"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3345

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде N 21-24, 926 бетте басылған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2804 нөмірімен тіркелген 2004 жылғы 29 сәуірдегі Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының N 373  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
     5-тармақта:
     "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде N 1114 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасының білім беретін мектептер оқушыларының 1999-2000 оқу жылын аяқтау және емтихандар өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 124  бұйрығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушыларын ауыстыру, қорытынды аттестаттау және бітіру тәртібі туралы нұсқаулықпен (бұдан әрі - Нұсқаулық)" деген сөздер "Министрлік бекітетін "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау өткізу ережесі" (бұдан әрі - Қорытынды аттестаттау ережесі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     6-тармақта:
     "жоғары оқу орындарының қызметкерлері" деген сөздер "білім беру ұйымдарының қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

     13-тармақта:
     "Нұсқаулық" деген сөз "Қорытынды аттестаттау Ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

     14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "14. Жалпы білім беру ұйымдарының халықаралық айырбас желісі бойынша шетелде оқитын мектеп бітірушілерін, ҰБТ-ға қатыспаған өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерін бітірген мектеп бітірушілерін, республикалық музыка мектеп-интернаттарын бітірушілерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау Қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес өткізіледі. Бұл мектеп бітірушілер республиканың жоғары оқу орындары мен колледждеріне Үлгі ережесіне сәйкес түсу құқығына ие.";

     мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
     "14-1. Ағымдағы жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылар ҰБТ-ны тапсырудан босатылады.";

     16-тармақта:
     "15 наурыздан 15 мамырға дейін" деген сөздер "1 наурыздан 30 сәуірге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "21. ҰБТ-ның қорытындылары конкурстық комиссия үшін 120 баллдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Баллдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілейтін шкалаға сәйкес МК жүргізеді.";

     23-тармақта:
     "Апелляциялық комиссияның төрағасы және оның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі" деген сөздер "Апелляциялық комиссияның төрағасын Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамын - жергілікті білім беруді басқару органдары бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

     31-тармақта:
     "ҰБТӨП-тің мөрімен бекітіледі" деген сөздер "Базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орнының немесе жергілікті білім беруді басқару органының мөрімен бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін.

     Министр

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2004 года № 213 "Об утверждении Правил организации и проведения единого национального тестирования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года N 1057. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2005 года N 3345

     ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Внести в приказ  Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2004 года № 213 "Об утверждении Правил организации и проведения единого национального тестирования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2804, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, № 21-24, ст. 926, внесены изменения приказом  и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года № 373, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2837, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, № 21-24, ст. 928) следующие изменения и дополнения:
     в Правилах организации и проведения единого национального тестирования, утвержденных указанным приказом:
     в пункте 5:
     слова "Инструкцией о порядке перевода, итоговой аттестации и выпуска учащихся организаций образования Республики Казахстан, утвержденной приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 февраля 2000 года № 124 "О завершении 1999-2000 учебного года и проведении экзаменов учащихся образовательных школ Республики Казахстан", зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 апреля 2000 года № 1114 (далее - Инструкция)" заменить словами "Правилами проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой государственной аттестации обучающихся, утверждаемыми Министерством (далее - Правилами итоговой аттестации)";
     в пункте 6:
     слова "работников вузов" заменить словами "работников организаций образования";
     в пункте 13:
     слова "Инструкцией" заменить словами "Правилами итоговой аттестации";
     пункт 14 изложить в следующей редакции:
     "14. Итоговая государственная аттестация выпускников общеобразовательных организаций образования, обучавшихся по линии международного обмена школьников за рубежом, выпускников школ с узбекским, уйгурским и таджикским языками обучения, не принявших участие в ЕНТ, выпускников республиканских музыкальных школ-интернатов проводится в соответствии с Правилами итоговой аттестации. Эти выпускники имеют право поступления в вузы и колледжи республики в соответствии с Типовыми правилами.";
     дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:
     "14-1. Участники международных олимпиад по общеобразовательным предметам текущего года освобождаются от сдачи ЕНТ.";
     в пункте 16:
     слова "с 15 марта по 15 мая" заменить словами "с 1 марта по 30 апреля";
     пункт 21 изложить в следующей редакции:
     "21. Результаты ЕНТ оцениваются по 120-балльной системе для конкурсной комиссии и отметками по пятибалльной системе для получения аттестата о среднем общем образовании. Перевод баллов в отметки производится ГК в соответствии со шкалой, устанавливаемой Министерством.";
     в пункте 23:
     слова "Председатель апелляционной комиссии и ее состав утверждается приказом Министра" заменить словами "Председатель апелляционной комиссии утверждается приказом Министра, а ее состав - местными органами управления образованием";
     в пункте 31:
     слова "скрепляется печатью ППЕНТ" заменить словами "скрепляется печатью высшего учебного заведения, на базе которого организован ПП ЕНТ или местного органа управления образованием".

     2. Комитету по надзору и аттестации в сфере образования и науки Республики Казахстан (Б. Абдрасилов) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан с последующим опубликованием в средствах массовой информации.

     3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации.

     4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра К.Шамшидинову.

     Министр