Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 21 ақпандағы N 54-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
______________________________
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына, "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 477-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3278 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде "тармақшасына" деген сөзден кейін "және Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысының 3-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртібін көздейтін электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесінде:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуді көздейтін тариф қолданысының мерзімін қайта қараған жағдайда, Субъект тарифті бекіту туралы бұйрыққа тиісті өзгеріс енгізеді және оны уәкілетті органға келісуге береді.";
9-тармақтағы:
Т х V - (П + 0,5 х А) (100+к)
Т1 = [-----------------------] х [--------] формула
V 100
Т х V - (П + А)
"Т1 = ------------------ "
V
формуламен ауыстырылсын;
"к - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешім қабылданған күнгі қайта қаржыландыру ставкасы, %-пен." деген сөздер алынып тасталсын;
сегізінші абзацтағы ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:
"9-1. Негізгі құралдары сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған Субъекті үшін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифте электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсеткен кезде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары ескерілмеген жағдайда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф (Т1) мына формула бойынша есептеледі:
Т х V - (П + 0,5 х З жалд.)
Т1 = [-----------------------------], мұндағы
V
Т1 - қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф, теңге;
Т - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тариф;
V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
П - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда, теңге;
З жалд. - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтік сметада ескерілген негізгі құралдарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығыстар, теңге.";
10-тармақта:
"Уәкілетті орган" деген сөздер "Субъект" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тұтынушылардың" деген сөз "тұтынушының" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жылдық" деген сөз "болжамды жылдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бекітілген тарифтік сметада көзделген" деген сөздер "ниет хаттамаларымен, шарттармен, даму жоспарларымен және басқа да құжаттармен расталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Субъект:
1) осы Ереженің 10-тармағына сәйкес тариф қолданысының кезеңін бастапқы айқындаған кезде ескерілген тұтыну көлемінен қызметтерді тұтынудың іс жүзіндегі жылдық көлемінен ауытқыған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тарифті немесе оның шекті деңгейін уәкілетті орган бекіткен жағдайда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңін қайта қарайды.";
Мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2-тармақтармен толықтырылсын:
"11-1. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңінде Субъект уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тариф немесе оның шекті деңгейін бекітуге арналған өтініммен жүгінуге құқылы.
Бұл ретте жаңа тарифтің деңгейін негіздеуге алынған Субъект көрсететін қызметтердің көлеміне қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы енгізген тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтерді тұтынудың жиынтық болжамды көлемі қосылады.
11-2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардың шығындарын өтеуін көздейтін тариф қолданысының кезеңінде Субъект жыл сайын (және тарифті қолданысқа енгізген күннен бастап өспелі қорытындысымен) Субъект бекіткен тарифті ескере отырып осы тұтынушыға электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтердің іс жүзінде ұсынылған көлемі және тұтынушыға іс жүзінде ұсынылған қызметтер көлемінің туындысы ретінде айқындайтын және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтің (Т) және қосымша қуаттарды қосқаны үшін шығындардың өтеуін көздейтін тарифтің (Т1) арасындағы айырмашылықты қайтару сомасы туралы ақпаратты қорытындылайды.
Субъект ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы енгізген тұтынушыларға электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтердің іс жүзінде ұсынылған көлемдері туралы тұтынушылар бойынша бөле отырып және өткен күнтізбелік жыл үшін қайтару сомаларын және тарифті қолданысқа енгізген күннен бастап өспелі қорытындысымен жинақталған ақпаратты ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға