіту туралы бұйрыққа тиісті өзгеріс енгізеді және оны уәкілетті органға келісуге береді.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

      5. Уәкілетті орган Субъект ұсынған шешім мен негіздеуші материалдарға тиісті материалдардың уәкілетті органға түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде сараптама жүргізеді.

      6. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган жазбаша түрде қосымша ақпарат, оның ұсынылу мерзімін көрсете отырып, сұратады.
      Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.

      7. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізген тұтынушыға, осы тұтынушы үшін Субъектінің бұйрығымен бекітілген тарифті ескере отырып, Субъекті мен тұтынушы арасындағы жасалған шартқа қосымша негізінде тариф бекітілген айдан кейінгі айдың 1 күнінен бастап, электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

      8. Субъект қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушының назарына тарифті төмендету туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізеді.      

  3. Тұтынушылардың қосымша қуаттарды қосқаны үшін
шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және жылу
энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтің
деңгейін есептеу тәртібі

      9. Табиғи монополия субъектісінің уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданылу кезеңінде алған табыстары жылдық амортизация сомасының елу проценті кемітілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға тиіс.
      Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф ең аз мүмкін болатын шекті тарифтің (Т1) деңгейінде белгіленеді және мынадай формула бойынша есептеледі:
             Т х V - (П + А) 
      Т1 = ------------------, мұндағы
                    V
 

      Т1 - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф (ең аз мүмкін болатын шекті тарифтің деңгейі), теңге;
      Т - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тариф;
      V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
      П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
      А - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

      9-1. Негізгі құралдары сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған Субъекті үшін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифте электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсеткен кезде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары ескерілмеген жағдайда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф (Т1) мына формула бойынша есептеледі:

             Т х V - (П + 0,5 х З жалд.)
      Т1 = [-----------------------------], мұндағы
                         V

      Т1 - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф, теңге;
      Т - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тариф;
      V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
      П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
      З жалд. - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтік сметада ескерілген негізгі құралдарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығыстар, теңге.
       Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

      10. Субъект қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушының шығындарын өтеуді көздейтін тарифтің қолданылу кезеңін мынадай формула бойынша айқындайды:

                 S вл.
      n = ------------------, мұндағы
          (Т - Т1) * Vпотр.

      n - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушының шығындарын өтеуді көздейтін тарифтің қолданылу кезеңі;
      S вл. - тұтынушылар электр және жылу энергиясын тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта құрылымдауға бағытталған, қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы түрінде заңнамада белгіленген тәртіппен енгізген ақша қаражаттарының сомасы, теңге;
      V потр. - ниет хаттамаларымен, шарттармен, даму жоспарларымен және басқа да құжаттармен расталған қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы енгізген тұтынушының электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді тұтынуының болжамды жылдық көлемі.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

      11. Субъект:
      1) осы Ереженің 10-тармағына сәйкес тариф қолданысының кезеңін бастапқы айқындаған кезде ескерілген тұтыну көлемінен қызметтерді тұтынудың іс жүзіндегі жылдық көлемінен ауытқыған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарифті немесе оның шекті деңгейін уәкілетті орган бекіткен жағдайда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңін қайта қарайды.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

      11-1. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңінде Субъект уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тариф немесе оның шекті деңгейін бекітуге арналған өтініммен жүгінуге құқылы.
      Бұл ретте жаңа тарифтің деңгейін негіздеуге алынған Субъект көрсететін қызметтердің көлеміне қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы енгізген тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді тұтынудың жиынтық болжамды көлемі қосылады.
       Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

      11-2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңінде Субъект жыл сайын (және тарифті қолданысқа енгізген күннен бастап өспелі қорытындысымен) Субъект бекіткен тарифті ескере отырып осы тұтынушыға электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтердің іс жүзінде ұсынылған көлемі және тұтынушыға іс жүзінде ұсынылған қызметтер көлемінің туындысы ретінде айқындайтын және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтің (Т) және қосымша қуаттарды қосқаны үшін шығындардың өтеуін көздейтін тарифтің (Т1) арасындағы айырмашылықты қайтару сомасы туралы ақпаратты қорытындылайды.
      Субъект ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы енгізген тұтынушыларға электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтердің іс жүзінде ұсынылған көлемдері туралы тұтынушылар бойынша бөле отырып және өткен күнтізбелік жыл үшін қайтару сомаларын және тарифті қолданысқа енгізген күннен бастап өспелі қорытындысымен жинақталған ақпаратты ұсынады.
       Ескерту: 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ   бұйрығымен .

  4. Осы Ереженің бұзылғаны үшін жауапкершілік

      12. Осы Ережені бұзуға жол берген Субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.

Об утверждении Правил утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги по передаче электрической и (или) тепловой энергии, предусматривающих порядок компенсирования затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 8 декабря 2004 года N 477-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2004 года за N 3278. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 21 февраля 2007 года N 54-ОД

       Сноска. Приказ Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 8 декабря 2004 года N 477-ОД утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 21 февраля 2007 года N  54-ОД  (вводится в действие со дня его официального опубликования).

      

      В соответствии с подпунктом 4)  статьи 13  Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" и пунктом 3  постановления  Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2004 года N 1044 "Об утверждении Правил присоединения дополнительных мощностей и компенсирования затрат для реконструкции и расширения объектов электроэнергетических установок", а также в целях определения единого порядка расчета и утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги по передаче электрической и (или) тепловой энергии для потребителей субъектов естественной монополии, внесших в установленном законодательством порядке средства в виде платы за присоединение дополнительных мощностей, направленные на расширение и реконструкцию сетей транспортировки энергии, приказываю:  <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      1. Утвердить прилагаемые Правила утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги  по передаче электрической и (или) тепловой энергии, предусматривающих порядок компенсирования затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей.
      2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере электро- и теплоэнергетики Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Токубаеву Д.Х.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административной и территориальной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Токарева М.А.) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      1) обеспечить в установленном порядке опубликование настоящего приказа в официальных средствах массовой информации;
      2) довести настоящий приказ до сведения структурных подразделений и территориальных  органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Алдабергенова Н.Ш.
      5. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       Председатель

      

Утверждены                
приказом Председателя Агентства      
Республики Казахстан по регулированию   
естественных монополий           
от 8 декабря 2005 года 2004 года N 477-ОД  
"Об утверждении Правил утверждения     
тарифов (цен, ставок сборов) на услуги   
по передаче электрической и (или)     
тепловой энергии, предусматривающих    
порядок компенсирования затрат потребителей
за присоединение дополнительных мощностей" 

      

Правила 
утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги
по передаче электрической и (или) тепловой энергии,
предусматривающих порядок компенсирования затрат
потребителей за присоединение дополнительных мощностей

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги по передаче электрической и (или) тепловой энергии, предусматривающих порядок компенсирования затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О естественных монополиях" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан с целью определения единого порядка расчета и утверждения тарифов (цен, ставок сборов) на услуги по передаче электрической и (или) тепловой энергии для потребителей субъектов естественной монополии, внесших в установленном законодательством порядке средства в виде платы за присоединение дополнительных мощностей, направленные на расширение и реконструкцию сетей транспортировки энергии (далее - тарифы).
      2. Настоящие Правила распространяются на всех субъектов естественной монополии, независимо от форм собственности, осуществляющих передачу и (или) распределение электрической и (или) тепловой энергии (далее - Субъект).
      3. В Правилах используются следующие понятия:
      уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий контроль и регулирование деятельности в сфере естественной монополии.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      

2. Порядок утверждения тарифов на услуги
по передаче электрической и (или) тепловой энергии,
предусматривающих порядок компенсирования затрат
потребителей за присоединение
дополнительных мощностей

      4. Для потребителя, внесшего плату за присоединение дополнительных мощностей, тариф рассчитывается Субъектом. Решение Субъекта об утверждении тарифа принимается в виде приказа первого руководителя Субъекта, с указанием срока действия тарифа. Приказ об утверждении тарифа направляется Субъектом в уполномоченный орган для согласования в течение 2 рабочих дней со дня его подписания с приложением расчетов и обосновывающих документов, подтверждающих внесение платы за присоединение дополнительных мощностей. 
       В случае пересмотра срока действия тарифа, предусматривающего компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей, Субъект вносит соответствующее изменение в приказ об утверждении тарифа и представляет его в уполномоченный орган на согласование.  <*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).       
      5. Уполномоченный орган проводит экспертизу предоставленных Субъектом решения и обосновывающих материалов в течение 10 рабочих дней со дня поступления соответствующих материалов в уполномоченный орган.
      6. При необходимости уполномоченный орган письменно запрашивает дополнительную информацию с указанием сроков ее предоставления.
      Информация, составляющая коммерческую тайну, не может служить основанием для отказа в ее предоставлении уполномоченному органу.
      7. Субъект оказывает услуги по передаче и (или) распределению электрической и (или) тепловой энергии потребителю, внесшему плату за присоединение дополнительных мощностей, с учетом тарифа, утвержденного для данного потребителя приказом Субъекта, на основании дополнения к договору, заключенного между Субъектом и потребителем, с 1 числа месяца, следующего за месяцем утверждения тарифа.
      8. Субъект доводит до сведения потребителя, внесшего плату за присоединение дополнительных мощностей, информацию о снижении тарифа не позднее, чем за 10 календарных дней до введения их в действие.

      

3. Порядок расчета уровня тарифа на услуги
по передаче электрической и (или) тепловой энергии,
предусматривающих порядок компенсирования затрат
потребителей за присоединение
дополнительных мощностей

      9. Доход, получаемый субъектом естественной монополии в период действия временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора) должен быть не ниже стоимости затрат, необходимых для предоставления услуг (товаров, работ) за минусом пятидесяти процентов от суммы годовой амортизации.
      Тариф, предусматривающий компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей, устанавливается на уровне минимально возможного предельного тарифа (Т1) и рассчитывается по формуле:

             Т х V - (П + А)
      Т1 = -------------------- , где
                    V                    

      Т1 - тариф, предусматривающий компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей (минимально возможный предельный уровень тарифа), тенге;
      Т - действующий тариф, утвержденный в установленном законодательством порядке;
      V - годовой объем услуг (товаров, работ), учтенный в утвержденной тарифной смете;
      П - прибыль, учтенная в утвержденной тарифной смете, тенге;
      А - годовая амортизация, учтенная в утвержденной тарифной смете, тенге.  <*>
      Сноска. В пункт внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      9-1. Для Субъекта, основные средства которого получены в доверительное управление, имущественный найм, по лизингу, в случае, когда в действующем тарифе, утвержденном в установленном законодательством порядке, не учтены амортизационные отчисления основных средств, используемых при оказании услуг по передаче электрической и (или) тепловой энергии, тариф, предусматривающий компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей (Т1) рассчитывается по формуле:
 

                 Т х V - (П + 0,5 х З аренд.)
         Т1 = [---------------------------------] , где
                            V                         

      Т1 - тариф, предусматривающий компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей, тенге;
      Т - действующий тариф, утвержденный в установленном законодательством порядке;
      V - годовой объем услуг (товаров, работ), учтенный в утвержденной тарифной смете;
      П - прибыль, учтенная в утвержденной тарифной смете, тенге;
      З аренд  - расходы на выплату арендной платы за пользование основными средствами,  учтенные в утвержденной тарифной смете в установленном законодательством порядке, тенге.  <*>
      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      10. Субъектом определяется период действия тарифа, предусматривающего компенсирование затрат потребителя за присоединение дополнительных мощностей, по формуле:

                   S вл.
           n = ----------------    , где
              (Т - Т1) * V потр.

      n - период действия тарифа, предусматривающего компенсирование затрат потребителя за присоединение дополнительных мощностей;
      S вл. - сумма денежных средств, внесенных потребителем в установленном законодательством порядке в виде платы за присоединение дополнительных мощностей, направленные на расширение и реконструкцию сетей транспортировки электрической и (или) тепловой энергии, тенге;
      V потр. - прогнозный годовой объем потребления услуг по передаче электрической и (или) тепловой энергии потребителя, внесшего плату за присоединение дополнительных мощностей, подтвержденный протоколами намерений, договорами, планами развития и другими документами.  <*>
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      11. Субъект пересматривает период действия тарифа, предусматривающего компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей в случае:
      1) отклонения фактического годового объема потребления услуг от объема потребления, учтенного при первоначальном определении периода действия тарифа в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил;
      2) утверждения уполномоченным органом тарифа или его предельного уровня в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. Пункт 11 в редакции - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N   291-ОД (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).
       11-1. В период действия тарифа, предусматривающего компенсирование затрат потребителей за присоединение дополнительных мощностей, Субъект вправе обратиться в уполномоченный орган с заявкой на утверждение тарифа или его предельного уровня на услуги по передаче электрической и (или) тепловой энергии в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      При этом, в объем оказываемых Субъектом услуг, принятый в обоснование уровня нового тарифа, включается суммарный прогнозный объем потребления услуг по передаче электрической и (или) тепловой энергии потребителями, внесшими плату за присоединение дополнительных мощностей.  <*>
      Сноска. Глава дополнена пунктом 11-1 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).
      11-2. Субъект в период действия тарифа, предусматривающего компенсирование затрат потребителя за присоединение дополнительных мощностей, ежегодно (и с нарастающим итогом со дня введения в действие тарифа) обобщает информацию о фактически предоставленных данному потребителю объемах услуг по передаче электрической и (или) тепловой энергии с учетом утвержденного Субъектом тарифа, и сумме возврата, определяемой как произведение фактически предоставленного потребителю объема услуг и разницы между тарифом (Т), утвержденным в установленном законодательством порядке, и тарифом, предусматривающим компенсирование затрат за присоединение дополнительных мощностей (Т1).
      Субъект до 1 марта текущего года представляет в уполномоченный орган обобщенную информацию с разбивкой по потребителям о фактически предоставленных потребителям, внесшим плату за присоединение дополнительных мощностей, объемах услуг по передаче электрической и (или) тепловой энергии и сумм возврата за предыдущий календарный год и с нарастающим итогом со дня введения в действие тарифа.  <*>
      Сноска. Глава дополнена пунктом 11-2 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 3 октября 2005 года N  291-ОД  (вводится в действие со дня гос. регистрации в МЮ РК).

      

4. Ответственность за нарушение настоящих Правил

      12. Субъекты, допустившие нарушение настоящих Правил могут быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.